Haier HOQ-F6QSN3GB — тұмшапешті қауіпсіз пайдалану және күтім жасау нұсқаулары [67/124]

Haier HOQ-F6QSN3GB Инструкция по эксплуатации онлайн [67/124] 873364
65
Тұмшапештің желдеткіш тесіктерін əрдайым ашық күйде ұстаңыз.
Сыртқы таймері немесе бөлек қашықтан басқару жүйесі бар құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Назар аударыңыз: тұмшапешті суытқанда оның жоғарғы жағындағы
желдеткіштен ыстық ауа шығуы мүмкін.
Сөрелерді орналастыру: сөрелерді тек суыған тұмшапешке орнатыңыз
(алдын ала қызғанға дейін). Егер тұмшапеш ыстық болып тұрғанда
торды алып тастау керек болса, тұтқыштың ыстық қыздыру
элементтерімен жанасуына жол бермеңіз.
Тұмшапештің нығыздауыштарын тазартқыш құрал көмегімен тазаламаңыз
жəне жумаңыз. Бұл тұмшапештің тиімді жұмыс істеуіне кепіл болатын
нығыздауыштарды сақтау үшін маңызды. Нығыздауыштарды ысқылауға,
бүлдіруге немесе жылжытуға тыйым салынады.
Егер құрылғы зақымдалса немесе дұрыс жұмыс істемесе, оны орнатпаңыз
жəне пайдаланбаңыз. Егер сіз зақымдалған құрылғы алсаңыз, дереу өз
дилеріңізге немесе орнатушыға хабарласыңыз.
Күйіп қалмау үшін бу генераторы қосулы тұрған кезде тұмшапешті
ашпаңыз.
Тұмшапешке арналған, агрессивті/абразивті тазартқыш, балауыз немесе
жылтыратқыш пайдаланбаңыз. Тұмшапешті тазалау үшін қаптауға
арналған кез келген материалды, қорғаныс жабындарын жəне тұрмыстық
құралдарды пайдалануға тыйым салынады. Тұмшапеш есігінің əйнегін
тазарту үшін қатты/абразивті тазартқыштарды, жуғыш заттарды немесе
үшкір металл қырғыштарды пайдаланбаңыз, өйткені олар бетті тырнап,
есіктің əйнегі сынуы мүмкін.
Тек бөлшектерін осы нұсқаулыққа сəйкес тазалауға болады.
Тұмшапештің кез келген бөлігін тазалау үшін бутазартқыш пайдалануға
тыйым салынады.
Балаларға қажет болуы мүмкін заттарды тұмшапеш үстінде
сақтамаңыз. Балалар тұмшапештің үстіне шығып, күйіп қалуы
немесе жарақат алуы мүмкін.
Тұмшапеште қолдануға рұқсат етілген пісіруге арналған ыдысты
ғана пайдаланыңыз. Пісіруге арналған ыдыс өндірушісінің нұсқауларын
орындаңыз.
Өтпелі сомындардың бүйірлік тіреуден алынып, қоса берілген металл
бекіткіш сомындарға ауыстырылғанына көз жеткізіңіз.
Осы тұмшапеш үшін ұсынылған термосүңгіні ғана пайдаланыңыз.

Тұмшапешті қауіпсіз пайдалану үшін қажетті нұсқаулар мен күтім ережелері. Құрылғыны дұрыс пайдалану және тазалау бойынша кеңестер.

Скачать