Hilti AG 4S-A22-125 чемодан 2215884 Инструкция к товару онлайн [180/228] 861643
![Hilti AG 4S-A22-125 чемодан 2215884 Инструкция к товару онлайн [180/228] 861643](/views2/2099308/page180/bgb4.png)
174 Қазақ 2233926
*2233926*
▶ Абразивті аспаптарды тек мақсатына сай қолдану керек. Мысалы: тегістеуді кесу дискісінің
бүйірлік бетімен орындауға тыйым салынады. Кесу дискілері материалды диск жиегімен алуға
арналған. Дискіге бүйірінен жасалатын әсер оның бұзылуының себебіне айналуы мүмкін.
▶ Тегістеу дискісін орнату үшін әрқашан зақымдалмаған, өлшемі мен пішіні дұрыс қыспа
фланецті қолданыңыз. Пішіні мен өлшемі жарайтын фланецтер тегістеу дискісін бекітеді және оның
сыну қаупінің дәрежесін азайтады. Кесу дискілерінің қыспа фланецтері басқа тегістеу дискілерінің
қыспа фланецтерінен ерекшеленуі мүмкін.
▶ Өлшемі үлкенірек электр құралдардың тозған тегістеу дискілерін қолданбаңыз. Өлшемі
үлкенірек электр құралдар үшін жасалған тегістеу дискілері шағын өлшемді электр құралдардың
жоғары айналу жиілігіне арналмаған және осы себепті бұзылуы мүмкін.
Дискімен кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша нұсқаулар:
▶ Кесу дискісінің бұғатталуын немесе тым қатты басу қысымын болдырмаңыз. Тым қатты
кесулерді орындамаңыз. Кесу дискісіне шамадан тыс жүктеме түсуі оның тозуын және қисаю
немесе бұғатталу мүмкіндігін, сонымен бірге қайтарымның пайда болу немесе оның бұзылу
мүмкіндігін арттырады.
▶ Айналып жатқан кесу дискісінің аймағында және оның артында тұрмаңыз. Өңдеп жатқан
бөлшектегі кесу дискісі өзіңізден ары бағытта ауытқығанда электр құрал қайтарым пайда болғанда
тура сізге ыршып түсуі мүмкін.
▶ Кесу дискісі сыналанған немесе жұмысты тоқтатқан жағдайда аспапты өшіріңіз және диск
толық тоқтағанын күтіңіз. Әлі айналып жатқан дискіні кесу жерінен шығарып алуға ешқашан
әрекет жасамаңыз – қайтарым болуы мүмкін. Сыналану себебін анықтаңыз және кетіріңіз.
▶ Әлі өңдеп жатқан бөлшекте болса, аспапты қайтадан қоспаңыз. Жұмысты жалғастыру
алдында аспап жұмыс айналу жиілігіне дейін тездегенше күтіңіз. Әйтпесе диск сыналануы,
өңдеп жатқан бөлшектен ыршып кетуі немесе қайтарымның пайда болуы мүмкін.
▶ Кесу дискісі сыналанған жағдайда қауіп дәрежесін азайту үшін үлкен өлшемді тақталарды
немесе бөлшектерді тіреңіз. Үлкен өңделетін бөлшектер өз салмағының әсерінен иілуі мүмкін.
Өңделетін бөлшекті екі жағынан кесуді орындау орнының жанында, сондай-ақ, бөлшек жиегінің
бойында тіреу керек.
▶ Жасырын салада, мысалы, дайын қабырғада, «батырып» кесуді орындағанда әсіресе сақ
болыңыз. Газ және су құбырларын, электр сымдарын немесе басқа заттарды кесу кезінде кесу
дискісін салғанда, қайтарым пайда болуы мүмкін.
Зімпара дискілерімен тегістеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы туралы арнайы нұсқаулар:
▶ Өлшемі қажеттіден үлкенірек тегістеу дискілерін қолданбаңыз, тегістеу дискілерінің
өлшеміне қатысты нұсқауларды орындаңыз. Тегістеу тостағанының шеңберінен шығатын
тегістеу дискілері тегістеу дискісінің бұғатталуы, айрылуы немесе кері соққы сияқты бүлінулерді
тудыруы мүмкін.
