DWT HKS12-54 5.1.17 Инструкция по эксплуатации онлайн [148/188] 860999
![DWT HKS12-54 5.1.17 Инструкция по эксплуатации онлайн [148/188] 860999](/views2/1881031/page148/bg94.png)
148
Қазақ тілі
• Қорғасын қосылған бояу.
• Кірпіштерде, цементте және басқа тас
өнімдерінде бар мөлдір кремний диоксиді.
• Химиялық жолмен өңделген ағашта
туындайтын күшәланың және хромның қауіп
деңгейі осындай жұмыс түрінің жиілігіне
байланысты. Осындай химиялық заттарға
тиюді болдырмау үшін, (қауіп осындай жұмыс
түріне жұмсайтын уақытқа байланысты
болғандықтан) мұндай химиялық қоспаларға
тимеу керек.
• Жақсы желдетілетін жағдайларда жұмыс
істеңіз.
• Жұмыс кезінде майда шаңды сүзетін шаңнан
қорғау маскасы сияқты мақұлданған қорғау
жабдығын киіңіз.
Дөңгелек араны пайдалану туралы қосымша
нұсқаулар
• Электр құралды пайдаланғанда келесі
нәрселерге назар аудару керек:
• ара жүзінде деформация, майысу және
ара тісінің жетіспеуі немесе сынған тістер
болмауы керек;
• жылдамдығы жоғары болаттан жасалған ара
жүзін пайдаалнбау керек;
• құралда ешбір тегістеу дөңгелегінің жүзін
пайдаланбау керек;
• нұсқаулардағы шарттарға сай емес ара жүзін
пайдаланбау керек;
• ара жүзін тоқтату үшін, ара жүзінің дискісіне
бүйірлік қысым түсірмеңіз;
• бүкіл қорғау жүйесінде жинау механизмінің
дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етіңіз;
• өзгертуді, реттеуді немесе басқа
техникалық қызмет көрсету жұмысын орындау
алдында ашаны розеткадан суыру керек.
• Электр құралын пайдаланғанда қаттылығы әр
түрлі материалдарға сай алға жылжу жылдамдығы
орташа деңгейде басқарылуы керек.
• Электр құралын пайдаланғанда өңделетін
ағашта темір шеге сияқты бөгде заттар
болмауы керек; ағаштың шығыңқы жерінде алға
жылжу жылдамдығы азаяды.
• Қорғау қақпағын алынған күйде жұмыс істеуге
тыйым салынады.
• Бұзылуды және кері тебуді барынша азайту
үшін ара жүзін таза және өткір күйде ұстау керек.
• ҚАУІП! Пайдалану кезінде қолдарды аралау
аумағынан аумақ ұстау керек және ара жүзіне тимеу
керек. Ара жүзі айналып жатқанда дайындаманы
салмау керек. Ара жүзі әлі айналып жатқанда
өңделіп жатқан бөліктерді қолмен ұстамау
керек.
• Электр құралды қолдармен қатты ұстаңыз.
Қолды немесе саусақтарды дөңгелек араның
артына қоймаңыз. Кері тебу орын алса, дөңгелек
ара қолдарыңызға қарай қозғалып, ауыр жарақатқа
әкелуі мүмкін (дұрыс емес пайдалану 16.1
суретінде көрсетілген).
• Кесу орындалып жатқанда дөңгелек араның
кеңірек негізгі бөлігін кесілетін бөлікке емес
дайындаманың тұрақты түрде тірелген бөлігіне
қою керек. (Дұрыс пайдалану 17 суретінде
көрсетілген; дұрыс емес пайдалану 16.2 суретінде
көрсетілген). Тым қысқа немесе кішкентай болса,
дайындаманы бекіту керек. Қысқа дайындаманы
қолдармен тіреуге әрекеттенбеңіз.
• Аралау әрекеті үшін дөңгелек араны аударылған
күйде пайдаланбау керек, өйткені ол өте қауіпті
және тіпті ауыр сәтсіз жағдайға әкелуі мүмкін
(18-суретте көрсетілгендей).
Жұмыс басталғанға дейін
• Электр құралды тек өндіруші ұсынған
материалды кесу үшін пайдаланыңыз.
• Ара жүзі көрсеткісі әрқашан қорғағыш қақпақ
көрсеткісімен бірдей бағытта нұсқауы керек.
• Пайдалану кезінде сырғитын қорғағыш
қақпақты ашық күйде ешқашан бекітпеңіз
(байлам, сына, т.б.)
• Сырғитын қорғағыш қақпақты бұғаттауды
немесе ара шаңымен бітелуін болдырмаңыз.
Солай болса, электр құралды өшіріңіз, ақаулықты
жойыңыз, тек содан кейін пайдалануды
жалғастырыңыз.
Жұмыс кезінде
• Ара жүзі толық жылдамдыққа жеткенше кесуді
ешқашан бастамаңыз.
• Әрқашан тек бір дайындаманы өңдеңіз - бұл
оны дұрыс бекітудің жалғыз жолы.
