Apple MacBook Air 15 M3/8/256 Starlight MRYR3 Руководство по эксплуатации онлайн [12/60] 874350
![Apple MacBook Air 15 M3/8/256 Starlight MRYR3 Руководство по эксплуатации онлайн [12/60] 874350](/views2/2113629/page12/bgc.png)
12
KAZ
3 сурет
4 сурет
1.9 Машинада жуу циклы кезінде күміс иондар пайдаланбайды.
1.10 Машинаны пайдалану қажет:
— қоршаған орта температурасы (25 ± 10)
0
С және қатысты
ылғалдылық 75 %-дан артық емес жағдайда;
— суқұбыр желісіндегі қысым 0,05 бастап 1 МПа дейін;
— жиілігі (50±1) Гц ауыспалы тоқтың бір фазалы электр желісінен;
— ауыспалы тоқтың электр желісіндегі номинальды кернеудің
220-230 В диапазонында.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жайдағы температураның 0
0
С төмен
түсуі машинадағы судың қатуына және машинаның істен
шығуына әкеліп соғуы ықтимал.
1.11 Өндіруші машина конструкциясын ары қарай жетілдіру
және оның сапасын арттыру бойынша тұрақты жұмыс істей отырып,
оның негізгі техникалық сипаттамаларын өзгеріссіз сақтай отырып,
машинаның конструкциясы мен жиынтығына өзгертулер енгізуге
құқылы.
1.12 Қоршаған орта температурасы 0
0
С төмен жағдайда
тасымалдағаннан кейін машинаны электр желісіне қосар алдында
бөлме температурасында кем дегенде 24 с қоя тұрған жөн.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өндіруші (сатушы) пайдалану немесе оны
сақтау шарттарын бұзу, жеңілмейтін күш әсері (өрт, табиғат апаттары
және т.б.), үй жануарлары, жәндіктер және кеміргіштер әсері салда-
рынан орын алған бұйымның ақаулықтары және зақымданулары
үшін жауапкершілік жүктемейді (оның ішінде, кепілдеме кезеңінде де).
2 ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
2.1 Машина — электротұрмыстық аспап, сондықтан оны пай-
далану кезінде электрқауіпсіздіктің жалпы ережелерін сақтаған жөн.
2.2 Аспап физикалық, сезім немесе ақыл қабілеттері төмен
немесе егер олар бақылауда болмаса немесе олардың қауіпсіздігі
үшін жауапты тұлғамен аспаптың пайдаланылуы туралы нұсқаулық
берілмеген болса, тәжірибесі мен білімі жоқ тұлғалардың (оның ішінде
балалар) пайдалануы үшін арналмаған.
Балалар аспаппен ойнауға жол бермеу үшін бақылауда
болулары тиіс.
Балаларға машинаға шығуға, оның үстінде немесе оның
ішінде ойнауға рұқсат етпеңіз.
2.3 Электр тоғымен жарақаттанудан қорғаныс түрі бойынша
машина І класына жатады.
2.4 Машинаны қосуға арналған жерге қосушы контактісі бар екі
полюсті розетка машинаны электр желісінен жедел ажырату үшін қол
жетімді жерге орнатылған болуы тиіс.
2.5 Машинаны электрлік желіге қосудан бұрын қорек көзі бауын-
да зақымданулардың жоқ екендігін көзбен тексеріп шығу қажет. Бау
майыспауы және қысылған болмауы тиіс.
Қорек көзі бауының бұзылуы жағдайында қауіптілік орын алма-
уы үшін оны алмастыруды өндіруші, сервистік қызмет немесе ұқсас
біліктілігі бар қызметкер жргізуі тиіс
2.6 Сақтық шараларын машинаны жылжыту және тасымалдау
кезінде сақтаған жөн, себебі ол үлкен салмаққа ие.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Кір жуатын машинаға тұрмаңыз, ма-
шинаны тұғыр, тумба және т.б ретінде қолданбаңыз.
Машинаны оны атмосфералық әсерге қалдырмас үшін, жайдан
тыс орнатуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
3.1.2-мен сәйкес машинаны пластмасс тығындарды орнатусыз
пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қолыңызды, металл заттарды машина
астына салмаңыз айналып тұрған барабандарға қолыңызды
тигізбеңіз.
2.7 Машинаны суық сумен қамту машинасына қосу кезінде жеткізу
жиынтығына кіретін жаңа құю шлангін ғана пайдаланған жөн.
Машинада құрамында еріткіштер бар құралдарды пайдалануға
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ, себебі улы газдардың бөліну, машинаның
зақымдану, тұтану және жарылыс қауіпі бар.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Есік бекітпесі кронштейнінің
сынуының алдын алу үшін машинаның ашық есігіне сүйенбеңіз.
2.8 Жуу үрдісінде машина есігі шынысына жанасуға ұсынылмайды,
себебі ол қызады және күйік себебі бола алады.
