GMNG GG-KB605XW Инструкция по эксплуатации онлайн [4/6] 873947

GMNG GG-KB605XW Инструкция по эксплуатации онлайн [4/6] 873947
Пайдаланушы нұсқаулығы
GMNG өнімдерін таңдағаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Осы құрылғыны пайдаланбас бұрын бұйымның дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету және оның зақымдалуын
болдырмау үшін нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғының құрылымдық ерекшеліктері мен осы нұсқаулықтың мазмұны өнімді жетілдіру мақсатында алдын
ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Осы өнімді өндіруші мен дистрибьюторлар құрылғы корпусының зақымданғаны үшін, сондай-ақ
пайдаланушының дұрыс немесе тиісінше пайдаланбауы салдарынан келтірілген залал үшін жауапты
болмайды.
Өндіруші тауардың жиынтықтамасын, техникалық сипаттамаларын және сыртқы көрінісін өзгерту құқығын
өзіне қалдырады.
Техникалық сипаттамалары
• Байланыс түрі: сымды/сымсыз
• Механикалық пернетақта
• Hot Swap жылдам ауыстыру технологиясы
• Негізгі свитчтер түрі: GMNG Red
• Басу ресурсы: 50 000 000 дейін
• Перне саны: 83
• Anti-Ghosting пернелер саны: 83
• Бүйірлік жарықтандыруды/дыбыс деңгейін
басқаруға арналған реттегіш
• Өшіру мүмкіндігі бар RGB-жарықтандыру:
- 22 режім
- айқындылықтың 5 деңгейі
- жылдамдықтың 5 деңгейі
- бүйір жарық (11 режим)
• Қосылу интерфейсі:
- USB-A (сымды)
- USB-ресивер (2,4 ГГц)
- Bluetooth 5.0 (3 арна)
• Радиобайланыс жиілігі: 2,4 ГГц
• Жұмыс қашықтығы: 10 м
• Толық зарядтау уақыты: 4 сағат
• Толық зарядталғаннан кейін жұмыс уақыты:
5 күнге дейін үздіксіз жұмыс
Компьютерлік ойын
пернетақтасы GG-KB605XW
• Кабель үшін USB-C порт
• Кабелі ұзындығы: 1,8 м
• USB-ресивер қуаты: 5 В;
10 мA
• Қуат түрі: аккумулятор + сымдық
• Пернетақта қуаты (USB-C): 5 В;
200 мA
• Аккумулятор: li-ion 5 В;
2000 мА·сағ
• Өлшемі: 327 х 132 х 43 мм
• Салмағы (кабельді есептемегенде): 798 г
Жиынтықтамасы
• Компьютерлік ойын пернетақтасы GG-KB605XW
• Кейкаптарға арналған алынғыш
• USB-ресивер
• USB-A – USB-C кабелі
• Пайдаланушы нұсқаулығы
Жүйе талаптары
• ОС Windows/Mac
• USB-А порты немесе Bluetooth қолдауы
Тағайындалуы
Бұл құрылғы компьютерге ақпаратты енгізуге
арналған.
Қосу және орнату
1. Құрылғыны қаптамадан алыңыз.
2. Тасымалдау кезінде пайда болуы мүмкін корпустың көрінетін зақымдарының жоқтығына көз жеткізіңіз.
Егер бұйым зақымданған болса немесе жұмыс істемесе - сатушыға хабарласыңыз.
3. Сымдық қосылысты орнату үшін, USB кабелін ДК бос USB портына салыңыз, FN + Y пернелер тіркесімін
басыңыз.
4. USB-ресивер бойынша қосылысты орнату үшін, USB-ресивер ДК бос USB портына салыңыз, FN + Q пернелер
тіркесімін басыңыз.
5. Bluetooth қосылысын орнату үшін, FN + E пернелер тіркесімін шамамен 3 секунд басып тұрыңыз.
ДК немесе смартфонның сымсыз байланысын қосып, қолжетімді құрылғыларды іздеуді іске қосыңыз.
«GG-KB605XW» пернетақтасын табыңыз және таңдаңыз. Басқа құрылғыларға қосылу үшін, R немесе
T түймесін таңдаңыз және жоғарыдағы қадамдарды қайталаңыз. Құрылғылар арасында ауысу
үшін FN + E/R/T қысқа басыңыз.
Ескертпе: әдепкі түрде сымды қосылыс теңшелген.
www.gmng.ruwww.gmng.ru
Скачать