Stihl MS 361 18" 11352000519 Инструкция к Stihl MS 361-18" 11352000326z онлайн [16/112] 834215

Stihl MS 361 18
MS 361
қазақ
14
Келесі жұмыс орнына дейінгі
қашықтық кемінде ағаштың
ұзындығының 2 1/2 бөлігін құрайды.
Құлау бағытын және аулақ кету
жолын анықтау
Ағаш құлап кете алатын ағаштардың
арасындағы саңылауды таңдау керек.
Бұл ретте келесі жайттарға назар
аударғаныңыз жөн:
Ағаштың табиғи еңісі,
Тым қатты бұтақтану,
ассиметриялы өсу, сүректің
бұзылуы,
Желдің бағыты мен жылдамдығы
- жел қатты болса ағаштарды
құлатуға болмайды,
Ағаш еңісінің бағыты,
Көршілес ағаштар,
Қар жүктемесі,
Ағаштың санитарлық күйі -
діңгектің бұзылуына немесе
қурап қалған ағаштарға (қураған,
шіріген немесе өспейтін сүрек)
айрықша назар аударыңыз
A Ағаш құлату бағыты
B Аулақ кету жолы (эвакуация
жолы)
Әрбір жұмысшыға ағаштың құлау
бағытына қарсы 45°
шамасындағы бұрыш астында
аулақ кету жолын анықтау керек.
Аулақ кету жолын тазалап,
кедергілерді кетіру керек.
Құрал-саймандар мен
агрегаттарды қауіпсіз қашықтыққа
қоя тұрыңыз, бірақ эвакуация
жолдарына қоймаңыз.
Ағашты құлатқан кезде, құлап
жатқан ағаштың бүйір жағында
ғана тұру керек және тек қана
эвакуация жолымен бүйір жақтан
кері оралу қажет.
Эвакуация жолының құлама
еңісінде еңіске параллель түрде
салу керек
Қайтар жолда құлап жатқан
бұтақтарға назар аударыңыз
және ағаштардың ұшар басының
таралуын бақылаңыз
Ағаш деңгегінің жанындағы жұмыс
аумағын дайындау
Ағаш діңгегінің жанындағы жұмыс
аумағын кедергі келтіретін
бұтақтардан, бұталардан және
басқа да кедергілерден тазарту
керек - әрбір қатысушы орнықты
жұмыс күйінде тұруы тиіс
Діңгектің тамырға тағылған жерін
жақсылап тазарту керек (мысалы
балтаның көмегімен) - құм, тастар
және басқа да бөгде заттар ара
шынжырын бітеп тастайды.
Тамыр жанындағы көптеп қаптап
кеткен жерлерді аралап кесу
қажет: ең біріншіден тамыр
жанындағы көптеп қаптап кеткен
жерлерді аралап кесу керек,
алдымен тік күйде, кейін
көлденең күйде кесіңіз, бұл ретте
тек қана сау ағашты кесуге
болады
001BA088 LÄ
2
/
1
2
1 1
/
1
2
B
001BA040 KN
A
45°
45°
B
001BA146 KN

Похожие устройства

Скачать