Darina 0V5 BDE112 708 W1 Руководство по эксплуатации онлайн [15/28] 876219
![Darina 0V5 BDE112 708 W1 Руководство по эксплуатации онлайн [15/28] 876219](/views2/2115504/page15/bgf.png)
KZ
Пайдалану бойынша нұсқаулық BDE112 00 000 РЭ U
12
1. МАҢЫЗДЫ ҰСЫНЫСТАР
Біздің электршкафлар үнемі жетілдіріледі, олардың сипаттамалары жақсартылады,
дизайны жаңартылады, сондықтан Сіз сатып алған плита осы Пайдалану бойынша
нұсқаулықта келтірілген суреттерден жəне белгіленулерден біршама ерекшеленуі мүмкін.
Сатып алу кезінде қаптаманы шешіңіз жəне жапсарлас электршкаф
зақымдалмағандығына көз жеткізіңіз, жабдықталуы осы пайдалану бойынша
басшылықтың мұқабасындағы кестеге сəйкес келетіндегіне, жиынтықталған
жəне сауда ұйымының кепілдік міндеттерінде «Сату туралы куəлік» жəне
кепілдік талондары дұрыс толтырылғандығына көз жеткізіңіз. Электршкафның
дайындалған күні, айы жəне жылы «Қабылдау туралы куəлік» бөлімінде кепілдік
міндеттерде көрсетілген.
■ Жапсарлас электршкафын орнату, дұрыс пайдалану жəне қызмет көрсету бойынша маңызды
ақпараты бар осы басшылықты назар қойып оқыңыз (бұдан əрі электршкаф).
■ Басшылықты сақтаңыз, ол туындаған мəселелерді шешуге көмектесуі мүмкін.
■ Дұрыс қосылмаған электршкаф сенімді жəне қауіпсіз жұмысты қамтамасыз етпейді жəне
жазатайым жағдайларға соқтыруы мүмкін,
сонымен қатар Сізді кепілдік қызмет алу мүмкіндігінен айыруы мүмкін.
■ Бұл аспап дене, жүйке жүйесі немесе психологиялық ауытқулары бар адамдарға (сонымен қоса
балаларға) немесе жеткіліксіз тəжірибесі мен білімі бар адамдарға, тек осындай адамдардың
қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлғамен осы аспапты пайдалануға қатысты оларға нұсқаулық беру
жүргізілген жағдайлар болмаса, қолдануға арналмаған. Балалардың аспаппен ойнауын болдырмас
мақсатында оларды қарап отыру керек.
■ Электршкафын қолданатын тұлғалар электр аспаптарымен қауіпсіз қолдану ережелерін білуге
жəне осы басшылықты оқуға міндетті.
■
Электршкаф тек үй жағдайында ғана пайдалануға арналған.
■ Егер электр желісінің сипаттамасы плитаның артқы жағында орналасқан, фирмалық тақташада
көрсетілген сипаттамаларға сəйкес келмесе, электршкафты қолдануға тыйым салынады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электршкафтардың модельдері электр тоғы соғудан І
санатты қорғаныс бойынша жасалған жəне резеткеге жерге тұйықтау арқылы
қосылуы керек.
2. ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
■
Өрт шыққан жағдайда электршкафты электр желісінен ажырату керек, 01 телефоны
бойынша өрт қызметін шақыру керек жəне өртті сөндіру бойынша шараларды қолдану керек.
■
Егер электршкафтың жанында электр желісіне қосылған тұрмыстық электр аспаптары болса
(электроттық, тостер, кофе ұнтақтағыш жəне т.б.), оның сымы электршкафтың ыстық есігімен
қысылмағандығына көз жеткізіңіз.
■
Кернеудегі электр өнімдерін сумен сөндіруге қатаң тыйым салынады.
■
Пайдалану кезінде аспап қатты қызады. Қуыру электршкафының ішіндегі жылыту
элементтеріне жақындаудан абай болыңыз.
Өрттің туындауын болдырмас үшін қатаң түрде ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
- Бұзылған электршкафты қолдануға.
- Жұмыс жасап тұрғын электршкафты қараусыз қалдыруға.
- Электршкафты бөлмені жылыту үшін қолдануға.
- Электршкафтың жанында тез жанатын заттарды ұстауға (жаңғыш заттар, аэрозольдер,
қағаз, мата жəне т.б.).
- Жұмыс жасап тұрғын электршкафқа балаларды жіберуге.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электршкафтарын пайдаланумен байланысты аса
көп таралған жазатайым жағдайлар күйіктер болып табылады. Əдетте олар
электршкафтың ыстық бөлшектеріне тиіп кеткен кездерде орын алады.
■
Абай болыңыздар жəне өз балаларыңызға ерекше назар сала отырыңыз, ең жақсысы электршкаф
жұмыс жасап тұрғанда немесе суып тұрғанда оларды ас бөлмеге жібермеңіз.
!
!
!
!
Похожие устройства
- Бирюса H920NF Руководство по эксплуатации
- Бирюса H960NF Руководство по эксплуатации
- Бирюса B960NF Руководство по эксплуатации
- Pozis 410-1 Руководство по эксплуатации
- Galaxy Line GL 4647 Руководство по эксплуатации
- Kitfort КТ-7217 Руководство по эксплуатации
- Hyundai HYT-4307 Руководство по эксплуатации
- Kenwood JE680 Руководство по эксплуатации
- Honor Choice Pencil для HONOR Pad 9 (MAL-HP00) Руководство по эксплуатации
- Kitfort КТ-7211 Руководство по эксплуатации
- Elica NIKOLATESLA LIBRA WH/F/83 Руководство по эксплуатации
- Hyundai HYTP-3232 Руководство по эксплуатации
- Tecno Spark 20 Pro+ 8/256GB Gold Руководство по эксплуатации
- Dreame Trouver K10 Руководство по эксплуатации
- Dreame Trouver K10 Pro Руководство по эксплуатации
- Asus TUF Gaming A15 Руководство по эксплуатации
- Pioneer WB426B Руководство по эксплуатации
- Pioneer WB304B Руководство по эксплуатации
- Pioneer WB304S Руководство по эксплуатации
- Pioneer WB304W Руководство по эксплуатации