Bosch GPB 18V-5 C без аккумулятора и ЗУ 06014A4000 Инструкция к товару онлайн [149/243] 862008
![Bosch GPB 18V-5 C без аккумулятора и ЗУ 06014A4000 Инструкция к товару онлайн [149/243] 862008](/views2/2099718/page149/bg95.png)
Қазақ | 149
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
– құрғақ жерде сақтау керек
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің
әсерінен алыс сақтау керек
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан
қорғау керек
– орамасыз сақтау мүмкін емес
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін
МЕМСТ15150-69 (шарт1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген
механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды
пайдалануға рұқсат берілмейді.
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69
(5шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Барлық қауіпсіздік техникасының
нұсқауларын және ескертпелерді оқып
шығыңыз. Қауіпсіздік техникасының
нұсқауларын және ескертпелерді сақтамау
ток соғуға, өртке және/немесе ауыр
жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Қауіпсіздік техникасының нұсқаулары мен
ескертпелерді болашақ жұмыстар үшін сақтап
қойыңыз.
u Әр пайдаланудан бұрын радио қабылдағышты,
кабельді және ашаны тексеріңіз. Зақымдар
байқалған жағдайда, радио қабылдағышты
пайдаланбаңыз. Радио қабылдағыш пен ашаны өз
бетіңізбен ашпаңыз және оларды тек білікті
маманға және түпнұсқа қосалқы бөлшектермен
жөндеуге рұқсат етіңіз. Зақымдалған радио
қабылдағыштар, кабельдер және ашалар электр
тогының соғу қаупін арттырады.
u Желілік ашаны қорғаныш контактісі бар оңай
қолжетімді розеткаға жалғау керек.
u Желілік аша розеткамен үйлесімді болуы керек.
Ашаны ешқандай жолмен өзгертуге болмайды.
Ешқандай адаптер ашаларын радио
қабылдағыштармен бірге қолданбаңыз.
Өзгертілмеген ашаны және жарамды розеткаларды
пайдалану ток соғу қаупін төмендетеді.
u Радио қабылдағышты желілік қосылыммен
пайдаланған кезде желілік кабельді толықтай
жайыңыз. Әйтпесе желілік кабель қызып кетуі
мүмкін.
u Радио қабылдағышты тасымалдау, асып қою
немесе ашасын розеткадан шығару үшін кабельді
мақсатынан тыс пайдаланбаңыз. Кабельді
ыстықтан, майдан, өткір жиектерден немесе
құрылғының жылжымалы бөліктерінен алшақ
ұстаңыз. Зақымдалған немесе шиеленіскен кабель
ток соғу қаупін арттырады.
Радио қабылдағышты жаңбырдан немесе
ылғалдан қорғаңыз. Радио қабылдағыштың
ішіне су кірсе, ток соғу қаупі артады.
u Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
бар.
u Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс
пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы
мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып
қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және
шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу
тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
u Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе
зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық
ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге
тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық
көзге тисе, медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе
күйдіруі мүмкін.
u Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
u Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді
тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан,
тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден
және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз.
Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа
тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
u Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші
өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы
аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
u Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші
көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз.
Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне
арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін
пайдалану өрт қаупін тудырады.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ,
мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан,
кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі
туындайды.
Bluetooth® сөз белгісі, сондай-ақ сурет белгілері
(логотиптер) Bluetooth SIG, Inc компаниясының
тіркелген сауда белгілері және жеке меншігі болып
табылады. Осы сөз/сурет белгісінің Robert Bosch
Power Tools GmbH тарапынан әр қолданылуы
лицензия бойынша жүзеге асады.
Өнім және қуат сипаттамасы
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Bosch Power Tools 1 609 92A 7T0 | (27.05.2022)
Похожие устройства
- Al-Ko WR 2000 EasyFlex 113631 Взрыв-схема
- Al-Ko WR 2000 EasyFlex 113631 Инструкция к товару
- GROSSBERG 900х900х2150, высокий поддон 40 см, стекло матовое TM 109 Паспорт
- Einhell GE-CC 18 Li Kit 3424051 Инструкция к Einhell GE*CC 18 Li Kit 3424051
- Grossman 100x100x215 см, 4 места GR141 Инструкция к товару
- Grossman 90x100x215 см, 5 мест GR266 Инструкция к товару
- Grossman 90x120x225 см, 3 места GR227L Инструкция к товару
- Grossman 90x120x225 см, 3 места GR227R Инструкция к товару
- Grossman 90x90x215 см, 5 мест GR261 Инструкция к товару
- Grossman 90x90x225 см, 3 места GR121 Инструкция к товару
- Grossman 90x90x225 см, 3 места GR221 Инструкция к товару
- Grossman Classic 4 места, 100х100х205 см GR170QL Инструкция к товару
- Grossman Classic 90х90х205 см, 4 места GR171 Инструкция к товару
- MARONI LINE 90x90x228, сифон D50мм SR90M-BND-DN4 466167 Инструкция
- Fein ABLS 18 1.6 E Select 71300461000 Инструкция к товару
- Metabo SCV 18 LTX BL 1.6 601615850 Инструкция по эксплуатации
- Экопром Rostok дачная, без бака, серая 202.0000.803.000 Инструкция к Экопром 202.0000.803.000
- Экопром Rostok дачная, без бака, зеленая 202.0000.401.000 Инструкция к Экопром 202.0000.803.000
- Bosch ISIO 0600833109 Инструкция по эксплуатации
- Aquanet AP40-04 Galaxy Black с верхним водопадом, 6 г/м форс, алюминий/мат черный 00237439 Инструкция по установке