Bosch GPB 18V-2 C без аккумулятора и ЗУ 06014A3000 Инструкция к товару онлайн [165/259] 862007

Bosch GPB 18V-2 C без аккумулятора и ЗУ 06014A3000 Инструкция к товару онлайн [165/259] 862007
Қазақ | 165
Сыртқы аудио көздерін Bluetooth® арқылы ойнату/
басқару
Аудио көзін (мысалы, смартфон) Bluetooth® арқылы
ойнату үшін бастапқы көз түймесін (7), Bluetooth®
индикаторы(a) дисплейде көрсетілгенше, басыңыз
немесе ағымдағы аудио көзіне қарамастан Bluetooth®
түймесін (11) қысқаша басыңыз.
Байланыс орнату немесе байланысты іздеу процесінің
барысында Bluetooth®индикаторы(a) жыпылықтайды.
GPB18V‑2SC: көп функциялы(k)
индикаторында<Pairing> хабары көрсетіледі.
Егер радио қабылдағыш әлдеқашан сыртқы аудио
көзіне Bluetooth® арқылы қосылған және бұл аудио
көзі қолжетімді болса, бұл аудио көзімен байланыс
автоматты түрде орнатылады.
Егер жадта сақталған аудио көзі қолжетімсіз болса,
іздеу процесі басталады. Сыртқы аудио көзі арқылы
жаңа байланысты іске қосыңыз. Бұл әрекетті
смартфондарда көбінесе Bluetooth® мәзіріндегі
реттеулердің ішінде орындауға болады. Радио
қолжетімді бастапқы көз ретінде GPB18V‑2Cxxxx
немесе GPB18V‑2SCxxxx атауларының астында
көрсетіледі. Бұл ретте аудио көзінің/смартфонның
пайдалану бойынша нұсқаулығын қараңыз.
Егер Bluetooth® арқылы аудио көзімен бұрыннан бар
байланыс аяқталса және жаңа аудио көзі ізделсе
(PAIRING), Bluetooth® түймесін(11) 0,5секундтан
ұзақ басыңыз. Байланысты жоғарыда сипатталғандай
іске қосыңыз.
Bluetooth® арқылы аудио көзі қосылғаннан кейін,
Bluetooth®индикаторы(a) үздіксіз жанып тұрады.
GPB18V‑2SC: Bluetooth® арқылы қосылған құрылғының
атауы көп функциялы индикатордың(k) жоғарғы
жолағында көрсетіледі. Астыңғы жолақта қосылған
құрылғыдан таратылатын мәтін көрсетіледі.
Bluetooth® арқылы байланыс орнату мүмкін болмаса,
радио қабылдағыш 19минуттан кейін автоматты түрде
өшіп қалады.
Bluetooth® арқылы қосылған аудио көзін радио
қабылдағыш арқылы да басқаруға болады:
Жолақты таңдау және іске қосу үшін алға іздеу
түймесін (9) немесе артқа іздеу түймесін (10),
қалаулы жолаққа қол жеткізгенше, қысқаша басыңыз.
Таңдалған жолақтың ойнатылуы автоматты түрде іске
қосылады.
Ойнатуды тоқтату үшін дыбысты өшіру түймесін (8)
басыңыз. Дисплейде кідіріс индикаторы (f) пайда
болады.
Ойнатуды жалғастыру үшін дыбысты өшіру түймесін
(8) қайтадан басыңыз, дыбыс деңгейін қосу/өшіру
түймесі (2) арқылы өзгертіңіз немесе алға іздеу
түймесін (9) немесе артқа іздеу түймесін (10)
басыңыз.
Бір жолақтың ішінде алға немесе кері айналдыру
үшін алға іздеу түймесін (9) немесе артқа іздеу
түймесін (10), жолақтағы қажетті жерге жеткенше,
басып тұрыңыз.
Егер Bluetooth® арқылы жұмыс режимінде бағдарламаны
сақтау түймелерінің (5) бірі басылса, радио қабылдағыш
соңғы рет пайдаланылған радио жұмыс режимінде
сақталған таратқышқа ауысады.
Dual Speaker Sound арқылы ойнату (аудио көзі
Bluetooth® болғанда)
Егер аудио көзі Bluetooth® арқылы ойнатылып тұрса, Dual
Speaker Sound (DSS) функциясын іске қосуға болады.
Бұл ретте 2радио қабылдағыш (GPB18V‑2C немесе
GPB18V‑2SC) бір ойнату әрекеті үшін оң мен сол жақ
динамиктер ретінде қолданылады.
Dual Speaker Sound функциясын іске қосыңыз:
Екі радио қабылдағыштың бірі әлдеқашан Bluetooth®
арқылы аудио көзіне қосылып тұруы тиіс.
Радио қабылдағышты оң жақ динамик ретінде таңдау:
мәзір ішінде таңдаңыз: <DSS> <DSSR>
(GPB18V‑2C) немесе <SetDSS> <RightSpeaker>
(GPB18V‑2SC).
Радио қабылдағышты сол жақ динамик ретінде таңдау:
мәзір ішінде таңдаңыз: <DSS> <DSSL>
(GPB18V‑2C) немесе <SetDSS> <LeftSpeaker>
(GPB18V‑2SC).
2-шірадио қабылдағышта Bluetooth® жұмыс режимін
таңдаңыз.
2-шірадио қабылдағыштың мәзірінде басқа динамикті
таңдаңыз.
Ойнату процесін Bluetooth® арқылы қалауыңызша
басқарыңыз.
Мәзір реттеулерін өзгерту
Мәзір функциясына кіру үшін дыбысты өшіру түймесін
(8) (MENU), мәзір функциясының индикаторы(e)
дисплейде көрсетілгенше, басыңыз.
Мәзірді шарлау:
Мәзір арқылы айналдырып өту: бастапқы көз түймесін
(7) бұраңыз.
Мәзір реттеуін таңдау және сақтау: бастапқы көз
түймесін (7) (OK) басыңыз.
Ішкі мәзірге ауысу: бастапқы көз түймесін (7)
басыңыз.
Ішкі мәзірден жоғарғы мәзірге қайту: дыбысты өшіру
түймесін (8) басыңыз. Егер ең жоғарғы мәзір
деңгейіне жетсеңіз, радио қабылдағыш аудио жұмыс
режиміне қайтып оралады.
Кез келген деңгейдегі мәзір функциясынан шығу және
аудио жұмыс режиміне қайтып оралу үшін дыбысты
өшіру түймесін (8), дисплейде мәзір функциясының
индикаторы (e) сөнгенше, басыңыз. Балама ретінде
радио қабылдағыш түймені соңғы рет басқаннан кейін
10секунд ішінде автоматты түрде аудио жұмыс режиміне
қайтып оралады.
Егер мәзір реттеулері радио қабылдағышты өшіру
кезінде ары қарай жадқа сақталмай қалса, түймелі
батареяны (буферлік батареяны) алмастырыңыз.
Bosch Power Tools 1 609 92A 7XU | (27.05.2022)

Похожие устройства

Скачать