Elektrostandard - Sfera H D200 35158/U белый a061035 Инструкция по эксплуатации онлайн [2/3] 840355

Elektrostandard - Sfera H D200 35158/U белый a061035 Инструкция по эксплуатации онлайн [2/3] 840355
Бау-бақ жарықшамды пайдалану жөніндегі нұсқаулық
(артикул қаптамада көрсетілен)
Орнатудың алдында нұсқаулықты мұқият оқыңыз.
Қолдану саласы
Жарықшамды сыртта да, үй-жайдың ішінде де орнатуға
болады. Сыртқы орнату кезінде IP (шаң мен ылғалдан қорғау
дәрежесі) ескерілуі керек. Желіге ылғалдан қорғалған
қосылуды ұйымдастыру керек.
Техникалық сипаттамалары
Шамдардың максималды қуаты: қаптамасында көрсетілген
Цоколь: қаптамасында көрсетілген
Қуат: ~ 230 В, 50 Гц
Жұмыс температурасының диапазоны: –30° С … +50°С
Өлшемдері (Ұ*Е*Б): қаптамасында көрсетілген
Материал: қаптамасында көрсетілген
Ылғалдан қорғалған дәрежесі: қаптамасында көрсетілген
Электр тоқпен зақымданудан қорғаныс сыныбы: қаптамасында
көрсетілген
Кепілдік мерзімі: 36 ай.
Қызмет ету мерзімі: 10 жыл
Өнімнің салмағы: қаптамасында көрсетілген
Жарықшамның корпусының түсі әртүрлі партияларда түс реңкі
мен текстуралық суретімен болмашы ерекшеленуі мүмкін.
Назар аударыңыз!
Жарықшамды орнату немесе шамды ауыстыру
уақытында желіден электр қуатты ажыратыңыз.
Орнату және қызмет көрсету
Топырақты жарықшамдар үшін бетон негіз дайындау қажет.
Жарықшамды ашыңыз және оның сақталуына көз
жеткізіңіз.
Электр қуатты сөндіріңіз.
Жарышамды қуат желісіне қосыңыз және қосылысты
оқшаулаңыз.
Жарықшамды бетке бекітіңіз.
Орнату уақытында электр сымдар зақымданбағанына көз
жеткізіңіз.
Электр қуатты қосыңыз.
Жарықшам кірлеген кезде бетті жұмсақ құрғақ матамен
тазалаңыз. Еріткіштер мен басқа агрессивті реагенттерді
қолданбаңыз.
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі талаптар
Шамды монтаждау мен бөлшектеуді тиісті біліктілігі бар
тәжірибелі маман жүзеге асыруы тиіс. Барлық монтаждау және
қызмет көрсету жұмыстары тек электр қуаты өшірілген кезде
жүргізілуі керек.
Конструкция элементтері жоқ, сым оқшауламасының
механикалық зақымдануы бар, түйіспелі қысқыштары ақаулы
жарықшамдарды пайдалануға тыйым салынады.
Егер ақаулық анықталса, өнімді өшіріп, себептерін анықтау
үшін білікті маманға хабарласыңыз.
Ең жоғары рұқсат етілген қуаттан асатын энергия тұтыну
шамдарын орнатуға тыйым салынады.
Жарықшамды орнату қалыпты жанғыш материалдан жасалған
бетке жасалады.
Топыраққа ландшафт жарықшамдарын орнатқан кезде
көгалдарға орнату кезінде кемінде 0,8 м тереңдікке және жол
бойында орнату кезінде кемінде 1,25 м тереңдікке брондалған
кабельді төсеу ұсынылады.
Тасымалдау және сақтау
Тасымалдау механикалық зақымдануды және өнімге шаңның,
кірдің және ылғалдың тікелей түсуін болдырмайтын
жағдайларда қаптамада жүзеге асырылуы тиіс. Авиациялық
көлікпен тасымалдау герметикаланған бөлікте жүзеге
асырылады. Тасымалдау кезінде ауаның салыстырмалы
ылғалдылығы 80% дейін - 30°С...+50°С температура қамтамасыз
етілуі керек.
Өнім атмосфералық жауын-шашыннан қорғалған, желдетілетін
үй-жайда көліктік қаптамада сақталуы керек. Үй-жайда ауаның
салыстырмалы ылғалдылығы 80 % дейін -30°С...+50°С
температура қамтамасыз етілуі керек.
Кәдеге жарату
Жарықшамдар арнайы жоюды қажет етпейді,
өйткені олардың құрамында адам денсаулығы мен
қоршаған ортаға зиян келтіретін қауіпті
материалдар мен заттар жоқ. Кәдеге жарату
тұрмыстық қатты қалдықтарды жоюдың
стандартты схемасы бойынша жүзеге асырылады. Кәдеге
жарату кезінде шамды қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған
контейнерге салу керек.
Кепілдік
Пайдаланудың кепілдік мерзімі тұтынушы осы нұсқаулықта
көрсетілген пайдалану, тасымалдау және сақтау ережелерін
сақтаған жағдайда, шамды бөлшек сауда желісі арқылы сатқан
күннен бастап 36 айды құрайды.
Жарықшам кепілдік мерзімі аяқталғанға дейін істен шыққан
жағдайда, сатып алушы сатушыға (жарықшам сатып алынған
дүкенге), импорттаушыға, жарықшамды өндірушіге жүгінуге
құқылы.
Импорттаушы мен өндірушінің байланыс ақпараты төменде
көрсетілген. Сату күнін растау үшін сатып алушы сатушының
сату күні туралы белгісі бар осы нұсқаулықты ұсына алады.
Сатып алушының осы пайдалану нұсқаулығында көрсетілген
орнату және / немесе пайдалану және/немесе тасымалдау
және / немесе сақтау ережелерін бұзуы, сондай-ақ шамның
істен шығуына әкеп соққан шамның механикалық
зақымдануының болуы немесе сатып алушы өзіне қатысты
талаптар қоятын шамның кемшіліктерінің туындауы сатып
алушыны кепілдік құқығынан айырады.
Сату күні: __________________
Модель /артикул _________________
Дүкеннің мөртаңбасы:
Тауар сертификатталған, КО ТР 004/2011, ЕАЭО ТР 037/2016 сәйкес келеді.
Өндірілген айы мен жылы тауарда көрсетілген. Тауардың сапасы бойынша
наразылықтар +7 495-228-17-33, e-mail:
info@royalaurel.ru бойынша
қабылданады. Өндіруші: «YinFeng Lighting Co., Ltd», HuangWang Industrial,
HeTang Town, JiangMen City, GuangDong Province, China. "Иньфэн Лайтин
Кампэни Лтд", Қытай, Гуандун провинциясы, Цзянмэнь қаласы, Хэтан елді
мекенеі, Хуанван индустриалдық ауданы. Импорттаушы/өнім жеткізуші:
«Роял Аурэль» ЖШҚ, 117418, Мәскеу қ., Зюзинская к-сі, 6 үй, 2-корп., 3-
қабат, XVI үй-жай, 30-бөме. ҚХР өндірілді.
!

Похожие устройства

Скачать