Centek multi No-Frost 360 л (84 л/276 л) 595x635x2010 мм, А++,GMCC CT-1733 INOX Инструкция онлайн [7/28] 870473
![Centek multi No-Frost 360 л (84 л/276 л) 595x635x2010 мм, А++,GMCC CT-1733 INOX Инструкция онлайн [7/28] 870473](/views2/2109100/page7/bg7.png)
6
АСПАПТЫҢ АРНАЛУЫ: Өнімдерді жылу оқшаулағыш камерада
төмен температурамен салқындатуға (және (немесе) мұздатуға)
және сақтауға арналған.
1. ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құралдың қызмет ету мерзімін
ұзарту үшін құралды пайдаланар алдында осы нұсқаулықты
мұқият оқып шығып, қауіпсіздік жөніндегі келесі нұсқауларды
ұстаныңыз Әрі қарай пайдалану үшін осы нұсқаулықты сақтап
қойыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Осы қауіпсіздік шараларын сақтамау жаза-
тайым жағдайларға алып келуі мүмкін.
– 220-240 В айнымалы ток, 50 Гц қуат беру көзін ғана пайда-
ланыңыз.
– Қосу кезінде жалғастырғыштар мен ұзартқыштарды пайда-
ланбағаныңыз жөн.
– Тоңазытқышқа су төгіп алмаңыз, бұл сіз үшін қауіпті болуы не-
месе тоңазытқыш сынып қалуы мүмкін.
– Егер сіз құралды пайдалану кезінде ерекше шуыл, иіс не-
месе түтін немесе құралға тән емес басқа да белгілерін
байқасаңыз, қуат көзінен ажыратып, сервистік қызмет
өкілдеріне хабарласыңыз.
– Қуат беру кабелін бүлінуден сақтаңыз:
• Қуат беру кабелін ауыстыруға тыйым салынады
• Қуат беру кабелінің үстіне ауыр заттарды қоймаңыз.
• Қуат беру кабелін жылу көздерінен аулақта ұстаңыз.
• Құралды желіден ажыратқан кезде бауынан емес, ашасынан
ұстап суырыңыз.
– Тоңазытқыш үй-жайдың ішінде пайдалану үшін әзірленген.
Тоңазытқышты ешбір жағдайда сыртта пайдаланбаңыз.
– Тоңазытқыш осы нұсқаулыққа сәйкес тамақ өнімдерін сақтау
үшін үй жағдайында пайдаланылуы тиіс.
– Балаларға құралды қараусыз пайдалануға рұқсат бермеңіз.
– Тоңазытқыштың салмағы өте үлкен, тасымалдау үшін кемінде
екі адам қажет.
– Тоңазытқышты дымқыл қолмен ұстамаңыз.
– Тұтанбас үшін немесе құрал бүлінбес үшін ұзартқыштарды,
үштіктер мен жалғастырғыштарды пайдаланбаңыз. Өндіруші
жалғастырғыштар мен ұзартқыштарды, сондай-ақ қимасы
тұтынылатын қуатқа сәйкес келмейтін жалғағыш кабельдің
қолданылуына байланысты туындаған тұтану үшін жауапты
болмайды.
– Тоңазытқышты орнату кезінде тоңазытқыштың артқы
жағындағы арнайы тақтайшада көрсетілген желі сипаттама-
лары мен электр параметрлерінің сәйкестігін тексеру қажет.
– Ашаны розеткадан сымнан тартып суырмаңыз: бұл өте қауіпті.
– Құралды желілік ашаға жақын қоймаңыз.
– Қуат беру бауы зақымдалған жағдайда, оны
авторизацияланған сервис орталығы ұсынатын баумен немесе
жиынтықпен ауыстыру керек. Кабельді ауыстыруды тек білікті
персонал жүргізуі тиіс. Құралды жарамды қорғау құрылғысы
(автоматты ажыратқыштар, балқитын сақтандырғыштар және
т.б.) бар электр желісіне қосыңыз.
– Тоңазытқыштың ішкі салқындатқыш жақтауларын ұстамаңыз.
– Тазалау немесе қызмет көрсету үшін кез-келген операциялар-
ды орындамас бұрын тоңазытқышты желіден ажыратыңыз.
Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін термореттегіш
тұтқасын «ӨШІРУ» қалпына келтіру жеткіліксіз.
– Тоңазытқыш конструкциясын өзгертуге және өндіруші кепілді
жөндеуге өкілеттік бермеген тұлғалардың араласуына тыйым
салынады.
