Hilti DCH 150-SL DLX 2159169 Инструкция к товару онлайн [294/384] 842578

Hilti DCH 150-SL DLX 2159169 Инструкция к товару онлайн [294/384] 842578
290 Қазақ 2208335
*2208335*
Қауіпсіз қолдану үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен жұмсалатын материалдарды
қолданыңыз. Біз рұқсат еткен қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен өнімге арналған
керек-жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді: www.hilti.group.
7.1 Көмір қылшақтарын ауыстыру
ҚАУІПТІ
Жарақат алу қаупі бар! Ток соғу қаупі.
Құрал тек өкілетті қызметкерлермен ғана пайдаланылуы, күтілуі және жөнделуі мүмкін!
Қызметкерлер қауіпсіздк техникасы бойынша арнайы нұсқау алуы тиіс.
Қызметтік индикатор көмір қылшақтарын алмастыру қажет болғанда жанады. Монтаждау
бағыттары немесе жіңішке арқанның бағыты көмір қылшақтары қаптамаларының ішкі жағында
көрсетілген.
Барлық көмір қылшақтарын әрдайым уақытында ауыстырыңыз.
1. Ойық кескіш құрылғыны қуат желісінен ажыратыңыз.
2. Аспаптың артындағы жоғарғы және астыңғы жақтан көмір қылшақтарының қаптамаларын алып
тастаңыз.
@
Жоғарғы көмір қылшақтарының
қаптамасы
;
Астыңғы көмір қылшақтарының
қаптамасы
3. Көмір қылшақтары және сымдар қалай
орнатылғанына назар аударыңыз.
4. Жіңішке арқандарды ажыратыңыз, серіппені
бүйірге іліңіз және пайдаланылған көмір
қылшақтарын ойық кескіш құрылғыдан шығарып
алыңыз.
5. Жаңа көмір қылшақтарын дәл ескілері
орнатылғандай орнатыңыз. Орнату кезінде
сымдардың изоляциясын зақымдап алмаңыз.
6. Алмастыру үшін тек осы түпнұсқа көмір
қылшақтарының жинақтарын пайдаланыңыз:
Көмір қылшақтары жинақтарының қосалқы
бөлік нөмірлері
Кернеу диапазоны Қосалқы бөлік
нөмірлері
110 В 127 В 2120033
220 В 240 В 2006843
7. Екі көмір қылшағының қаптамасын қайтадан орнатыңыз.
8. Ойық кескіш құрылғыны көмір қылшақтарын алмастырғаннан кейін кемінде 1 минут ішінде бос
жүріс күйінде жұмыс істетіңіз.
Сигналдық шам шамамен 1 минуттық жұмыс уақытынан кейін өшеді.
Минималды іске қосылу уақыты 1 минут сақталмаса, көмір қылшақтарының қызмет ету
мерзімі қатты азаяды.
8 Тасымалдау және сақтау
Тасымалдау
Тасымалдау кезінде өнімнің берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Әр тасымалдағаннан кейін көзге көрінетін барлық бөліктерде зақымдардың бар-жоғын және
басқару элементтерінің ақаусыз жұмысын тексеріп тұрыңыз.
Сақтау
Аталмыш өнімді әрдайым желілік ашасын ажыратып сақтаңыз.
Аталмыш өнімді құрғақ күйінде және балалар мен рұқсаты жоқ адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
Ұзақ уақыт сақтағаннан кейін көзге көрінетін барлық бөліктерде зақымдардың бар-жоғын және
басқару элементтерінің ақаусыз жұмысын тексеріп шығыңыз.

Похожие устройства

Скачать