Stihl MS 361 18" 11352000519 Инструкция к Stihl MS 361-18" 11352000326z онлайн [45/112] 834215

Stihl MS 361 18
MS 361
қазақ
43
Ара шынжырының барлық тістерінің
бұрыштары бірдей болуы тиіс.
Бұрыштары бірдей болмаған кезде:
шынжыр қадамы қиын қозғалады,
әркелкі болады, қатты тозады, тіпті
ара шынжыры үзіліп те кетуі мүмкін.
Егеудің ұстағышы
N Егеулердің ұстағыштарын
қолданыңыз
Ара шынжырын тек қана егеудің
ұстағышын қолдана отырып қолмен
егеңіз (арнайы құрал-сайман, "Егеуге
арналған құрал-саймандар" кестесін
қараңыз). Егеулердің
ұстағыштарында егеу бұрышына
арналған таңбаламалар белгіленген.
Ара шынжырларын егеуге арналған
арнайы егеулерді ғана қолданыңыз!
Басқа егеулер өздерінің пішіні мен
түрі бойынша ара шынжырларын
егеуге жарамсыз болып келеді.
Бұрыштарды бақылаған кезде
STlHL егеу шаблонын пайдаланыңыз
(арнайы құрал-сайман, "Егеуге
арналған құрал-саймандар" кестесін
қараңыз) - егеу бұрышын және
алдыңғы бұрышты, тереңдіктің
шектегішінің биіктігін, тістің
ұзындығын, қуыстың тереңдігін
бақылауға қуыстарды және кіріс май
саңылауларын тазартуға арналған
әмбебап құрал-сайман.
Дұрыс егеу
N Ара шынжырының қадамына
сәйкес егеуге арналған құрал-
сайманды таңдаңыз
N Қажет болса, бағыттауыш
шинаны бекітіп қойыңыз
N Ара шынжырын бұғаттаңыз - қол
қорғанышын алдына қарай
шығарыңыз
N Шынжырды одан әрі тарту үшін,
қол қорғанышын түтікшелі тұтқаға
қарай тартыңыз. ара
шынжырының тежегіші түсірулі.
Ара шынжырының QuickStop
тежегіш жүйесінде газ иінтірегінің
тежеушісін қосымша ретте басу
керек.
N Жиірек егеп тұру керек, бірақ
материалды аздап алу қажет -
қарапайым қосымша егеуге екі
немесе үш егеу әрекеті де
жеткілікті болады
N Егеудің бағыты: көлденең
(бағыттауыш шинаның бүйірлік
қабатына тік бұрышпен),
сәйкесінше белгіленген
бұрыштарға - егеудің
ұстағышындағы таңбаламаларға
сәйкес - егеудің ұстағышын тістің
арқалығына және тереңдіктің
шектегішіне қойыңыз
N Ішкері жақтан тысқары егеңіз
N Егеу тек қана алдына қарай
қозғалған кезде егейді - артқа
жіберген кезде егеуді
көтеріңкіреңіз
689BA025 KN
001BA203 KN
689BA018 KN
90°
689BA043 KN

Похожие устройства

Скачать