Stihl MS 361 18" 11352000519 Инструкция к Stihl MS 361-18" 11352000326z онлайн [32/112] 834215

Stihl MS 361 18
MS 361
қазақ
30
Араның беріліс күші аса жеткілікті
болса, ара шынжырының тежегіші
қорғаныш қалқаншасының түсіретін
салмағы инерциясының ықпалымен
шынжырды автоматты түрде
бұғаттайды: қорғаныш қалқаншасы
шинаның басына қарай алдына қарай
үдетіледі - егер де сол қол қорғаныш
қалқаншасының артындағы түтікшелі
тұтқышта болмаса, мысалы ағаш
құлатқан кезде.
Ара шынжырының тежегіші, сол
қолдың алдындағы қорғаныш
қалқаншасының құрылымына қандай
да бір өзгерістер енгізілмегенде ғана
жұмыс істейді.
Ара шынжырының тежегішінің
жұмысын тексеріңіз
Әрбір жұмыс бастаудың алдында:
мотор бос жүрісте жұмыс істеген
кезде ара шынжырын бұғаттаңыз
(қорғаныш қалқаншасын шинаның
басына қысыңыз) және қысқа мерзім
бойы газға барынша басыңыз (ең көбі
3 сек.) - ара шынжыры қозғалмауы
тиіс. Сол қолдың алдындағы
қорғаныш қалқаншасы әрдайым
кірден тазартылып тұруы керек және
оңай орын ауыстыруы қажет.
Ара шынжырының тежегішіне
техникалық қызмет көрсету
Ара шынжырының тежегіші,
үйкелістің салдарынан тозуға төзімді
болып келеді (табиғи тозу). Тежегіш
өзінің функциясын орындауы үшін,
үйретілген қызметкерлер құрамы оған
техникалық қызмет көрсетіп,
техникалық күтім жасауы керек. STIHL
фирмасы техникалық қызмет көрсету
және жөндеу жұмыстарын тек қана
STIHL фирмасының сауда-агенті-
маманына тапсыруыңызға ұсыныс
береді. Келесі аралықтарды
сақтауыңыз қажет:
Карбюраторды алдын-ала жылыту
қажет
10 °C төмен температурада
N (1) Қиыстырылған кілттің немесе
бұрауыштың
көмегімен ысырманы s (Жаз
мезгіліндегі жұмыс) күйінен
ауыстырыңыз
N Бағыттауышын жоғары қаратып
ысырманы r (Қыс мезгіліндегі
жұмыс) күйіне орнатыңыз – r
Бүкіл жұмыс күні бойы
қолдану:
тоқсан сайын
Жартылай кәсіби
түрде қолдану:
әрбір жарты
жыл сайын
Кездейсоқ жұмыстар: жылына бір
рет
Қыс мезгілінде жұмыс істеуі
213BA024 KN
1
213BA025 KN

Похожие устройства

Скачать