Hilti SIW 9-A22 2108090 Инструкция к товару онлайн [131/196] 865110

Hilti SIW 9-A22 2108090 Инструкция к товару онлайн [131/196] 865110
*2113750*
2113750 Қазақ 125
6.2 Қосу
Бұғаттаудан шығару түймесін басыңыз.
Басу тереңдігі арқылы айналу жиілігін реттеуге болады.
Өнімге артық жүктеме түсірмеңіз. Өнімді қатты жылу пайда болғанда бірнеше минут суытыңыз.
6.3 Өшіру
Негізгі сөндіргішті жіберіңіз.
7 Күту және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Аккумулятор енгізілген кезде жарақат алу қаупі бар !
Күтім және техникалық қызмет көрсету бойынша кез келген жұмыстарды орындамас бұрын
әрдайым аккумуляторды шығарыңыз!
Аспапқа қызмет көрсету
Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
Желдету ойықтарын құрғақ қылшақпен жайлап тазалаңыз.
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Литий-иондық аккумуляторға қызмет көрсету
Аккумуляторды май мен майлағыштан таза күйінде ұстаңыз.
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Ылғалдың кіруін болдырмаңыз.
Техникалық қызмет көрсету
Барлықкөзгекөрінетінбөлшектердезақымдардың бар-жоғынжәнебасқаруэлементтерініңақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда оны пайдаланушы болмаңыз. Бірден Hilti
қызмет көрсету орталығына жөндетіңіз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, жұмысын тексеріңіз.
Қауіпсіз қолдану үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен жұмсалатын материалдарды
қолданыңыз. Біз рұқсат еткен қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен өнімге арналған
керек-жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді: www.hilti.group.
8 Аккумуляторлық аспаптарды тасымалдау және сақтау
Тасымалдау
АБАЙЛАҢЫЗ
Тасымалдау кезіндегі кенет іске қосылу !
Өніміңізді әрдайым аккумуляторын шығарып алып тасымалдаңыз!
Аккумуляторларды шығарыңыз.
Аккумуляторларды ешқашан үймеде тасымалдамаңыз.
Аспапты немесе аккумуляторларды ұзақ уақыт тасымалдаған соң, оларды пайдалану алдында
зақымдарының бар-жоғын тексеріңіз.
Сақтау
АБАЙЛАҢЫЗ
Бүлінген немесе заряды таусылған аккумуляторлардан күтілмеген зақымдалу !
Өніміңізді әрдайым аккумуляторын шығарып алып сақтаңыз!
Аспап пен аккумуляторларды мүмкіндігінше салқын және құрғақ күйінде сақтаңыз.

Похожие устройства

Скачать