• Ұзын дайындамаларды өңдеу кезінде қысу
құралдарын пайдаланыңыз және дайындаманың
ұзын соңының астына тірек қойыңыз. Ешқашан
дайындаманы үшінші адамға ұстатып қоймаңыз.
• Электр құралдың қозғалтқышы жұмыс істеп
жатқанда ара шаңын немесе дайындаманың
қоқыс соңдарын ешқашан алмаңыз.
• Егер пайдалану кезінде ара жүзі дайындамада
тұрып қалса немесе оны қоқыс соңдары
бұғаттаса, электр құралды бірден өшіріңіз, тек
содан кейін ара жүзі қатесінің себебін кетіріңіз.
• Ешқашан құрамында асбест бар
дайындамаларды өңдемеңіз.
• Электр құралды отын ағашын кесу үшін
пайдаланбаңыз.
• Іске қосқанда электр қозғалтқышы тоқтап
қалмасын.
• Қозғалтқыш құралы ұзақ уақыт пайдаланылып
жатса, оның қатты қызып кетуінен сақтаныңыз.
• Кесілген бөліктер шығатын жерді саусақтармен
ешқашан жаппаңыз.
• Электр құралды ешқашан бас деңгейінен
жоғары пайдаланбаңыз.
Пайдалануды аяқтағаннан кейін
• Электр құралды дайындамадан ара жүзі өшіп,
толығымен тоқтағаннан кейін ғана алу керек.
• Ара жүзінің инерциялық айналуын шпиндель
құлпымен немесе ара жүзінің бүйірлік бетіне
күш қолдану арқылы баяулатуға ешқашан
тырыспаңыз. Егер осы мақсатта шпиндель
құлпын пайдалансаңыз, электр құрал істен
шығады және кепілдіктің күші жойылады.
• Ара жүздері пайдалану кезінде өте ыстық
болуы мүмкін - оларға суығанша тимеңіз.
Нұсқаулықта қолданылатын
таңбалар
Пайдалану нұсқаулығында төменде берілген
таңбалар қоладнылады, олардың мағынасын
есте сақтаңыз. Таңбаларды дұрыс түсіндіру
электр құралды дұрыс және қауіпсіз қолдануға
көмектеседі.
Содержание
- Inhalt content sommaire indice contenido índice i çindekiler zawartość obsah obsah conţinut съдържание περιεχόμενο 2
- Содержание зміст turinys мазмұны 2
- Inhalt content sommaire indice contenido índice i çindekiler zawartość obsah obsah conţinut съдържание περιεχόμενο 3
- Содержание зміст turinys мазмұны 3
- Inhalt content sommaire indice contenido índice i çindekiler zawartość obsah obsah conţinut съдържание περιεχόμενο 4
- Содержание зміст turinys мазмұны 4
- Elektrowerkzeug technische daten 12
- Power tool specifications 20
- Spécifications de l outil électrique 28
- Specifiche tecniche dell utensile elettrico 36
- Especificaciones de la herramienta eléctrica 44
- Especificações da ferramenta eléctrica 52
- Elektrikli alet özelliği 60
- Dane techniczne elektronarzędzia 68
- Specifikace elektronářadí 76
- Špecifikácie elektronáradia 84
- Date tehnice ale uneltei electrice 92
- Технически характеристики на електрическия инструмент 100
- Προδιαγραφές ηλεκτρικού εργαλείου 109
- Технические характеристики электроинструмента 118
- Технічні характеристики електроінструменту 127
- Elektrinio instrumento techniniai duomenys 136
- Қозғалтқыш құралдың сипаттамалары 144
Похожие устройства
- DWT HKS15-65 5.1.75 Схема разбора и таблица запчастей
- Энкор ПДЭ-1200/55 50239 Инструкция к товару
- Felisatti ДП-165/1300 551.5.1.00 Инструкция по эксплуатации
- RWS 4,8В 24374 Инструкция к товару
- GRAPHITE 185мм, 1200Вт 58G486 Инструкция по эксплуатации
- GRAPHITE 185 мм, 1200Вт, доп диск, кейс 58G488 Инструкция по эксплуатации
- Интерскол ДП-210/1900 М 98.1.1.20 Инструкция по эксплуатации
- Калибр ЭПД-1300 00000078201 Инструкция по эксплуатации
- KEYANG CS20BLH-165 (Bare) Инструкция по эксплуатации
- Kolner KCS 140/900 8031000086 Инструкция по эксплуатации
- Kolner KCS 160/1300 8031000096 Инструкция по эксплуатации
- Kolner KCS 165/1400 8031000106 Инструкция по эксплуатации
- Kolner KCS 185/1500 8031000116 Инструкция по эксплуатации
- Kolner KCS 210/2000 8031000146 Инструкция к товару
- Makita 5903 R Инструкция по эксплуатации
- Makita LXT DCS551RMJ Инструкция по эксплуатации
- Makita LXT DCS551Z Инструкция к товару
- Makita LXT DCS553Z Инструкция по эксплуатации
- Парма 235Д 02.004.00004 Инструкция к товару
- Зубр с 10 битами ОШ-7.2 Н Инструкция к товару