Centek циклон CT-2524 Black/Grey Инструкция к товару онлайн [8/24] 836980

Centek циклон CT-2524 Black/Grey Инструкция к товару онлайн [8/24] 836980
8
5. АСПАПТЫҢ КҮТІМІ
Сіздің шаңсорғышыңыз сүзгілердің 3 типімен жарақтандырылған:
1. Кірмелі поролон сүзгі.
2. Тоқыма емес талшықты сүзгі.
3. Шықпалы, тиімділігі жоғары HEPA-сүзгі.
Кіріс сүзгілерін алу үшін сізге қажет:
- бекіту батырмасына басып, аспаптың корпусынан шаң жинағышты алу (11);
-
шаң жинағыштың қақпағын (12) жоғары көтеру арқылы шаң жинағыштың
қақпағын ашыңыз;
- сүзгілерді тазалау (төменде қараңыз);
-
кіріс сүзгілерін орнына орнатыңыз және ысырманы бекіту арқылы қақпақты
жабыңыз.
ПОРОЛОН СҮЗГІГЕ КҮТІМ ЖАСАУ
Сүзгілердің күтімін шаңсорғышты әр пайдаланған сайын жүзеге асыру қажет.
Сүзгілерді шаңнан тазалау үшін оларды қағып алыңыз. Шаңсорғышты орташа
қарқынмен пайдаланған жағдайда (аптасына 2-3 рет 15-20 минуттан) сүзгісін
әр 6 ай сайын ауыстырыңыз.
МАТА ЖӘНЕ HEPA СҮЗГІЛЕР ТАЗАЛАУ
Сүзгілерді тазалау шаңсорғышты әр пайдаланғаннан кейін жүргізілуі тиіс. Сүз-
гілерді шаңнан тазалау үшін оларды қағыңыз. Бұдан басқа, орташа пайдалану
қарқындылығында шамамен айына бір рет оларды күшті ауа легімен үрлеу
керек. НЕРА-сүзгіні сулауға болмайды, бұл электр қозғалтқыштың істен шығуына
алып келуі мүмкін!
Шаңсорғышты орташа пайдалану қарқындылығында тоқылмаған сүзгі мен НЕ-
РА-сүзгіні 6 айда бір рет ауыстырып отырыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
-
Сүзгілерді кір жуғыш машинада жумаңыз және оны фен немесе басқа да
қыздырғыш құралдардың көмегімен кептірмеңіз.
-
Шаңсорғышты сүзгісі орнатылмаған күйде іске қоспаңыз, бұл электр қозғал-
тқышын істен шығаруы мүмкін.
Ауыстырылатын сүзгілер жиынтығы бөлек сатылады. Сізден шаңсорғышты күтудің
аталған ережелерін ұстануыңызды сұраймыз, бұл сору қуатының жоғарылығын
және сіздің жаңа ТМ CENTEK шаңсорғышыңыздың сапалы жұмысын сақтайды.
Сондай-ақ бұл тегін кепілдік қызмет көрсетудің шарты болып табылады.
ШАҢ
-
ТОЗАҢ ЖИНАУЫШТЫ ТАЗАЛАУ
- Шаң жинағышты бекіту түймесін басып, оны алыңыз.
-
Шаң жинағыштың төменгі қақпағын ашыңыз, шаң жинағыштан пластикалық
сүзгіні алыңыз.
- Шаң жинағыштан шаң мен қоқысты алыңыз.
-
Пластикалық сүзгі қабырғаларының Корпусы мен тесіктерін шүберекпен
сүртіңіз.
- Пластикалық сүзгіні шаң жинағышқа орнатыңыз.
- Шаң жинағышты шаңсорғыштың корпусына қайта орнатыңыз.
6. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
- Ном. кернеу: 220-240 В ~50/60 Гц
- Ном. қуаттылығы: 2000 Вт
- Ең жоғ. қуаттылығы: 2300 Вт
- Шаң сору қуаты: 420 Вт
7. ҚҰРАЛДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Аспап қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін әдеттегі тұрмыстық қоқыстардан
бөлек кәдеге жаратылуы мүмкін. Оны Электрондық аспаптар мен электр құрал-
дарын қайта өңдеуге арнайы қабылдау пунктіне тапсыруға болады.
8. СЕРТИФИКАТТАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ, КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Осы бұйым үшін қызмет ету мерзімі бұйым осы пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа
және қолданылатын техникалық стандарттарға қатаң сәйкестікте пайдаланылған
жағдайда, соңғы тұтынушыға сату күнінен бастап 5 жылды құрайды. Қызмет
мерзімі аяқталғаннан кейін аспапты одан әрі пайдалану бойынша ұсыныстар
алу үшін жақын маңдағы авторландырылған сервис орталығына хабарла-
сыңыз. Бұйымның шығарылған күні сериялық нөмірде көрсетілген (2 және 3
белгілер – жылы, 4 және 5 белгілер – Өндіріс айы). Аспапқа қызмет көрсету
бойынша мәселелер туындағанда немесе аспап бұзылса, CENTEK сауда мар-
касының авторландырылған сервис орталығымен хабарласыңыз. Орталықтың
мекенжайын https://centek.ru/servis сайтынан табуға болады. Сервистік қолдау
көрсету орталығымен байланыс жасау жолдары: тел: +7 (988) 24-00-178, VK:
vk.com/centek_krd. «Ларина-Сервис» ЖШҚ бас сервис орталығы, Краснодар қ.
Тел.: +7 (861) 991-05-42. Қазақстандағы талаптар қабылдау ұйымының аталымы:
«Moneytor» ЖШС, Астана қаласы, Жәнібек Тархан к., 9-үй, 5-қанат. Тел.: +7 (707)
858-65-29, +7 (701) 340-09-57.
Өнімнің сәйкестік сертификаты бар:
№ ЕАЭС RU С
-
CN.ВЕ02.В.02216/20 - 28.04.2020 ж. бастап.
9. ӨНДІРУШІ ЖӘНЕ ИМПОРТТАУШЫ
Импорттаушы: ИП Асрумян К.Ш. Мекенжайы: Ресей, 350912, г. Краснодар, пгт.
Пашковский, ул. Атамана Лысенко, 23. Тел.: +7 (861) 2-600-900.
Скачать