Сым қылшақтармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқаулар:
▶ Сым қылшақтар сым бөліктерін кәдімгі қолдану кезінде де жоғалтатынын ескеріңіз. Оларға
тым қатты басу қысымын қолданбаңыз. Ұшып кететін сым бөліктері киімнің жұқа матасы арқылы
оңай өтуі және/немесе теріге енуі мүмкін.
▶ Қорғауыш қаптаманы қолданғанда оның сым қылшаққа тиюіне жол бермеңіз. Тарелка және
шыныаяқ тәрізді қылшақтар басу және ортасынан тепкіш күш әсерінен диаметрін үлкейтуі мүмкін.
2.1.3 Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша ережелер
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Өнімді тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
▶
Аспапты бейімдеуге немесе өзгертуге тыйым салынады.
▶ Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз - жарақат алу қаупі бар!
▶ Құралды алмастырған кезде қорғаныс қолғаптарын да киіңіз. Алмалы-салмалы аспапқа тию
кесіктерге және күйіктерге апарып соғуы мүмкін.
▶ Жұмысты бастау алдында дайындама материалы бойынша пайда болатын шаңның қауіп класын
анықтаңыз. Аспаппен жұмыс істеу үшін қорғаныс дәрежесі қолданыстағы шаңнан қорғау
нормаларына сай құрылыс шаңсорғышын қолданыңыз. Құрамында қорғасын бар бояулар,
ағаштың кейбір түрлері, бетон/кірпіш қалауы/кварц қамтитын жыныстар және минералдар мен
металл сияқты материалдардан пайда болатын шаң денсаулық үшін зиянды болуы мүмкін.
▶ Жұмыс орнындағы ауа алмасуды жақсарту үшін әрекет етіңіз және қажетінше тиісті шаңға
арналған респираторды тағыңыз. Мұндай шаңның бөлшектерімен дем алу немесе оған тию
пайдаланушыларда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакциялардың және/немесе дем
алу жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді
немесе шамшатты өңдеу кезінде пайда болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе ағашты
Printed: 29.08.2019 | Doc-Nr: PUB / 5476814 / 000 / 02
Похожие устройства
- ISPARUS ISP 440 от 80 до 140 кг, графит 17203 Паспорт изделия
- ISPARUS ISP 440 от 80 до 140 кг, графит 17203 Инструкция
- Falcon Eye FE-B3W бронза 00-00110300 Инструкция по эксплуатации
- Falcon Eye FE-B4W бронза 00-00110302 Инструкция
- Falcon Eye FE-B5W бронза 00-00110299 Инструкция к товару
- Falcon Eye FE-B2W Bronze 00-00110298 Инструкция к товару
- Falcon Eye FE-B3W Silver 00-00088891 Инструкция по эксплуатации
- НОРА-М №4S до 120 кг коричневый 15888 Инструкция к товару
- НОРА-М №4S до 120 кг коричневый 15888 Инструкция к товару
- Hilti AG 4S-A22-125 коробка 2215882 Инструкция к товару
- G-Teq 8605 металл Инструкция к G-teq 8605
- BXG ESD -1000 локтевой, алюминиевый сплав и пластик 1749246 Руководство по эксплуатации
- Solinne TM804, полированный, 1000 мл 2512.042 Паспорт
- Makita LXT DGA504RME Инструкция по эксплуатации
- Metabo C 18 LTX BL 600349850 Инструкция по эксплуатации
- FAR 220 В, 1/2", НР-ВР, 8 сек FA 300717 1208 Инструкция к FAR FA 300717 1208
- Metabo CC 18 LTX BL 600349840 Инструкция по эксплуатации
- Metabo PowerMaxx CC 12 BL 2x4.0 600348800 Инструкция по эксплуатации
- Metabo PowerMaxx CC 12 BL 600348840 Инструкция по эксплуатации
- Metabo PowerMaxx CC 12 BL 600348850 Инструкция по эксплуатации