Alteco CS 1500-210 30799 Инструкция по эксплуатации онлайн [15/27] 852571

Alteco CS 1500-210 30799 Инструкция по эксплуатации онлайн [15/27] 852571
15
Құралды ешқашан электр қуат беру баусымынан алып
тасымаңыз. Айырды розеткадан алу үшін баусымды
жұлқымаңыз. Баусымды жоғары температурадан, майлау
материалдары мен өткір шеттері бар заттардың әсерінен
қорғаңыз.
Арнайы киімді киіңіз. Жұмыс кезінде арнайы қорғайтын қолғап
және тайғанамайтын аяқ киім кию жөн. Егер шашыңыз ұзын
болса, оларды бас киімнің астына жинау қажет.
Салауатты пайым қағидаларын басшылыққа алыңыз. Егер
сіз шаршап тұрсаңыз, мас күйінде немесе дәрілік заттың
әсерінде болсаңыз құралмен жұмыс істемеңіз.
Әр нақты тапсырма үшін құралды дұрыс таңдап
алыңыз. Электр құралын шамадан тыс
жүктемеңіз, мақсаты сәйкес келмейтін электр
құралмен жұмыс жасамаңыз.
2. Қолданылу аясы, сипаттамалар.
ALTECO циркулярлық араларын өндіру кезінде сапалы
материалдар мен құрамдас бөлшектер қолданылды.
ALTECO циркулярлық аралардың үлгілері өзара жинақтау
деңгейімен және қызметтердің қолжетімділігімен
ерекшеленеді. Қолдану мақсатына байланысты циркулярлық
араның барынша сәйкес келетін үлгісін таңдау қажет.
Аталған үлгілер сыртқы ортаның температурасы -20°С-тан
+40°С-қа дейін және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80%
жоғары емес орташа қарқындылықтағы жүктемелер
кезінде жұмыс істеуге арналған.
ALTECO электроқұралдарының майтөзімді, резеңкелі
оқшаулауған шоғырсымы механикалық жүктемелерге

Похожие устройства

Скачать