Bosch GPB 18V-5 C без аккумулятора и ЗУ 06014A4000 Инструкция к товару онлайн [154/243] 862008
![Bosch GPB 18V-5 C без аккумулятора и ЗУ 06014A4000 Инструкция к товару онлайн [154/243] 862008](/views2/2099718/page154/bg9a.png)
154 | Қазақ
– Жадқа сақталған таратқышты ойнату үшін
бағдарламаны сақтау түймелерінің(17) бірін қысқаша
басыңыз. Сақтау орнының индикаторында(c) сақтау
орнының нөмірі пайда болады.
Қадаулы антеннаны туралау
Радио қабылдағыш орнатылған қадаулы антеннамен (30)
бірге жеткізіледі. UKW арқылы радио жұмыс режимінде
қадаулы антеннаны ең жақсы қабылдау бағынына
бұраңыз.
Жеткілікті сигнал қабылдау мүмкін болмаса, радио
қабылдағышты жақсырақ қабылдау мүмкіндігіне ие жерге
қойыңыз.
Нұсқау: радио қабылдағышты радио жабдықтардың,
радио құрылғылардың немесе басқа электрондық
құрылғылардың ортасында пайдаланған кезде, радио
сигналының қабылдануына кедергі жасалуы мүмкін.
AUX арқылы сыртқы аудио көздерін жалғау
Құлыптау иінтірегін(8) ашып, тасығыш бөлімінің
қақпағын(7) ашыңыз. AUX кабелінің(9) 3,5 мм
ашасынAUXIN ұяшығына(10) енгізіңіз. AUX кабелін
тиісті аудио көзіне жалғаңыз.
AUX аудио көзін ойнату үшін бастапқы көз түймесін (18),
аудио көзінің индикаторында (h) AUX пайда болғанша,
басыңыз.
Ластанудан қорғау үшін тасығыш бөлімінің қақпағын(7)
қайтадан жауып, AUX кабелінің ашасын шығарғанда, оны
құлыптаңыз.
Өлшемі сәйкес келсе, AUX арқылы жалғанған аудио көзін
сақтау бөліміне(6) де орналастыруға болады.
Егер AUX режимінде бағдарламаны сақтау түймелерінің
(17) бірі басылса, радио қабылдағыш соңғы рет
пайдаланылған радио жұмыс режимінде сақталған
таратқышқа ауысады.
Сыртқы аудио көздерін Bluetooth® арқылы ойнату/
басқару
Аудио көзін (мысалы, смартфон) Bluetooth® арқылы
ойнату үшін бастапқы көз түймесін (18), Bluetooth®
индикаторы(g) дисплейде көрсетілгенше, басыңыз
немесе ағымдағы аудио көзіне қарамастан Bluetooth®
түймесін (21) қысқаша басыңыз.
Егер радио қабылдағыш әлдеқашан сыртқы аудио көзіне
Bluetooth® арқылы қосылған және бұл аудио көзі
қолжетімді болса, бұл аудио көзімен байланыс автоматты
түрде орнатылады. Байланыс орнатылғаннан кейін,
Bluetooth®индикаторы(g) үздіксіз жанып тұрады.
GPB18V‑5SC: Bluetooth® арқылы қосылған құрылғының
атауы көп функциялы индикатордың(k) жоғарғы
жолағында көрсетіледі. Астыңғы жолақта қосылған
құрылғыдан таратылатын мәтін көрсетіледі.
Егер 2 минут ішінде ешқандай байланыс орнатылмаса,
байланыс орнату әрекеті тоқтатылып,
Bluetooth®индикаторы(g) үздіксіз жыпылықтайды.
GPB18V‑5SC: көп функциялы(k) индикаторында <Not
connected> хабары көрсетіледі.
Орнатылған байланыссыз келесі 17 минуттан кейін радио
қабылдағыш автоматты түрде өшіп қалады.
Bluetooth® арқылы жаңа байланыс орнату:
– Жаңа сыртқы аудио көзімен байланыс орнату үшін
Bluetooth® түймесін (21) 0,5секундтан ұзақ басыңыз.
Бұл әрекетті іздеу процесінің барысында, байланыс
бар болғанда немесе басқа аудио көзімен жұмыс
істегенде орындауға болады.
– Радио қабылдағыш іздеу процесін бастайды. Іздеу
процесінің барысында Bluetooth® индикаторы(g)
жыпылықтайды.
– Сыртқы аудио көзі арқылы байланысты іске қосыңыз.
Бұл әрекетті смартфондарда көбінесе Bluetooth®
мәзіріндегі реттеулердің ішінде орындауға болады.
