Huawei nova 12SE 8/256GB White Руководство по эксплуатации онлайн [8/10] 874420
![Huawei nova 12SE 8/256GB White Руководство по эксплуатации онлайн [8/10] 874420](/views2/2113687/page8/bg8.png)
• Есту қабілетінің ықтимал зақымдалуын болдырмау
үшін жоғары дыбыс деңгейінде ұзақ уақыт бойы тыңдамаңыз.
• Қолайлы өнім температуралары: пайдалану үшін 0-35°C,
сақтау үшін –20-+45°C. Қолайлы адаптер температуралары:
пайдалану үшін
–10
-
+45
°C, сақтау үшін
–40
-
+70
°C. Ұсынылған
деңгейлерден жоғары немесе төмен температуралар
құрылғының зақымдалуына әкелуі мүмкін.
• Кардиостимуляторға кедергі келтіру ықтималын болдырмау
үшін кардиостимулятор өндірушілер құрылғы мен
кардиостимулятор арасында ең аз 15 см қашықтық
сақталғанын ұсынады. Егер кардиостимулятор пайдаланылса,
құрылғыны кардиостимулятордың қарама-қарсы жағында
ұстаңыз және құрылғыны алдыңғы қалтаңызда тасымаңыз.
• Құрылғыны пайдаланған кезде жергілікті заңдар мен
ережелерді орындаңыз. Апаттар қаупін азайту үшін көлік
жүргізу барысында сымсыз құрылғыңызды пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны шаңды, дымқыл немесе лас орында не магниттік
өріске жақын пайдалануға болмайды.
• Қуат ашасы ажырату құрылғысы ретінде пайдаланылады.
Ашалы жабдық үшін розетка оңай қол жететін болуы керек.
Расталған қуат адаптерлері мен зарядтағыштарды
пайдаланыңыз.
• Зарядтағышты пайдаланылмаған кезде электр розеткасынан
және құрылғыдан ажыратыңыз.
• Құрылғыны жанғыш немесе жарылғыш заттар сақталған
жерде (мысалы: жанармай құю бекеті, мұнай базасы немесе
химиялық зауыт) пайдаланбаңыз, сақтамаңыз немесе
тасымалдамаңыз. Құрылғыны осы орталарда пайдалану
жарылу немесе өрт қаупін арттырады.
• Батареяны өрттен, қатты ыстық көзінен және тік күн
жарығынан алыс сақтаңыз. Оны жылыту құрылғыларының
үстіне немесе ішіне қоймаңыз. Оны бөлшектеуге, өзгертуге,
лақтыруға немесе қысуға болмайды. Оған бөгде заттарды
салуға, оны сұйықтықтарға батыруға не оған сыртқы күш
немесе қысым салуға болмайды, себебі бұл оның ағуына,
қызып кетуіне, тұтануына немесе тіпті жарылуына себеп
болуы мүмкін.
• Өрт немесе электр тоғының соғу қаупін азайту үшін адаптерге
немесе қосалқы құралдарға судың немесе ылғалдың әсерін
тигізбеңіз. Адаптерді микротолқынды пеш, пеш немесе
радиатор сияқты жылу көздеріне жақын қоймаңыз. Адаптерге
немесе құрылғыға ылғалды қолдармен тимеңіз. Бұл қысқа
тұйықталу, бұзылу немесе электр тоғының соғу жағдайларына
әкелуі мүмкін. Адаптерді өздігіңізден бөлшектеуге немесе
жөндеуге болмайды. Ақаулық анықталса, адаптерді қуат көзі
мен құрылғыдан ажыратып, көмек алу үшін өкілетті сервистік
орталыққа немесе дилерге хабарласыңыз.
• Құрылғыңызды пайдалануыңыз медициналық құрылғы
жұмысына кедергі келтіретінін анықтау үшін дәрігерге және
құрылғы өндірушісіне хабарласыңыз.
• Ауруханалар мен денсаулықты сақтау мекемелері орнатқан
ережелерді немесе нормаларды ұстаныңыз.
• Балаларға арналған барлық қауіпсіздік ережелерін ұстаныңыз.
Адаптер мен оның сымы ойыншықтар емес. Кейбір
адаптерлердің сымдары жұтып қою қаупін төндіреді. Оны
балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Балалардың адаптерді
немесе сымын аузына салуына рұқсат бермеңіз. Бұл адаптер
мен сым балалардың пайдалануына арналмаған.
• Батареяны өз бетіңізбен ауыстыруға әрекет етпеңіз, сіз
батареяға зақым келтіріп, бұл қызып кетуге, өртке және
жарақатқа себеп болуы мүмкін. Құрылғыға кірістірілген
7
Похожие устройства
- Wifit WF003BK Руководство по эксплуатации
- Huawei nova 12s 8/256GB White Руководство по эксплуатации
- Panasonic MK-GB3WTQ Руководство по эксплуатации
- Panasonic MK-GH3WTQ Руководство по эксплуатации
- ADATA SD810 1TB SD810-1000G-CBK Руководство по эксплуатации
- ADATA SD810 4TB SD810-4000G-CSG Руководство по эксплуатации
- Samsung T7 Shield 2TB (MU-PE2T0R/WW) Руководство по эксплуатации
- Haier HHX-Y64TFVB Руководство по эксплуатации
- a.eco JDG12-50 12В 50Ач Руководство по эксплуатации
- a.eco JDG12-40 12В 40Ач Руководство по эксплуатации
- a.eco JPC12-100 12В 100Ач Руководство по эксплуатации
- VMMGAME MAROON OT-D06PE Руководство по эксплуатации
- Kitfort КТ-7409 Руководство по эксплуатации
- Legrand LAMKEN 500 Руководство по эксплуатации
- Kitfort КТ-7408 Руководство по эксплуатации
- LG 23.8"/IPS/1920x1080/144Гц/черный (24GN65R-B) Руководство по эксплуатации
- Kitfort КТ-7244 Руководство по эксплуатации
- Kitfort КТ-1254 Руководство по эксплуатации
- LG 27"/IPS/2560x1440/144Гц/черный Руководство по эксплуатации
- LG 27"/OLED/2560x1440/240Гц/черный (27GR95QE-B) Руководство по эксплуатации