Kolner KECS 35/1600 8050100036 Инструкция по эксплуатации онлайн [27/32] 852227

Kolner KECS 35/1600 Инструкция по эксплуатации онлайн [27/32] 504207
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚ
KAZ
атмосфералық жауын-шашындардың
әсер етулерін болдырмауы керек.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Араға техникалық
қызмет көрсетуді жанулар мен күйіктерді
болдырмау үшін тек мотордың толық
суығанынан кейін ғана жүргізу керек.
1. Шынжырлы электр арасын және
қосымша керек-жарақтарды лай мен
жоңғалардан тазалау. Қатты ластанған
жағдайда араны тамшы түріндегі
ылғалдың түсін болдырмайтын дымқыл
майлықпен сүрту, одан кейін құралды
құрғатып сүрту. Корпус материиалына,
шынжырлы электр арасының торапта-
ры мен бөлшектеріне теріс әрекет етуші
сұйықтықтарды, химиялық заттектерді
және басқа да заттарды қолдануға
тыйым салынады (мәселен, ацетон,
еріткіштер, қышқылдар, сілтілер және
т.б.).
2.Бағыттаушы шина шешілгеннен кейін
шина пазаларын және май беруге
арналған саңылауды шаң мен лайдан
тазалаңыз.
3. Бағыттаушы шинаның алдыңғы
бөлігіндегі жұлдызша майлағыш
саңылаудың бітеліп қалмағанын тексеріңіз.
Қажет болған жағдайда оны тазалау және
майлау керек. Бағыттаушы шинаның
қызметтік мерзімін ұзарту үшін оны
тұрақты бұрап отыру керек. Дұрыс және
тұрақты қызмет көрсету араның пайдала-
ну мерзімін ұзартады және сапасын арт-
тырады. Қолданушы тек осы нұсқаулықта
аталған техникалық қызмет көрсету бой-
ынша жұмыстарды ғана жүргізе алады,
Қызмет көрсетудің және жөндеудің басқа
түрлері авторландырылған сервистік
орталықтарда жүзеге асырылулары керек.
Қолданушы шынжырлы электр ара-
сын тазалықта ұстауы керек. Шөткенің
немесе таза ауаның көмегімен
желдеткіш саңылауларды тұрақты та-
залап отырыңыз. Күн сайын жұмысты
бастаудың алдында техникалық
байқауды жүргізу керек. Техникалық
қызмет көрсету және диагностика жүргізу
үшін авторландырылған сервистік
орталықтарға кем дегенде алты айда бір
рет жүгініп отыру ұсынылады.
ШЫНЖЫРДЫҢ ЖЕТЕКШІ
ЖҰЛДЫЗШАСЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Шынжырдың жетекші жұлдызшасын
сызаттар мен күшті тозықтың бар ма
екендігін тұрақты тексеріп отыру керек.
Егер сіз сызаттар мен күшті тозықты
аңғарсаңыз, онда авторландырылған
сервистік орталыққа жүгіну керек бола-
ды. Шынжырды ауыстыру кезінде бір
уақытта шынжыр жұлдызшасын да ау-
ыстыру керек болады. Ешқашан жаңа
шынжырды тозған шинаға немесе тозған
шынжырды жаңа шинаға қолданбаңыз.
ШЫНЖЫРЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шынжырлардың
ұшталуын қадағалаңыз. Бұл бірқалыпты
және қауіпсіз жұмыспен қамтамасыз
етеді.
Шынжырды келесі жағдайларда ұштау
қажет:
жоңқалар ұштақ секілді ұсаққа айналады;
сіз араға көптеу күш түсіруге мәжбүрсіз;
• кесу тура жүрмейді;
• діріл артады.
ШЫНЖЫРЛАРДЫ ҰШТАУ БОЙЫНША
ҰСЫНЫСТАР
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қорғанысты
қолғаптарды киюді ұмытпаңыз.
Шынжырды ұштаудың алдында:
1. араның желіден ажыратылғандығына

Похожие устройства

Скачать