Alteco WC 2400-150 35690 Руководство по эксплуатации онлайн [14/17] 842565

Alteco WC 2400-150 35690 Руководство по эксплуатации онлайн [14/17] 842565
5. Құралға қызмет көрсету
Кез-келген құрастыру, реттеу, жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
орындау кезінде қуат сымын розеткадан ажыратуды ұмытпаңыз.
Жұмыс аяқталғаннан кейін сыртқы тексеру және бағалау арқылы келесі бөлшектердің техникалық
жағдайын, атап айтқанда:
Корпус
Тұтқаларды
Штепселі және иілісі бар электр сымдарын
Электр қосқышының жұмысын
Желдету саңылауларының өткізгіштігін
Щеткалардың ұшқындауын
Мойынтіректер мен беріліс жұмысы кезіндегі шу деңгейін
Іске қосу және біркелкі жұмысын тексеру қажет.
Жұмыс аяқталғаннан кейін корпусты, желдеткіш саңылауларын, ауыстырып-қосқыштарды, қосымша
тұтқалар мен щетканы, мысалы, ауа ағынымен (қысымы 0,3 MPa-дан аспайтын), химиялық құралдар мен
жуғыш сұйықтықтарын қолданбай жаққышпен немесе құрғақ шүберекпен тазалау керек. Құрылғы мен
қысқыштарды таза құрғақ матамен тазалаңыз.
Көмір щеткаларын ауыстыру
Қозғалтқыштың тозған көмір щеткаларын (ұзындығы 5 мм-ден кем), беті күйген немесе сызаттары бар
щеткаларды ауыстыру қажет. Екі щетканы бір уақытта өзгерту керек.
Көмір щеткаларын ауыстыру тек білікті маман болуы керек.
Тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді пайдалану керек.
6 Кепілдік шарттары
Тұтынушы құралды сақтау мен пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда, өндіруші кәсіпорын
құралдың сатып алған күннен бастап 12 айдың ішінде үздіксіз жұмысына кепілдік береді.
Егер кепілдік мерзімінің ішінде құралдың бұзылуы өндірушінің кесірінен болса өндіруші зауыт
кепілдік бойынша жөндеуді іске асырады.
Келесі жағдайларда кепілдік бойынша жөндеу жүргізілмейді және шағымдар қабылданбайды:
- кепілдеме куәлігінде сатушы ұйымның мөртабаны және сатылған күннің жоқ болуы;
- құралдың тасымалдау және пайдалану кезіндегі зақымдалуы;
- пайдалану талаптарының сақталмауы;
- кепілдік мерзімінің өтіп кетуі немесе сақтау шарттарының бұзылуы.
Қызмет ету мерзімі үш жыл.
7. Электр құралын сақтау және кәдеге жарату ережесі
7.1 Сақтау
Құралды арнайы қаптамада (кейсте) немесе ластанудан, зақымданудан, ылғалдың әсерінен, тікелей күн
сәулесінен, жоғары температурадан немесе олардың күрт өзгеруінен қорғауды қамтамасыз ететін өзге
тәсілмен сақтау және тасымалдау ұсынылады..
7.2 Сақтау, қызмет ету мерзімдері. Ресурс және кәдеге жарату.
Бұйымды сақтау мерзімі осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген сақтау шарттары сақталған
кезде 10 (он) жылды құрайды. Сақтау мерзімі бұйым шығарылған күннен бастап есептеледі. Осы мерзім
аяқталғаннан кейін бұйымның техникалық жай-күйіне қарамастан сақтау тоқтатылуы және бұйымның
техникалық жай-күйін тексеру, жөндеуге жіберу немесе кәдеге жарату туралы және жаңа сақтау мерзімін
белгілеу туралы шешім қабылдануы тиіс. Дайындалған күні құралдың заттаңбасында көрсетілген.
Бұйымның қызмет ету мерзімі сақтау шарттары мен пайдалану ережелері, сондай-ақ осы пайдалану
жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген құралды құрастыру мен монтаждаудың дұрыстығы сақталған кезде 5
(бес) жылды құрайды. Қызмет ету мерзімі бұйым сатылған күннен бастап есептеледі.
Қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін немесе белгіленген ресурсқа қол жеткізгеннен кейін құрал
пайдаланылмауы және осы құралды кәдеге жарату жүзеге асырылатын Еуразиялық Экономикалық Одаққа
мүше мемлекеттің аумағында қолданылатын нормалар мен ережелерге сәйкес қоршаған ортаға экологиялық
залал келтірмей кәдеге жаратылуы тиіс.

Похожие устройства

Скачать