Bosch GOF 130 06016B7000 Инструкция к товару онлайн [134/213] 867599
![Bosch GOF 130 06016B7000 Инструкция к товару онлайн [134/213] 867599](/views2/2105952/page134/bg86.png)
134 | Қазақ
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Жинау
u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Фрезаны орнату (Aсуретінқараңыз)
u Фрезаларды орнату мен алмастыруда қорғауыш
қолғапты кию ұсынылады.
Фрезалар пайдалану мақсатына байланысты әртүрлі
нұсқалар мен сапа деңгейлерінде қолжетімді.
Жылдам кесілетін болаттан (HSS) жасалған қуатты
фрезалар жұмсақ ағаш пен пластик сияқты жұмсақ
материалдарды өңдеуге жарамды.
Қатты құймалы (HM) кескіш жиекті фрезалар қатты
ағаш және алюминий сияқты қатты және абразивті
материалдарға арналған.
Bosch керек-жарақтарының кең бағдарламасына жататын
айрықша фрезаларды дилеріңізден алуға болады.
Тек ақаусыз және таза фрезаларды пайдаланыңыз.
– Жоңқа қорғанысын(5) төмен қайырыңыз.
– Шпиндельді бұғаттау түймесін(3) басып, ұстап
тұрыңыз. Қажет болса, қозғалтқыш шпинделін қолмен
тірелгенше бұраңыз.
– Салмалы гайканы(21) айыр тәрізді кілтпен(22) (кілт
ені19мм) ➊ айналу бағытымен бұрап босатыңыз.
– Фрезаны цангалы қысқышқа енгізіңіз. Фреза білігі
цангалы қысқышқа кемінде 20мм-ге кіргізілуі тиіс.
– Салмалы гайканы(21) айыр тәрізді кілтпен(22) (кілт
ені19мм) ➋ айналу бағытымен бұрап тартыңыз.
Шпиндельді бұғаттау түймесін(3) жіберіңіз.
– Жоңқа қорғанысын(5) жоғары қайырыңыз.
u Диаметрі 50мм-ден үлкен болған фрезаларды
орнатылған көшіру гильзасынсыз орнатпаңыз. Бұл
фрезалар тірек тақтасынан өтпейді.
u Қысқышты жаппа сомынмен фреза орнатылған
болмаса, ешқашан тартып қоймаңыз. Әйтпесе
қысқаш зақымдануы мүмкін.
Шаңды/жоңқаны сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сору адаптерін орнату
Сору адаптерін(24) шланг жалғағышын алға немесе
артқа қаратып орнатуға болады. Шланг жалғағышымен
орнату кезінде алдымен жоңқа қорғанысын(5) алып
тастау керек. Сору адаптерін(24) 2 домалатпа
бұрандамен(25) тірек тақтасына(6) бекітіңіз.
Оңтайлы сорылуды қамтамасыз ету үшін сору
адаптерін(24) жүйелі түрде тазалап тұру қажет.
Шаңсорғышты жалғау (Bсуретінқараңыз)
Сорғыш шлангіні (диаметрі35мм) (23) (керек-жарақ)
орнатылған сору адаптеріне енгізіңіз. Сорғыш шлангіні
(23) шаңсорғышқа (керек-жарақ) жалғаңыз.
Электр құралын қашықтан іске қосу құрылғысы бар
Bosch әмбебап шаңсорғышының штепсельдік
розеткасына бірден жалғауға болады. Ол электр құралы
қосылғанда автоматты түрде іске қосылады.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ шаң
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Жоңқа қорғанысын орнату
(Cсуретінқараңыз)
Жоңқа қорғанысын(5) алдыңғы жақтан бағыттауышқа
тірелгенше енгізіңіз. Жоңқа қорғанысын алып тастау үшін
бүйірінен ұстап, алға қарай тартыңыз.
Пайдалану
u Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220В жұмыс
істеуге болады.
Іске қосу
Айналу жиілігін алдын ала таңдау
Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған айналмалы
реттегіш (20) арқылы қажетті айналу жиілігін жұмыс
барысында да реттеуге болады.
1−2 Төмен айналу жиілігі
3−4 Орташа айналу жиілігі
5−6 Жоғары айналу жиілігі
Кестеде көрсетілген мәндер шамамен берілген. Қажетті
айналу жиілігін материал мен жұмыс жасау жағдайына
байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады.
1 609 92A 5MT | (27.07.2020) Bosch Power Tools
Похожие устройства
- Bosch GOF 900 CE 0.601.614.661 Инструкция к товару
- Bosch POF 1400 ACE 0.603.26C.820 Инструкция по эксплуатации
- Crown CT11001 Инструкция к товару
- Deko DKR1600E, набор фрез RBS12 (12 предметов) 063-4221 Инструкция по эксплуатации
- Deko DKR1900 063-4222 Инструкция по эксплуатации
- Dewalt 18.0 В XR DCW600N Инструкция к товару
- Dewalt 18.0 В XR DCW604N-XJ Инструкция к товару
- Bosch GTR 30 CE 0.601.60C.000 Инструкция к товару
- Bosch GTR 30 CE 0.601.60C.002 Инструкция к товару
- DWT OF-1050 V 5.1.45 Инструкция по эксплуатации
- Triton Ультра 150 Щ0000012096 Инструкция к Triton Николь Щ0000003006
- Triton Ультра 150 Щ0000012096 Инструкция к Triton Николь Щ0000003006
- Фиолент МФ4-1100-Э Ф0079 ИДФР298259003 Руководство по эксплуатации
- Фиолент МФ4-1100-Э Ф0079 ИДФР298259003 Иллюстрация и перечень сборочных единиц и деталей МФ4-1100Э
- Makita 3612 C Инструкция к товару
- Makita LXT DRT50Z Инструкция к товару
- Makita LXT DRT50ZJX2 Инструкция к товару
- Makita M3601 Инструкция к товару
- Makita RP 2300 FC Инструкция по эксплуатации
- Milwaukee PJ 710 4933378875 Инструкция к товару