Радио қабылдағыш қолжетімді бастапқы көз ретінде
GPB18V-5Cxxxx немесе GPB18V-5SCxxxx
атауларының астында көрсетіледі. Бұл ретте аудио
көзінің/смартфонның пайдалану бойынша
нұсқаулығын қараңыз.
– Bluetooth® арқылы байланыс орнатылғаннан кейін,
Bluetooth®индикаторы (g) үздіксіз жанып тұрады.
Bluetooth® арқылы қосылған аудио көзін радио
қабылдағыш арқылы да басқаруға болады:
– Жолақты таңдау және іске қосу үшін алға іздеу
түймесін (19) немесе артқа іздеу түймесін (13),
қалаулы жолаққа қол жеткізгенше, қысқаша басыңыз.
Таңдалған жолақтың ойнатылуы автоматты түрде іске
қосылады.
– Ойнатуды тоқтату үшін дыбысты өшіру түймесін(12)
басыңыз. Дисплейде дыбысты өшіру индикаторы(f)
пайда болады.
– Ойнатуды жалғастыру үшін дыбысты өшіру
түймесін(12) қайтадан басыңыз, дыбыс деңгейін
өзгертіңіз немесе алға іздеу түймесін(19) немесе
артқа іздеу түймесін(13) басыңыз.
– Бір жолақтың ішінде алға немесе кері айналдыру
үшін алға іздеу түймесін (19) немесе артқа іздеу
түймесін (13), жолақтағы қажетті жерге жеткенше,
басып тұрыңыз.
Егер Bluetooth® арқылы жұмыс режимінде бағдарламаны
сақтау түймелерінің (17) бірі басылса, радио
қабылдағыш соңғы рет пайдаланылған радио жұмыс
режимінде сақталған таратқышқа ауысады.
Уақыт индикаторын реттеу (GPB18V‑5C)
Уақыт индикаторының мәзіріне кіру үшін Clock
түймесін(14) қысқаша басыңыз.
12сағаттық <12H> және 24 сағаттық <24H> уақыт
пішімдерінің арасында таңдауға және сағаттар мен
минуттарды реттеуге болады.
Мәзірді шарлау:
– Мәзір реттеулерін өзгерту: Clock түймесін(14)
бұраңыз.
– Мәзір реттеулерін сақтау: Clock түймесін басыңыз.
– Минут реттеулерін жадқа сақтағаннан кейін немесе
Clock түймесін соңғы рет қолданғаннан кейін 10
секунд ішінде радио қабылдағыш аудио режиміне
қайта ауысады.
1 609 92A 7T0 | (27.05.2022) Bosch Power Tools
Похожие устройства
- Al-Ko WR 2000 EasyFlex 113631 Взрыв-схема
- Al-Ko WR 2000 EasyFlex 113631 Инструкция к товару
- GROSSBERG 900х900х2150, высокий поддон 40 см, стекло матовое TM 109 Паспорт
- Einhell GE-CC 18 Li Kit 3424051 Инструкция к Einhell GE*CC 18 Li Kit 3424051
- Grossman 100x100x215 см, 4 места GR141 Инструкция к товару
- Grossman 90x100x215 см, 5 мест GR266 Инструкция к товару
- Grossman 90x120x225 см, 3 места GR227L Инструкция к товару
- Grossman 90x120x225 см, 3 места GR227R Инструкция к товару
- Grossman 90x90x215 см, 5 мест GR261 Инструкция к товару
- Grossman 90x90x225 см, 3 места GR121 Инструкция к товару
- Grossman 90x90x225 см, 3 места GR221 Инструкция к товару
- Grossman Classic 4 места, 100х100х205 см GR170QL Инструкция к товару
- Grossman Classic 90х90х205 см, 4 места GR171 Инструкция к товару
- MARONI LINE 90x90x228, сифон D50мм SR90M-BND-DN4 466167 Инструкция
- Fein ABLS 18 1.6 E Select 71300461000 Инструкция к товару
- Metabo SCV 18 LTX BL 1.6 601615850 Инструкция по эксплуатации
- Экопром Rostok дачная, без бака, серая 202.0000.803.000 Инструкция к Экопром 202.0000.803.000
- Экопром Rostok дачная, без бака, зеленая 202.0000.401.000 Инструкция к Экопром 202.0000.803.000
- Bosch ISIO 0600833109 Инструкция по эксплуатации
- Aquanet AP40-04 Galaxy Black с верхним водопадом, 6 г/м форс, алюминий/мат черный 00237439 Инструкция по установке