Термекс Balance 4500 ЭдЭБ01713 Инструкция по эксплуатации онлайн [30/57] 835826

Термекс Balance 4500 ЭдЭБ01713 Инструкция по эксплуатации онлайн [30/57] 835826
29
9. ПАЙДАЛАНУ
АЭСЖ-дағы су жылыту элементтері орналасқан ыстыққа төзімді пластиктен
жасалған қыздырғыш колбадан өте отырып, тез арада жылиды. Қажетті темпера-
тураға су ағынын реттеумен (судың «қысымының» төмендеуімен/ жоғарылауымен)
қол жеткізіледі. Су құбыры суының температурасы жыл бойы айтарлықтай
ауытқуы мүмкін: қыста 5°С-тан жазда 20°С-қа дейін. Сондықтан, АЭСЖ
шығысындағы судың температурасы бірдей болғанда қыста су ағыны жазға
қарағанда айтарлықтай аз болуы мүмкін.
Егер Сіз АЭСЖ ұзақ уақыт пайдалануды жоспарламайтын болсаңыз,
онда оны желіден ажыратып қою қажет.
Егер сіз АЭСЖ қысқы кезеңде пайдаланбайтын болсаңыз және су
магистральдары мен су жылытқыштың өзінің қатып қалу ықтималдылығы болатын
болса, АЭСЖ қорегін өшіру және суын төгіп тастау керек.
THERMEX Balance 4500 және THERMEX Balance 6000 (жабық типтегі аспаптар)
үлгілерін пайдалану:
5. Су ағыны АЭСЖ шығысындағы араластырғышта (4-сурет, 7 т.) ыстық су
кранымен бақыланады. Су ағынын азайта отырып, сіз шығысындағы
судың температурасын арттырасыз, және осыған сәйкес, керісінше.
6. Қуаты мен жұмыс қысымының 1-кестенің деректеріне сәйкес келетіндігіне
көз жеткізіңіз. АЭСЖ қосу және жылыту автоматты түрде жүзеге асады,
бұл ретте беттік панельдегі индикатор шамы (4-сурет, 8 т.) жанады.
7. Жылыту басталғаннан кейін жылытылатын судың температурасы
тұрақтануы үшін 10-20 секунд күту керек.
8. Су жылытқышты өшіру үшін араластырғыштағы ыстық су кранын (4-сурет,
7 т.) жабу қажет, қысым датчигі автоматты түрде электр энергиясын
жылыту элементіне беру тізбегін тұйықтайды, бұл ретте беттік панельдегі
индикатор шамы сөнеді (4-сурет, 8 т.)
ы
KZ

Похожие устройства

Скачать