Samsung RF48A4000M9/WT Инструкция по эксплуатации онлайн [63/176] 873730

Samsung RF48A4000M9/WT Инструкция по эксплуатации онлайн [63/176] 873730
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Қазақ3 
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Символ Кедендік одақтың 005/2011 техникалық регламентіне
сәйкес қолданылады және осы өнімнің қаптамасын екінші рет
пайдалануға арналмағанын және жоюға жататынын көрсетеді.
Осы өнімнің қаптамасын азық-түлік өнімдерін сақтау үшін
пайдалануға тыйым салынады.
Символ қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді. Символ сандық
код және/немесе әріп белгілері түріндегі қаптама материалының
белгісімен толықтырылуы мүмкін.
Жаңа Samsung тоңазытқышыңызды пайдалану алдында, жаңа құрылғыңыз қауіпсіз және тиімді түрде
ұсынатын мүмкіндіктер мен функцияларды пайдалану жолдарын білетініңізге көз жеткізу үшін осы
нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары туралы не білуіңіз керек?
Бұл пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген "Ескертулер" мен "Қауіпсіздік
нұсқауларында" орын алуы ықтимал жағдайлар мен оқиғалардың барлығы бірдей
қамтылмаған.
Құрылғыны абайлап, сақтықпен орнатуға, күтім көрсетуге, іске қосуға өзіңіз
міндеттісіз.
Себебі төменде көрсетілген іске пайдалану нұсқаулары әртүрлі құрылғыларға
арналғандықтан, тоңазытқышыңыздың техникалық сипаттамасы осы нұсқаулықта
көрсетілген құрылғылардан сәл өзгеше болуы және ескерту белгілерінің барлығы
бірдей сізге қатысты болмауы мүмкін. Толғандырып жүрген мәселе немесе
сұрағыңыз болса, жақын орналасқан жергілікті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз немесе www.samsung.com веб-сайтынан ақпарат немесе көмек
алыңыз.
Салқындатқыш ретінде R-600a немесе R-134a пайдаланылған. Тоңазытқышта
қандай салқындатқыш сұйық қолданылғанын, құрылғының артындағы
компрессордың жапсырмасынан немесе құрылғының ішіндегі техникалық ақпарат
тақтайшасынан қараңыз. Құрылғыда тұтанғыш газ (R-600a салқындатқышы)
қолданылса, құрылғыны дұрыс тастау үшін жергілікті уәкілетті мекемеге
хабарласыңыз.
RF48_UM_Rev04_WT_KK.indd 3 2021-11-02  11:15:50

Похожие устройства

Скачать