Bosch GPB 18V-2 C без аккумулятора и ЗУ 06014A3000 Инструкция к товару онлайн [163/259] 862007

Bosch GPB 18V-2 C без аккумулятора и ЗУ 06014A3000 Инструкция к товару онлайн [163/259] 862007
Қазақ | 163
Ол үшін түймелі батареяның қақпағын (18) сағат тілінің
бағытына қарсы (мысалы, тиынмен) бұрып, қақпақты
алып тастаңыз. Жаңа түймелі батареяны орнатыңыз.
Бұл ретте қақпақтың (18) ішіндегі суретте көрсетілгендей
полюстердің дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.
Түймелі батареяның қақпағын (18) қайтадан орнатып,
оны сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз. Қақпақ оның
үстіндегі және құлып белгісіндегі таңбаламалар бір-біріне
қарап тұрғанда ғана берік құлыптанады.
u Радио қабылдағышты ұзақ уақыт
пайдаланбасаңыз, түймелі батареяны құрылғыдан
шығарып алыңыз. Радио қабылдағышта ұзақ уақыт
сақтауда жатқан түймелі батареяны тот басуы және
оның заряды өздігінен таусылуы мүмкін.
Пайдалану
u Радио қабылдағышты судың тікелей тиюінен
қорғаңыз. Радио қабылдағыштың ішіне су кірсе, ток
соғу қаупі артады.
u Аккумулятор қақпағын және жалғағыштар
бөлімінің қорғаныш қалпағын мүмкіндігінше
жабық ұстаңыз. Жабық қақпақтар радио
қабылдағышты су мен шаңнан қорғайды.
Аудио режим
Қосу/өшіру
Радио қабылдағышты қосу үшін қосу/өшіру түймесін (2)
басыңыз. Дисплей (1) іске қосылып, радио
қабылдағышты соңғы рет өшірген кезде, реттелген аудио
көзі ойнатылады.
Дисплей (1) түймені әр басқан сайын бірнеше секундқа
жанады.
Радио қабылдағышты өшіру үшін қосу/өшіру түймесін
(2) қайтадан басыңыз. Аудио көзінің ағымдағы реттеуі
жадта сақталады.
Дыбыс деңгейін реттеу
Радио қабылдағышты қосқаннан кейін, әрдайым төмен
дыбыс деңгейі орнатылады.
Дыбыс деңгейін көтеру үшін қосу/өшіру түймесін (2)
сағат тілінің бағытымен, ал дыбыс деңгейін төмендету
үшін – сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
<VL> немесе <Volume> дыбыс деңгейінің реттеуі 0 және
30 аралығындағы мәнмен бірге дисплейде бірнеше
секундқа пайда болады. Радио қабылдағышты реттеуден
немесе алмастырудан бұрын дыбыс деңгейін төмен
мәнге, ал сыртқы аудио көзін іске қосудан бұрын орташа
мәнге орнатыңыз.
Дыбысты өшіру үшін дыбысты өшіру түймесін (8) басуға
болады. Дыбысты қайта қосу үшін дыбысты өшіру
түймесін қайтадан қысқаша басыңыз немесе қосу/өшіру
түймесін (2) сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Дыбыс деңгейін әркез өзгертуге болады. Егер мәзір
функциясы іске қосылған болса, индикатор дыбыс
деңгейін өзгерткеннен кейін бірнеше секунд ішінде
мәзірге қайтады.
Радио қабылдағыш мына жағдайларда 19минуттан кейін
автоматты түрде өшіп қалады:
осы уақытта радио қабылдағыштағы дыбыс деңгейі 0
мәніне орнатылғанда,
радио қабылдағыштағы дыбыс өшірілгенде немесе
ойнататын құрылғыдағы (мысалы, смартфон) дыбыс
деңгейі 0 мәніне орнатылғанда.
Аудио көзін таңдау
Аудио көзін таңдау үшін бастапқы көз түймесін (7)
дисплейде қажетті ішкі немесе сыртқы аудио көзі
көрсетілгенше басыңыз:
DAB/DAB2: DAB+ (GPB18V‑2SC) арқылы сандық
радио,
FM/FM2: UKW арқылы аналогтік радио,
AUX: жалғағыштар бөліміндегі(15) 3,5мм
ұяшықAUXIN(24) арқылы сыртқы аудио көзі
(мысалы, смартфон),
: Bluetooth® қосылымы арқылы сыртқы аудио көзі
(мысалы, смартфон).
Ағымдағы аудио көзін аудио көзінің индикаторы (b)
немесе Bluetooth® индикаторы(a) арқылы анықтауға
болады.
DAB және DAB2 (GPB18V‑2SC), сондай-ақ FM және
FM2 аудио көздерінің функциялары өзгешеленбейді,
олар тек қана қосымша бағдарлама сақтау орындарын
ұсынады.
DAB+ радио таратқышын реттеу/сақтау
(GPB18V‑2SC)
DAB+ радио таратқышы аудио көзін таңдау үшін бастапқы
көз түймесін (7), аудио көзінің индикаторында(b) DAB
немесе DAB2 көрсетілгенше, басыңыз.
Қысқа мерзімді баптандырудан кейін, соңғы реттелген
радио таратқышы ойнатылады.
Таратқыштың атауы көп функциялы индикатордың (k)
жоғарғы жолағында көрсетіледі. Көп функциялы
индикатордың астыңғы жолағында көрсетілетін қосымша
ақпараттың түрін мәзір функциясында реттеуге болады.
Таратқышты ауыстыру үшін бастапқы көз түймесін
(7), қалаулы таратқыш дисплейде көрсетілгенше,
бұраңыз. Таңдауды растау үшін бастапқы көз түймесін
(7) басыңыз. Радио қабылдаыш таңдалған таратқышқа
ауысады.
Балама ретінде таратқышты ауыстыру үшін артқа іздеу
түймесін (10) немесе алға іздеу түймесін (9) басуға
болады. Радио қабылдағыш келесі қолжетімді
таратқышқа ауысады (алфавиттік реттілік бойынша
төмен немесе жоғары қарай).
Реттелген таратқышты жадқа сақтау үшін қалаулы
сақтау орнының бағдарламаны сақтау түймесін (5),
сақтау орнының индикаторындағы (c) сақтау орнының
нөмірі пайда болғанша, басыңыз.
Егер 4 сақтау орны аудио көзіне DAB тағайындалған
болса, бастапқы көз түймесін (7) басу арқылы келесі 4
Bosch Power Tools 1 609 92A 7XU | (27.05.2022)

Похожие устройства

Скачать