Samsung RB53DG703EB1WT Инструкция по эксплуатации онлайн [105/248] 873722

Samsung RB53DG703EB1WT Инструкция по эксплуатации онлайн [105/248] 873722
Қазақ 21
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Пайдалану кезіндегі сақтық шаралар
АБАЙЛАҢЫЗ
Жібітілген тағамды қайта мұздатпаңыз.
- Мұздатылған және жібітілген тағамдарда жаңа тағамға
қарағанда зиянды бактериялар тез көбейеді.
- Екінші рет жібіткенде бұдан да көп жасушалар бөлініп,
ылғал сыртқы шығып, тағам құрылымының біртұтастығын
бұзады.
Етті бөлме температурасында жібітпеңіз.
- Шикі тағамның дұрыс қолданылуы - қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге тікелей әсер етеді.
Мұздатқыш бөлікке шыны шөлмектерді немесе газдалған
сусындарды қоймаңыз.
- Сауыт мұздап, жарылып кетіп, адам жарақат алуы мүмкін.
Тоңазытқыштағы мұз жасағышты ғана пайдаланыңыз.
Үйден ұзақ уақытқа кетіп бара жатсаңыз (мысалы, демалысқа)
және су немесе мұз диспенсерлерін пайдаланбайтын
болсаңыз, судың кранын жабыңыз.
- Себебі, су ағуы мүмкін.
Тоңазытқышты ұзақ уақыт (3 апта не бұдан көп)
пайдаланбайтын болсаңыз, тоңазытқышты соның ішінде, мұз
себетін босатып, ток көзінен ағытып, судың кранын жауып,
ішкі қабырғалардың беттеріндегі ылғалды сүртіп, иіс және зең
пайда болмас үшін есікті ашық қалдырыңыз.
Құрылғының барынша жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ету
үшін:
- Тағамдарды тоңазытқыштың артқы жағындағы желдеткіш
саңылауларға тым жақын қоймаңыз, себебі тоңазытқыш
бөліктің ішіндегі ауаның еркін айналуына кедергі жасайды.
Untitled-18 21 2024-02-26  2:37:07

Похожие устройства

Скачать