2.9 Жуу аяқталғаннан кейін машинаны сөндіріп, оны ашаны
розеткадан шығара отырып, электр желісінен ажыратып, және суды
жіберу кранын жабу қажет.
Электр және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ:
— машинаны тоқтың асқын жүктелулерінен ақаулы қорғанысы
бар электр желісіне қосу;
— машинаны қосу үшін жерге қосушы контактісі жоқ розетканы
пайдалану;
— машинаны электр желісіне қосу үшін жалғастырғыш тетік, көп
орынды (екі және одан да көп қосу орындары бар) розеткалар және
ұзарту бауларын пайдалану;
— қоректендіру бауынан ұстай отырып, машинаны электр
желісінен ажыратыңыз;
— қоректендіру бауын розеткаға енгізу және шығару, жұмыс істеп
тұрған машинаға ылғал қолмен жанасу;
— машинаны су ағынымен жуу;
— өз бетімен жөндеу және машинаның конструкциясына және
оның су- және электрмен қамтамасыздандырылуына өзгертулер
енгізу, бұл машинаның маңызды зақымдануларына әкеліп және
кепілдікті жөндеуге құқықтарды жоя алады. Жөндеуді тек қана сервис
қызметінің білікті механигі орындауы тиіс, себебі біліксіз орындалған
жөндеуден кейін бұйым қауіп көзіне айналуы мүмкін.
2.10 Машина жұмысында электр тырсылының, тұтанудың
және т.б. пайда болуымен байланысты ақаулық орын алған жағдайда,
машинаны қоректендіру бауын розеткадан шығара отырып электр
желіден дереу ажыратып, суды жіберу кранын жауып, сервис қызметі
механигін шақыру қажет.
Өрт орын алған жағдайда машинаны дереу электр желіден
ажыратып, суды жіберу кранын жауып, өртті сөндіру шараларын
қабылдап және өрт қызметін шақыру қажет.
2.11 Машинаның қызмет ету мерзімі тұрмыстық жағдайларда
пайдаланған уақытта 10 жыл.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Машинаның қызмет ету мерзімі
аяқталғаннан кейін өндіруші бұйымның қауіпсіз жұмысы үшін
жауапкершілік жүктемейді. Ары қарай пайдалану қауіпті болуы
мүмкін, себебі материалдардың табиғи ескіру және машинаның
құрама бөліктерінің тозу салдарынан электро- және өрт қауіпі
бар жағдайлардың орын алу ықтималдылығы едәуір артады.
3 МАШИНАНЫ ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
3.1 ОРНАТУҒА ДАЙЫНДАУ
3.1.1 Машинаны орау материалдарынан босату (полиэтилен
үлдір, пенополистироль бөлшектер). Дисплейдегі қорғаныс үлдірді
алып тастау (болған жағдайды).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Машинаны зақымдамас үшін 1 сурет-
пен сәйкес оның тартпасынан, есігінен немесе нығыздағышынан
ұстап тұрып жылжытпаңыз.
3.1.2 Машинаны тасымалдау үшін бак блоктау бұрандалармен
бекітілген.
Төрт бұранданы сомынды бұрайтын кілтпен бұрап, 3-суретке
сәйкес резеңкелі және пластмассалы төлкелерді алыңыз. Жабдыққа
кіретін 4-суретке сәйкес пластмассалы бітеуіштермен тесіктерді
жабыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер бұрандаларды алған кезде
пластмассалы төлкелер машинаның ішінде қалып, оларды
панель
бұранда
резеңкелі
төлке
пластмассалы
төлке бітеуіш
тығырық
Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является
Похожие устройства
- Soundmax SM-LED32M14S Руководство по эксплуатации
- KRAFT BDW-435BL Руководство по эксплуатации
- Hiberg F48 1030 W белая Руководство по эксплуатации
- Huawei nova 12i 8/256GB Black Руководство по эксплуатации
- Zigmund & Shtain ZFD-411 Руководство по эксплуатации
- Lex LWM10714LuXIDD Руководство по эксплуатации
- Tineco FLOOR ONE S3 Breeze Руководство по эксплуатации
- VERTON TR-80 Руководство по эксплуатации
- Lex LWM06010WBLD Руководство по эксплуатации
- Атлант СМА 60 У 105-00 Руководство по эксплуатации
- Hiberg VM-4588 B Руководство по эксплуатации
- Kitfort КТ-6033 Руководство по эксплуатации
- Schaub Lorenz SLW BW8543 I Руководство по эксплуатации
- Kitfort КТ-6032-1 Руководство по эксплуатации
- Kitfort КТ-6032-2 Руководство по эксплуатации
- Oppo Reno11 12/256GB зеленый Руководство по эксплуатации
- Oppo Reno11 12/256GB Grey Руководство по эксплуатации
- Oppo Reno11 F 8/256GB Palm Green Руководство по эксплуатации
- Oppo Reno11 F 8/256GB голубой Руководство по эксплуатации
- VIVO Y03 4/128GB Мятный зелёный Руководство по эксплуатации