Bosch GPB 18V-2 C без аккумулятора и ЗУ 06014A3000 Инструкция к товару онлайн [159/259] 862007

Bosch GPB 18V-2 C без аккумулятора и ЗУ 06014A3000 Инструкция к товару онлайн [159/259] 862007
Қазақ | 159
істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз
(сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен
істен шығу себептерінің тізімі
тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді
пайдаланбаңыз
өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса,
пайдаланбаңыз
жауын –шашын кезінде сыртта (далада)
пайдаланбаңыз
корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз
қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
Шекті күй белгілері
тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы
өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
құрғақ жерде сақтау керек
жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің
әсерінен алыс сақтау керек
сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан
қорғау керек
орамасыз сақтау мүмкін емес
сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін
МЕМСТ15150-69 (шарт1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген
механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды
пайдалануға рұқсат берілмейді.
тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69
(5шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Барлық қауіпсіздік техникасының
нұсқауларын және ескертпелерді оқып
шығыңыз. Қауіпсіздік техникасының
нұсқауларын және ескертпелерді сақтамау
ток соғуға, өртке және/немесе ауыр
жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Қауіпсіздік техникасының нұсқаулары мен
ескертпелерді болашақ жұмыстар үшін сақтап
қойыңыз.
u Әр пайдаланудан бұрын радио қабылдағышты,
штепсельдік қуат блогын, кабельді және ашаны
тексеріңіз. Зақымдар байқалған жағдайда, радио
қабылдағышты пайдаланбаңыз. Радио
қабылдағыш пен штепсельдік қуат блогын өз
бетіңізбен ашпаңыз және оларды тек білікті
маманға және түпнұсқа қосалқы бөлшектермен
жөндеуге рұқсат етіңіз. Зақымдалған радио
қабылдағыштар, штепсельдік қуат блоктары,
кабельдер және ашалар электр тогының соғу қаупін
арттырады.
u Штепсельдік қуат блогының желілік ашасы
розеткаға сай болуы қажет. Ашаны ешқандай
жолмен өзгертуге болмайды. Ешқандай адаптер
ашаларын радио қабылдағыштармен бірге
қолданбаңыз. Өзгертілмеген ашаны және жарамды
розеткаларды пайдалану ток соғу қаупін төмендетеді.
u Штепсельдік қуат блогының кабелін радио
қабылдағышты тасымалдау, асып қою немесе
ашаны розеткадан суырып шығару үшін қате
жолмен пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтан,
майдан, өткір жиектерден немесе құрылғының
жылжымалы бөліктерінен алшақ ұстаңыз.
Зақымдалған немесе шиеленіскен кабель ток соғу
қаупін арттырады.
Радио қабылдағыш пен штепсельдік қуат
блогын жаңбырдан немесе ылғалдан
сақтаңыз. Радио қабылдағышқа немесе
штепсельдік қуат блогына су кірсе, бұл ток
соғу қаупін арттырады.
u Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
бар.
u Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс
пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы
мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып
қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және
шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу
тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
u Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе
зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық
ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге
тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық
көзге тисе, медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе
күйдіруі мүмкін.
u Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
u Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді
тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан,
тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден
және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз.
Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа
тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
u Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші
өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы
аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
u Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші
көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз.
Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне
арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін
пайдалану өрт қаупін тудырады.
Bosch Power Tools 1 609 92A 7XU | (27.05.2022)

Похожие устройства

Скачать