Dyson 877262 Руководство по эксплуатации онлайн [3/29] 877262
![Dyson 877262 Руководство по эксплуатации онлайн [3/29] 877262](/views2/2116548/page3/bg3.png)
тұлғаның қатысуымен немесе жауапты тұлғадан қауіптерді түсіну шартымен құрылғыны қауіпсіз
пайдалану үшін нұсқаулар алғаннан кейін ғана пайдалана алады. Балаларды құрылғыны тазалау
және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындау барысында бақылаусыз қалдыруға
болмайды.
2. Бұл құрылғы ойыншық емес. Құралды балалардың жанында пайдаланған кезде өте сақ болыңыз.
Балалар құрылғыны ересектердің тұрақты бақылауымен ғана пайдалана алады. Балаларға
құрылғымен ойнауға рұқсат етілмейді.
3. Осы нұсқаулықта көрсетілген немесе Dyson тұтынушыларды қолдау қызметі ұсынғаннан басқа
ешбір қызметті орындамаңыз.
4. Тек құрғақ жерлерде пайдалануға арналған. Сыртта немесе дымқыл беттерде қолданбаңыз.
5. Құрылғыны немесе қуат ашасын дымқыл қолмен ұстамаңыз.
6. Құрылғыны зақымдалған қуат немесе ашасы бар кабелді қолданбаңыз. Қауіпсіз жұмысты
қамтамасыз ету үшін зақымдалған кабельді Dyson маманы, Dyson қызмет көрсету агенті немесе
тиісті біліктілігі бар маман ауыстыруы керек.
7. Құрылғы дұрыс жұмыс істемесе, зақымданған, суланған немесе суға түсіп кеткен болса, күйік, түтін
иісі шықса, оны қолданбаңыз. Жөндеу немесе ауыстыру үшін Dyson сервистік қызметіне
хабарласыңыз.
8. Қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындағанда, Dyson қолдау
қызметіне хабарласыңыз. Құрылғыны өзіңіз бөлшектемеңіз. Бұл жағдайда өрт шығу себебі немесе
ток соғу қауіпі болу мүмкін.
9. Кабельді тым қатты созбаңыз немесе тартпаңыз. Кабельді ыстық беттерден алыс ұстаңыз.
Кабельді есіктерге қыспаңыз немесе өткір жиектерге немесе бұрыштарға орамаңыз. Кабельді
жүретін жолдарға немесе оны басуға немесе басылатын жерлерге қоймаңыз. Сымды қыспаңыз.
10. Шаңсорғышты өшіру барысында кабельді тартпаңыз. Шаңсорғышты электр желісінен
ажыратқанда, кабельден емес, ашасынан ұстаңыз. Ұзартқыш құралдарды пайдалану
ұсынылмайды.
11. Бұл шаңсорғышты сұйықтықтарды тазалау үшін пайдаланбаңыз.
12. Шаңсорғышты бензин сияқты жанғыш немесе жарылғыш сұйықтықтарды тазалау үшін
пайдаланбаңыз және шаңсорғышты мұндай сұйықтықтар немесе олардан шыққан булар болуы
мүмкін жерлерде пайдаланбаңыз.
13. Шаңсорғышты темекі, сіріңке немесе ыстық күл сияқты жанып жатқан немесе тұтанған
қалдықтарды жинау үшін пайдаланбаңыз.
14. Шашты, киімді, саусақтарды және дененің басқа мүшелерін щетка сияқты шаңсорғыштың
тесіктерінен немесе қозғалатын бөліктерінен алыс ұстаңыз. Шаңсорғыштың шлангісін, түтігін және
саптамаларын көзге немесе құлаққа бағыттамаңыз және оларды аузыңызға салмаңыз.
15. Саңылауларға ешбір затты салмаңыз. Егер оның саңылаулары бітеліп қалса, құрылғыны
пайдаланбаңыз; шаң, қоқыс, шаш және т.б. ауа ағынының еркін өтуіне кедергі келтірмейтініне көз
жеткізіңіз.
16. Тек Dyson ұсынған аксессуарлар мен бөлшектерді пайдаланыңыз.
17. Мөлдір контейнер немесе сүзгілер орнатылмайынша, шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
18. Ұзақ уақыт пайдаланбаған кезде және техникалық қызмет көрсету немесе ағымдағы жөндеу
жұмыстарын жүргізу алдында қуат сымын розеткадан ажыратыңыз.
19. Баспалдақтарды тазалау кезінде өте сақ болыңыз.
20. Бұл құрылғыны ашық ауада, ванна бөлмесінде немесе бассейннен 3 метр қашықтықта орнатуға,
қуаттауға немесе пайдалануға болмайды. Оны дымқыл беттерде қолданбаңыз және ылғалға,
жаңбырға немесе қарға шығармаңыз.
21. Осы Dyson құрылғысын қуаттау үшін тек Dyson қуаттау құрылғыларын пайдалану керек. Тек Dyson
аккумуляторларын пайдаланыңыз: аккумуляторлардың басқа түрлері жарылып, жарақаттар мен
материалдық шығынға әкелуі мүмкін.
22. ӨРТ ҚАУІПІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ - бұл өнімді пештің немесе кез келген басқа ыстық беттің үстіне
немесе жанына қоймаңыз және қатты зақымдалған болса да, бұл құрылғыны өртемеңіз.
Похожие устройства
- LAUF DW-459 Руководство по эксплуатации
- LAUF DW-609 Руководство по эксплуатации
- Dyson V15S Detect Submarine SV47 Руководство по эксплуатации
- Bosch WAN24200ME Руководство по эксплуатации
- Bosch BFL7221B1 Руководство по эксплуатации
- Bosch BFL623MW3 Serie 2 Руководство по эксплуатации
- Neoclima Fast 1500w Руководство по эксплуатации
- Brayer BR1307 Руководство по эксплуатации
- Suunto Sonic Lime Руководство по эксплуатации
- Suunto Race Stainless Midnight Руководство по эксплуатации
- Suunto RACE Titanium Charcoal Grey Руководство по эксплуатации
- Suunto RACE All Black Руководство по эксплуатации
- Galaxy LINE GL 2142 Руководство по эксплуатации
- Suunto Sonic Black Руководство по эксплуатации
- Suunto Wing Black Руководство по эксплуатации
- Rowenta Signature Pro Ac CV7810F0 Руководство по эксплуатации
- Arte Lamp MARRIOT A5039AP-1CC Руководство по эксплуатации
- Samsung WW80AG6S28AELD Руководство по эксплуатации
- Clever&Clean HV - Jet100 Руководство по эксплуатации
- Blackton Bt HB421PS Руководство по эксплуатации