Alteco ACO 30L 63424 Инструкция онлайн [4/20] 836205

Alteco ACO 30L 63424 Инструкция онлайн [4/20] 836205
KZ
alteco.hk4
Ауа компрессорларын пайдалану алдында жану, электр тоғымен жарақаттану
қаупін азайту және құралға зиян келтіру мүмкіндігін төмендету мақсатында
барлық қажетті сақтық шаралар қолданылуы тиіс. Бұл сақтық шаралары төменде
көрсетілген тармақтарды қамтиды.
Жеке қауіпсіздік
Қорғаныс көзілдірігін қолданыңыз. Шаңдылық деңгейінің жоғары болу
жағдайында арнайы сүзгіш бетпердені қолданыңыз.
Арнайы киім киіңіз. Жабдықтың айналмалы бөліктеріне ілініп қалуы мүмкін бос
киім мен зергерлік бұйымдарды киюге кеңес берілмейді.
Жұмыс кезінде арнайы қорғайтын қолғап және тайғанамайтын аяқ киім кию
жөн. Егер шашыңыз ұзын болса, оларды бас киімнің астына жинау қажет.
Салауатты пайым қағидаларын басшылыққа алыңыз. Егер сіз шаршап тұрсаңыз,
мас күйінде немесе дәрілік заттың әсерінде болсаңыз компрессормен жұмыс
істемеңіз.
Қуат беруші кабель құралдың әрекет ету аймағынан тыс жерде болуын
қадағалаңыз.
Ауа компрессорларын ешқашан электр қуат беру баусымынан тартып
тасымалдамаңыз. Айырды розеткадан алу үшін баусымды жұлқымаңыз.
Баусымды жоғары температурадан, майлау материалдары мен өткір шеттері
бар заттардың әсерінен қорғаңыз.
Құралдың бетінде көзге көрінетін ақаулардың бар болуын, сонымен қатар
барлық функциялар мен тетіктердің дұрыс жұмыс жасауын тексеріңіз.
Егер қандай да бір бөлшектерге зақым келтірілсе, олар құралға қызмет көрсету
мен жөндеудің арнайы авторизацияланған орталығында жөнделуі немесе
ауыстырылуы тиіс.
Жұмыс кезінде Сіздің дене қалпыңыз әрдайым тұрақты әрі қауіпсіз болуы үшін
тепе-теңдікті сақтауға тырысыңыз.
Жұмыс орны
Жұмыс орнында жинақылықтың жоқ болуы жазатайым оқиғаның пайда болу
қаупін төндіреді.
Электр тоғының соғуынан абай болыңыз. Жерге тұйықталған құрылымдармен,
мысалы, құбырлармен, радиаторлармен, ас үй плитасымен, тоңазытқыш
корпусымен жанасудан аулақ болыңыз.
Құралдарды балалардан алыс қойыңыз. Бөтен адамдарға сіздің жұмыс
орныңызға жақын болуына рұқсат бермеңіз.
Қауіпсіздік шаралары

Похожие устройства

Скачать