Stihl BGE 81 48110111551 Инструкция к Stihl BGE 81 48110111551 онлайн [123/272] 857789

Stihl BGE 81 48110111551 Инструкция к Stihl BGE 81 48110111551 онлайн [123/272] 857789
BGE 61, BGE 71, BGE 81, SHE 71, SHE 81
қазақ
121
Штепсельді айыр мен біріктіруші
сымды тек құрғақ қолмен ғана ұстауға
болады.
Қауіптілік төнетін болса немесе
апаттық жағдай орын алса – қайта
қосқыш иінтіректі/ажыратқышты
STOP немесе 0 күйіне орнатыңыз.
Агрегатқа тек қана бір оператор
қызмет көрсетеді жұмыс аймағында
бөгде адамдардың болуына рұқсат
берілмейді.
Балалар, жануарлар және бөгде
адамдар алшақ жерде болуы тиіс.
Осы қашықтық, сондай-ақ заттарға
(көлік құралдары, терезе әйнектері)
да қатысты сақталуға тиіс –
материалдық нұқсан келтіру қаупі
төнуі мүмкін!
Ауа ағынын басқа адамдарға немесе
жануарларға қарай ешқашан да
бағыттамаңыз – құрылғыдан шағын
көлемді заттар үлкен жылдамдықпен
лақтырыла алады жарақат алу қаупі
төнуі мүмкін!
Үрлеп тазартқан және сорып ұсатқан
кезде (ашық жерлерде және
бақшаларда) ұсақ жануарларға қауіп
төнбеуін байқап тұрыңыз.
Құрылғыны ешқашан да қараусыз
қалдырмаңыз.
Алдыға қарай баяу қозғала отырып
қана жұмыс істеңіз – айдама
құбырдың шығу аумағын үнемі
бақылап тұрыңыз – арттан алдыға
қарай қозғалмаңыз немесе жүгірмеңіз
сүрініп кете аласыз!
Біріктіруші сымді әрқашан агрегаттың
артынан өткізіңіз – артымен алға
қарай қозғалмаңыз немесе жүрмеңіз
сүрініп кете аласыз!
Дененің ыңғайсыз күйде болуынан
алшақ болуыңыз және әрқашан тепе-
теңдікті сақтаңыз. Әрқашан сенімді
және орнықты күйге қойыңыз.
Тау еңісінде, кедір-бұдыр
төңіректерде абайлаңыз – тайғанау
қаупі төне алады!
Кедергілерге назар аударыңыз:
Қоқыстар, томарлар, тамырлар,
орлар болса – сүрініп кете аласыз!
Жиылмалы басқышта, орнықсыз
жерде жұмыс істемеңіз.
Құлақ бітеуіштерін пайдаланған
кезде, аса мұқият және сақ болуыңыз
керек – себебі ескерту дыбыстарын
сезу қабілеті (айғайлар, дабыл
белгілері және т.б.) шектеледі.
Жұмысты байыпты және тиянақты
түрде атқарыңыз, жарық жақсылап
түсіп тұруы тиіс және көрініс айқын
болуы тиіс. Басқа адамдарға қауіп
төндірмей, абайлампаздықпен жұмыс
істеңіз.
Төтенше шаршауды болдырмас үшін,
жұмыс барысында уақытымен үзіліс
жасап тұрғаныңыз жөн – жазатайым
оқиға қаупі төне алады!
Сіңірілетін шаң қамтушы
материалдың көп мөлшерін ұсатып
үрелеген және ішкері сіңірген кезде,
қоршаған ортаның қолайсыз
(мысалы, өте құрғақ) шарттарында
лезде токтан айырылуы мүмкін электр
статикалық зарядтар туындауы
ықтимал.
Шаң түзілетін болса, шаңға қарсы
бетперде тағыңыз.
Сіңірілетін қолайсыз материалды
сіңіру кезінде, ол крыльчатканы
бұғаттауы мүмкін. Агрегатты дереу
тоқтатып, штепсельді айырды
суырыңыз. Осыдан кейін ғана
бұғаттаушы сіңіргіш материалды
алып тастаңыз.
Үдеткіш тетіктің корпусының ішіне
қорғаныш торы немесе қондырма /
шүмек / жиклер арқылы заттарды
сұқпаңыз. Олар үдеткіш тетік арқылы
жоғары жылдамдықпен лақытырыла
алады – жарақат алу қаупі төнуі
мүмкін!
Құрылғының жұмысында өзгерістер
білінетін болса (мысалы, қатты діріл
байқалса) жұмысты тоқтатып,
өзгерістердің себебін кетіріңіз.
Егер де агрегат арналымынан тыс
жүктемеге ұшыраған болса (мысалы,
соққы немесе құлау нәтижесіндегі
күштің әсерінен), алдағыда жұмыс
істер алдында құрылғының қолданыс
күйін тексеріңіз «Жұмысты бастамас
бұрын» бөлімін қараңыз. Қауіпсіздік
қондырғысының пайдаланудағы
сенімділік дәрежесін тексеріңіз.
Жұмыс барысында қауіпті болатын
агрегаттарды ешбір жағдайда
қолданбаңыз. Қандай да бір күмән
туындаса, Мамандандырылған
дилерге жүгініңіз.
5 м радиусқа
дейінгі аумақта
қандай да бір
бөгде адамдар
болмауға тиіс –
лақтырылатын
заттардың
әсерінен жарақат
алу қаупі төнуі
мүмкін!

Похожие устройства

Скачать