RED Solution HS700 Инструкция по эксплуатации онлайн [13/24] 873190

RED Solution HS700 Инструкция по эксплуатации онлайн [13/24] 873190
13
HS700
KAZ
Пайдаланар алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты
мұқият оқып шығыңыз да, оны анықтамалық ретінде
сақтап қойыңыз. Құрылғыны дұрыс пайдалану оның қыз-
мет ету мерзімін айтарлықтай ұзартады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар
құралды қолдану кезінде туындауы мүмкін барлық жағдай-
ларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс кезінде қолда-
нушы ақылға сүйеніп, абай әрі мұқият болуы тиіс.
САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ
• Өндіруші қауіпсіздік талаптары мен өнімді пайдалану ереже-
лерін сақтамау салдарынан келтірілген зиян үшін жауапты
емес.
• Бұл құрылғы үйде пайдалануға арналған және оны пәтерлер-
де, саяжайларда немесе басқа ұқсас өндірістік емес орталар-
да пайдалануға болады. Құрылғыны өнеркәсіптік немесе кез
келген басқа мақсатсыз пайдалану өнімнің дұрыс жұмыс істеу
шарттарын бұзады. Бұл жағдайда өндіруші ықтимал салдар-
лар үшін жауап бермейді.
Құрылғыны желіге қоспас бұрын, желілік кернеу құрылғы
адаптерінің номиналды кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз
(техникалық деректерді немесе өнімнің атауы тақтасын қа-
раңыз).
• Құрылғыны тек берілген адаптермен пайдалануға болады.
• Құрылғыны тек мақсаты бойынша пайдаланыңыз. Құрылғыны
осы нұсқаулықта көрсетілгеннен басқа мақсаттарда пайдала-
ну пайдалану ережелерін бұзады.
Құрылғының қуат тұтынуына есептелген ұзартқыш сымды
пайдаланыңыз. Сәйкес келмейтін параметрлер кабельде
қысқа тұйықталуға немесе өртке әкелуі мүмкін.
Құрылғыны тазалау кезінде оны электр желісінен ажыра-
тыңыз. Адаптерді құрғақ қолмен сымнан емес, қораптан
ұстаңыз.
Қуат сымын есік саңылаулары арқылы немесе жылу көз-
дерінің жанынан өткізбеңіз.
Электр бауының бұралмағанын және иілмегенін, үшкір зат-
тарға, бұрыштар мен жиһазға тимегенін қадағалаңыз.
ЕСТЕ БОЛЫҢЫЗ: Қуат кабелін кездейсоқ зақымдау кеп-
ілдікке жатпайтын ақауларды тудыруы және электр
тогының соғуына әкелуі мүмкін. Қоректендіру сымы
зақымдалған болса, қауіпті болдырмау үшін оны өндіруші,
оның қызмет көрсету агенті немесе соған ұқсас білік-
тілігі бар қызметкерлер ауыстыруы керек.
Құрылғының корпусын суға батырмаңыз немесе ағын су-
дың астына қоймаңыз!
Құрылғыны келесі жағдайларда пайдаланбаңыз:
1. Ылғалдылығы жоғары бөлмелерде. Қысқа тұйықталу, қозғал-
тқыш істен шығу қаупі бар.