Timberk N28, 50л. T-WSS50-N28-V Инструкция по эксплуатации онлайн [35/44] 857580

Timberk N28, 50л. T-WSS50-N28-V Инструкция по эксплуатации онлайн [35/44] 857580
IM2022
35
10. Төменгі аралас қорғаныс қақпағы
11. Су жылытқыштан су құбыры магистраліне суды ағызудан қорғауға
және ішкі резервуарды артық қысымнан қорғауға арналған аралас
сақтандыру құбыры (суық су беру келтеқұбырына міндетті орнату қажет)
12. Судың артық қысымын авариялық ағызып алу (су жылытқыштың
жұмысы кезінде сақтандыру клапанының қысымын шығару тесігінен
судың ағуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай)
13. Басқару панелі
14. Шығыс келте құбыры
15. Шығу құбырының жоғарғы бөлігі
16. УЗО және ашасы бар желілік бау
6. ЖЕТКІЗУ ЖИЫНТЫҒЫ
1. Электрлік жинақтаушы суқыздырғыш – 1 дана
2. Сақтандыру клапаны – 1 дана
3. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық – 1 дана
4. Кепілдік талоны 1 дана
5. Қаптама – 1 дана
7. СУ ЖЫЛЫТҚЫШТЫ ОРНАТУ
Орналасуы
1. Электрлік су жылытқышты берік қабырғаға орнату керек.
2. Электр су жылытқышы орнатылатын қабырға сумен толық
толтырылған су жылытқыштың кем дегенде екі есе салмағына төзуі тиіс,
қабырғада жарықтар және басқа да зақымданулар болмауы тиіс. Олай
болмаған жағдайда бекітуді күшейту үшін шаралар қабылдау немесе
арнайы тірекке су жылытқышты орнату қажет.
3. Егер жуынатын бөлме тым кішкентай болса, су жылытқышты тікелей
күн сәулесінен жабық және ылғал түспейтін басқа жерге орнатуға болады.
Алайда, құбыржолдардағы жылу шығынын төмендету үшін су
жылытқышты орнату орны ыстық суды пайдалану орнына мүмкіндігінше
жақын болуы тиіс.
4. Су жылытқыштың орналасқан жерін анықтау кезінде оған су
жылытқыштың төменгі бөлігі мен еденнің арасында кемінде 60 см,
сондай-ақ жоғарғы бөлігі мен төбенің арасында кемінде 10 см есебінен
еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету керек. Бұл қажет болған жағдайда су
қыздырғышқа қызмет көрсету мен реттеуге барынша ыңғайлы мүмкіндік
береді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Су жылытқыш тік қабырғаға қатаң түрде тік, қалыпта, орнатылуы тиіс.
Аспапты кез келген басқа қалыпта орнату немесе тігінен салыстырмалы
түрде ауыстыру су жылытқыштың істен шығуына, авариялық жағдайдың
туындауына әкеп соқтыратыны сөзсіз және өндірушімен кепілдіксіз жағдай
ретінде қарастырылады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать