Karcher SC 1 Upright *EU (1.513-560.0) Руководство по эксплуатации онлайн [112/128] 874475

Karcher SC 1 Upright *EU (1.513-560.0) Руководство по эксплуатации онлайн [112/128] 874475
112 Қазақша
Жалпы нұсқаулар
Құрылғыны алғаш рет қолданбас
бұрын, осы пайдалану жөніндегі
түпнұсқа нұсқаулық пен берілген
қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды оқып шығыңыз.
Оларға сай əрекет етіңіз.
Екі кітапшаны да əрі қарай пайдалану немесе келесі
иесі үшін сақтап қойыңыз.
Мақсатына сəйкес қолдану
Құрылғыны үйдің жоғарғы температурасына,
қысымына жəне ылғалдылығына төзімді
болатындай қатты едендерді (тас едендер,
плиткалы жəне ПВХ едендері, сондай-ақ паркет
жəне ламинат сияқты тығыздалған ағаш едендер)
тазарту үшін үйде ғана пайдаланыңыз. Өңделмеген
тығынды едендер сияқты суға сезімтал жабындарды
тазаламаңыз (ылғал еніп, еденге зақым келтіруі
мүмкін).
Тазартқыш құралдар қажет емес.
Қоршаған ортаны қорғау
Орауыш материалдарын утилизациялауға
болады. Орауыштарды қоршаған ортаға
қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.
Электрлік жəне электрондық бұйымдардың
құрамында қате қолдану немесе
утилизациялау нəтижесінде адам
денсаулығына жəне қоршаған ортаға қауіп
төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі
материалдар жəне батареялар, аккумуляторлар
немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі.
Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше
пайдалану үшін қажет болады. Осы т
аңбамен
белгіленген құрылғыларды үй қоқыстарымен бірге
тастауға болмайды.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мəліметтерді мына мекенжай бойынша табуға
болады: www.kaercher.de/REACH
Керек-жарақ жəне қосалқы
бөлшектер
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы
бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың
қауіпсіз жəне апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік
болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жинағы
Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде
көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда
жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-
жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде
зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге
хабарласыңыз.
Қорғаныс құрал-жабдықтары
АБАЙЛАҢЫЗ
Жоқ немесе өзгертілген қорғаныс құрал-
жабдықтары
Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге
арналған.
Қорғаныс құрылғысын ешқашан өзгертпеңіз
немесе ажыратпаңыз.
Құрылғыдағы белгілер
(Құрылғы түріне байланысты)
Қауіпсіздік клапаны
Ақаулық нəтижесінде өте жоғары қысым
туындайтын болса, сақтандырғыш клапаны артық
қысымды қоршаған ортаға шығарады.
Созылмалы сақтандырғыш
Созылмалы сақтандырғыш құрылғының қызып
кетуінің алдын алады. Құрылғы қызып кеткен кезде
созылмалы сақтандырғыш оны желіден ажыратады.
Құрылғыны қайтадан іске қоспас бұрын, KÄRCHER
өкілетті тұтынушыларға қолдау қызметіне жүгініңіз.
Құрылғының сипаттамасы
Жабдықтың максималды саны осы пайдалану
нұсқауларында көрсетілген. Қолданылатын үлгіге
байланысты жеткізілетін жинақ құрамында
өзгешеліктер болады (қаптаманы қараңыз).
Суреттерін төмендегі графикалық кескіндер
бетінен таба аласыз.
Сурет A
1 Тұтқа
2 Кабель бекіткіші бар кабель ілгегі
3 Қақтан тазарту картриджі
4 Электрлік ашасы бар желі қосылымы
5 Буды ҚОСУ/ӨШІРУ тетігі
6 Құрылғының басы
7 Жабысқақ таспа
8 Қуат индикаторы
9 Су резервуары
10 Құрылғы тұтқасының құлпын ашу түймесі
11 Еден тазалайтын шүберек
Орнату
Құрылғы тұтқасын орнату
1. Құрылғы тұтқасының үш бөлігін бір-біріне өз
ретімен кигізіңіз. Орнына түскенде сырт еткен
дауыс шығуы керек.
2. Негізгі құрылғыны мықтап ұстап тұрыңыз.
Алғаш реті іске қосу ........................................... 113
Пайдалану.......................................................... 113
Қолдануға арналған маңызды ескертулер....... 114
Қондырмаларды қолдану .................................. 115
Күтім жəне техникалық қызмет көрсету ........... 115
Ақауды жою нұсқаулығы.................................... 116
Кепілдік............................................................... 116
Техникалық мағлұматтар .................................. 116
Күю қаупі бар, жұмыс кезінде
құрылғының беті қызады
Будан күю қаупі бар
Пайдалану нұсқаулығын оқып
шығыңыз

Похожие устройства

Скачать