– Егер өндіруші мұны ұсынбаған болса, тамақ өнімдерін сақтауға
арналған бөлім ішінде электр құралдарын пайдаланбаңыз.
– Тоңазытқыштың ішінде жанғыш газдарды немесе
сұйықтықтарды сақтамаңыз.
– Мұздатқыш камерада шыны шөлмектер мен ішіне сұйықтық
құйылған құтыларды сақтамаңыз.
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ҰСЫНБАЛАР
– Электр қуатын берудің бір тізбегіне тым көп құралдар
жалғамаңыз, өйткені тұтануы мүмкін.
– Егер сіз құралды ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз,
оның желілік ашасын розеткадан ажыратып қойыңыз.
– Төмен температуралы бөлімдердің ішкі қабырғаларын немесе
онда жатқан өнімдерді дымқыл қолмен ұстамаңыз.
– Төмен температуралы бөлімге шөлмектер немесе өзге шыны
ыдыстарды қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
– Тоңазытқышта салқындату салқындатқыш агенттің
көмегімен қамтамасыз етіледі, ол тоңазытқышқа арнайы
жабдықпен құйылады. Тоңазытқыштың артқы жақтауындағы
салқындатқыш агенттің циркуляциялық тұрбаларын
зақымдамаңыз.
– Бұл бұйымда аз мөлшердегі табиғи газ - изобутаннан тұратын
салқындатқыш агент бар, ол қоршаған орта үшін зиянды емес,
алайда тұтанғыш болып табылады. Тоңазытқышты тасы-
малдау және орнату кезінде салқындатқыш агенттің айналу
контурының қандай да бір бөлігін зақымдап алмау үшін, абай
болу қажет.
– Тұрбадан шыққан салқындатқыш агент тұтануы немесе
денсаулығыңызға нұқсан келтіруі мүмкін. Егер салқындатқыш
агент контуры бүлінген болса, кезкелген түрдегі ашық от не-
месе ықтимал тұтану көздеріне сақ болыңыз, сонымен бірге
тоңазытқыш тұрған бөлмені бірнеше минуттай желдетіп
алыңыз.
– Салқындатқыш агент төгілген жағдайда газ бен ауаның
жарылыс қаупі бар қоспасы түзілмес үшін, тоңазытқыш
тұрған бөлменің өлшемдері тоңазытқышта пайдаланылатын
салқындатқыш агенттің мөлшеріне сәйкес келуі қажет.
– Бөлме көлемі тоңазытқыштағы R600a салқындатқыш агентінің
әр 8 грамына 1 м
3
құрауы тиіс. Сіздің тоңазытқышыңыздағы
салқындатқыш агенттің мөлшері тоңазытқыштың артқы
жақтауындағы паспорттық деректері бар тақтайшада
көрсетілген.
– Бүліну белгілері байқалған құралды ешқашан қоспаңыз. Егер
құралдың жарамдылығына күмәніңіз туындаса, сервистік
қызметке жүгініңіз.
2. ЖЕТКІЗУ ЖИЫНТЫҒЫ
– Тоңазытқыш - 1 дана
– Шыңдалған шыныдан жасалған сөре - 3 дана
Похожие устройства
- Kitfort КТ-4116 Инструкция КТ-4116
- Harper HRF-T120M BLUE NEW H00003472 Инструкция
- ZUGEL ZRI1760FNF Инструкция к товару
- Olto RF-140C SILVER O00002792 Инструкция по эксплуатации
- Oursson белый RF0710/WH Руководство по эксплуатации
- Oursson красный RF1005/RD Инструкция по применению
- Oursson красный RF1005/RD Брошюра
- Tesler RC-95 BLACK 00000095969 Руководство по эксплуатации
- Tesler RC-95 WOOD 00000010070 Руководство по эксплуатации
- VIATTO va-sc08d 173715 Инструкция к товару
- VIATTO SC248 162303 Шкаф холодильный SC248
- VIATTO SC250 162304 Шкаф холодильный SC248
- VIATTO sc315 162305 Инструкция к товару
- VIATTO sc316 162306 Инструкция к товару
- VIATTO VA-BC42 158538 VIATTO Шкаф холодильный VA-BC42
- VIATTO VA-JC62W 158028 VA-JC62W
- VIATTO VA-JC88WD 158034 VA-JC88WD
- VIATTO va-sc52 159107 Инструкция к товару
- VIATTO VA-SC68 163725 VA-SC68
- VIATTO VA-SC98 157536 Холодильный шкаф Viatto VA-SC98