Hilti DCH 150-SL DLX 2159169 Инструкция к товару онлайн [288/384] 842578
![Hilti DCH 150-SL DLX 2159169 Инструкция к товару онлайн [288/384] 842578](/views2/2077918/page288/bg120.png)
284 Қазақ 2208335
*2208335*
аллергиялық реакциялардың және/немесе дем алу жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі
мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді немесе шамшатты өңдеу кезінде пайда болатын шаң)
канцерогенді деп есептеледі, әсіресе ағашты өңдеу үшін қолданылатын қосымша материалдармен
(хром қышқылының тұзы, ағашты қорғау заттары) тіркесімде. Денсаулыққа қауіпті материалдарды
(мысалы, асбестті) қолдануға тыйым салынады. Мүмкін болса, жарамды шаңсорғыш аппаратты
қолданыңыз. Ол үшін бұл электр құралды Hilti компаниясы ағаш үгінділерін және/немесе
минералдық шаңды тазалау үшін ұсынылған тиісті тасымалданатын шаңсорғышпен
тіркесімде қолданыңыз.
▶ Жұмысты бастау алдында дайындама материалы бойынша пайда болатын шаңның қауіп
класын анықтаңыз. Аспаппен жұмыс істеу үшін қорғаныс дәрежесі қолданыстағы шаңнан
қорғау нормаларына сай құрылыс шаңсорғышын қолданыңыз.
▶ Өңделетін материалдар бойынша еліңізде қолданылатын нұсқауларды орындаңыз.
▶ Жұмыс аймағының жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз. Нашар желдетілетін жұмыс аймағы
шаңның жоғарғы концентрациясына байланысты көңіл-күйдің нашарлауының себебі болуы мүмкін.
▶ Аспап шаңсорғышсыз пайдаланылған кезде, жеңіл респираторды пайдаланыңыз. P2 сүзгі
класына жататын респиратор маскасын пайдалануға кеңес беріледі.
▶ Қорғауыш көзілдіріктерді пайдаланыңыз. Бұл сынықтар дене бөліктерін және көздерді
зақымдауы мүмкін.
▶ Әрқашан аспапты екі қолмен тұтқыштарынан берік ұстаңыз. Майланған тұтқыштарды дереу
тазалаңыз, олар құрғақ және таза болуы керек.
▶ Құралды ауыстыру үшін қорғауыш қолғаптарды қолданыңыз, себебі құрал жұмыс кезінде
қатты қызады.
▶ Қорғауыш құлаққапты киіңіз. Шу әсерінің нәтижесінде есту қабілеті жоғалуы мүмкін.
▶ Жұмыс уақытында қолдар терлемеуі үшін саусақтарды босату және жаттықтыру үшін
үзілістер жасаңыз.
Электр қауіпсіздігі
▶ Жұмысты бастау алдында жұмыс орнында жасырын электр сымдарының, газ және су жүргізу
құбырларының бар-жоғын тексеріңіз, мысалы, металл іздегіш көмегімен. Электр сымдарына
кездейсоқ тиіп кетсе, аспаптың ашық металл бөліктері электр тогының өткізгіштеріне айналуы
мүмкін. Бұл кезде электр тогының соғу қаупі пайда болады.
▶ Электр құралының жалғағыш сымдарын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз және зақымдалған
жағдайда ауыстыру үшін тәжірибелі электрші маманды шақырыңыз. Электр құралының
жалғағыш сымы зақымдалған жағдайда, оны арнайы дайындалған және рұқсат етілген сымға
ауыстыру керек. Оған қызмет көрсету ұйымы арқылы тапсырыс беруге болады.
Похожие устройства
- Hitachi CM7MRU-NU + диск Инструкция по эксплуатации
- Калибр Мастер ШТБЭ-1500/125М 00000048777 Инструкция к товару
- Krona WERMUT 500 DN BLACK PB BF Инструкция по эксплуатации
- Калибр Мастер ШТБЭ - 2600/230м 00000038066 Инструкция к товару
- Makita SG181 197947 Инструкция по эксплуатации
- Messer CS180 10-40-180 Инструкция к товару
- Messer T1455 10-40-145 Инструкция к штроборезу MESSER T1455
- Messer T1555 D125 Инструкция по эксплуатации
- Messer T1556 10-40-146 Инструкция к штроборезу MESSER T1556
- Patriot AG 100 130301101 Инструкция по эксплуатации
- Patriot AG 110 130301102 Деталировка
- Patriot AG 110 130301102 Инструкция к товару
- P.I.T. 150мм, 1700Вт, 8000об/мин PWC150-C Инструкция к товару
- Tesla TWC125 621374 Инструкция по эксплуатации
- Церезит 1119426 Техническое описание
- Церезит 22619 1120603 Техническое описание
- Церезит 22870 1119425 Техническое описание
- Церезит 48421 1911510 Техническое описание
- BROZEX CPM 36 ЛАЙТ 20 кг ШС36-20 Технические характеристки, порядок работы
- Farbitex Арт-бетон 15 кг PROFI 4300013569 Тех.лист