Bosch GOF 130 06016B7000 Инструкция к товару онлайн [132/213] 867599
![Bosch GOF 130 06016B7000 Инструкция к товару онлайн [132/213] 867599](/views2/2105952/page132/bg84.png)
132 | Қазақ
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
болады.
u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында,
ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе
аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр
құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр
құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты
күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз
істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің
ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр
құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Зақымдалған бөлшектері бар құралды
пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр
құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға
себеп болып жатады.
u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде
сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір
кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай
бағытталады.
u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және
май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар
мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді
қолдану мен бақылауға жол бермейді.
Қызмет көрсету
u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей
қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл
электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
етеді.
Жоғарғы фрезалар үшін қауіпсіздік
нұсқаулары
u Электр құралын тек оқшауланған беттерінен
ұстаңыз, себебі кескіш өз сымына тиіп қалуы
мүмкін. Қосулы сымды кесіп алу нәтижесінде электр
құралының ашық металл бөліктері іске қосылып,
пайдаланушыны ток соғуы мүмкін.
u Дайындаманы тұрақты ретте ұстау үшін бекіту
және тіреу үшін қамыт немесе басқа жолын
пайдаланыңыз. Дайындаманы қолмен немесе денеге
тіреп ұстау оны тұрақты емес қылып бақылау
жоғалуына алып келуі мүмкін.
u Фрезаның рұқсат етілген айналу жиілігі кем
дегенде электр құралында белгіленген
максималды айналу жиілігіне сәйкес келуі тиіс.
Рұқсат етілген шамадан жылдам айналатын фреза
жарылуы және ұшып кетуі мүмкін.
u Фрезалар немесе басқа жабдықтар электр
құралыңыздың аспап патронына (қысқыш) сәйкес
болуы керек. Электр құралының аспап патронына
дұрыс тұрмауынан алмалы-салмалы аспабқа соғылып
айналады, қатты дірілдейді және бақылауды жоғалтуға
әкелуі мүмкін.
u Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде
апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп
кері соғу қаупі пайда болады.
u Қолыңызды фрезаның істеу аймағынан және
фрезадан қашық ұстаңыз. Әрқашан екінші
қолыңызды қосымша тұтқада ұстаңыз. Фрезаны екі
қолмен ұстасаңыз, қолдарыңыз жарақатталмайды.
u Метал заттар, шеге немесе бұрандалар үстінен
фрезаны жүргізбеңіз. Фрезалар зақымдалып қатты
дірілдеуге алып келуі мүмкін.
u Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып
жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты
жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр
сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі
мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
u Өтпес немесе зақымдалған фрезаларды
пайдаланбаңыз. Өтпес немесе зақымдалған
фрезалар жоғары үйкеліс, қысылып қалу және
теңгерімсіздікке алып келуі мүмкін.
u Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
u Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға алып
келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы берік тірелген күйде ағаш, пластмасса мен
жеңіл құрылыс материалдарында ойық, қырлар,
профильдерді және кесіктерді фрезерлеуге және копир
бойынша фрезерлеуге арналған.
Төмен айналу жиілігінде және сәйкес фрезалармен түрлі-
түсті металдарды да өңдеуге болады.
1 609 92A 5MT | (27.07.2020) Bosch Power Tools
Похожие устройства
- Bosch GOF 900 CE 0.601.614.661 Инструкция к товару
- Bosch POF 1400 ACE 0.603.26C.820 Инструкция по эксплуатации
- Crown CT11001 Инструкция к товару
- Deko DKR1600E, набор фрез RBS12 (12 предметов) 063-4221 Инструкция по эксплуатации
- Deko DKR1900 063-4222 Инструкция по эксплуатации
- Dewalt 18.0 В XR DCW600N Инструкция к товару
- Dewalt 18.0 В XR DCW604N-XJ Инструкция к товару
- Bosch GTR 30 CE 0.601.60C.000 Инструкция к товару
- Bosch GTR 30 CE 0.601.60C.002 Инструкция к товару
- DWT OF-1050 V 5.1.45 Инструкция по эксплуатации
- Triton Ультра 150 Щ0000012096 Инструкция к Triton Николь Щ0000003006
- Triton Ультра 150 Щ0000012096 Инструкция к Triton Николь Щ0000003006
- Фиолент МФ4-1100-Э Ф0079 ИДФР298259003 Руководство по эксплуатации
- Фиолент МФ4-1100-Э Ф0079 ИДФР298259003 Иллюстрация и перечень сборочных единиц и деталей МФ4-1100Э
- Makita 3612 C Инструкция к товару
- Makita LXT DRT50Z Инструкция к товару
- Makita LXT DRT50ZJX2 Инструкция к товару
- Makita M3601 Инструкция к товару
- Makita RP 2300 FC Инструкция по эксплуатации
- Milwaukee PJ 710 4933378875 Инструкция к товару