Kolner KECS 35/1600 8050100036 Инструкция по эксплуатации онлайн [24/32] 852227

Kolner KECS 35/1600 8050100036 Инструкция по эксплуатации онлайн [24/32] 852227
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚ
KAZ
бағының мойнынан және қақпақтың ішкі
қуысынан май қалдығын кетіріңіз. Май
багының қақпағында ауа клапаны бола-
ды, ол бітеліп қалған кезде сорғы жұмыс
істеймей қалады. Араны пайдалану
кезінде осы клапанның таза болып қалуын
қадағалаңыз.
Қақпақты тығыздап жабыңыз. Жұмыс
кезінде май деңгейіге мезгіл-мезгіл
деңгей бақылау терезесі (11) арқылы на-
зар аударып отырыңыз.
Май багын өз уақытында маймен
толтырмаған кезде, сонымен бірге май
құбырын бөлшектеуден және тазалаудан
кейін май беру жүйесіне ауа келіп түседі.
Жұмыс алдында әрбір ретте араны
қосып және оны жарық бетке жанастыр-
май ұстай отырып май деңгейін және
майлау жүйесін тексеріп отырыңыз.
Егер бетте майдың іздері пайда болса,
демек майлау жүйесі қалыпты жұмыс
істейді. Егер май іздері көрінбесе, ре-
дуктор корпусындағы майға арналған
шығыс саңылауды және шинадағы тиісті
саңылауды тазалау қажет.
Егер май деңгейі «мин» белгісінен төмен
болса араның жұмысын бастамаңыз.
Май багын деңгей терезенің жоғары
жиегіне жеткенше дейін маймен
толтырыңыз.
Май жетпеген кезде шина мен шынжыр
тез істен шығатын болады. Майдың
жетіспеушілігі шина мен шынжырдың
қызып кетуін шақырады. Шина мен
шынжырдың қызып кетуінің белгілері:
түтін шығады, шина түсін өзгертеді.
Жұмыс процесінде шынжырға май
берілу деңгейін қадағалап отыру қатал
ұсынылады. Май жеткіліксіз немесе
артық берілген жағдайда май беруді
реттегіштің көмегімен беруді реттеу
қажет, ол үшін авторландырылған
сервистік орталыққа жүгіну қажет.
ЕСКЕРТУ:
Пайдаланылған майды ешқашан
қолданбаңыз. Бұл май сорғысының,
шинаның, шынжырдың бүлінуіне әкеліп
соқтырады!
Жаңа шынжырды қолданудың алдында
оны майлау қажет. Оны араға орнатудың
алдында оны майда кем дегенде бір
сағаттай ұстаңыз.
ПАЙДАЛАНУ
Электр арасымен өз жұмысыңызды
алдын-ала мұқият ойластырыңыз.
Егер сізде жұмыс үшін еркін кеңістік,
жеке қорғаныс құралдары болмаса,
және сіз шегіну жолында белгіленген
ағашты құлатуды ойласаңыз аралауды
бастамаңыз.
Шынжырлы электр арасын әрдайым
дұрыс ұстаңыз. Сол жақ қолдың
саусақтары алдыңғы тұтқаны қамтуы, ал
үлкен саусақ оның астында болуы керек.
Оң жақ қол сіздің оңқай немесе солақай
екендігіңізден тәуелсіз артқы тұтқаны
толықтай қамтуы керек. Сол жақ қол
тура болуы, ал шынтақ бекітілген болуы
керек. Арамен кесудің тәсілінен тәуелсіз
оң және сол жақ қолдарды орындары-
мен ауыстырмаңыз. Қос аяқта мығым,
сіздің денеңіз жұмыс істеп тұрған шын-
жырмен бір қатарда болмағандай етіп
аздап солға қарай тұрыңыз.

Похожие устройства

Скачать