Candy CCRN6200WD Руководство по эксплуатации онлайн [10/22] 877654

Candy CCRN6200WD Руководство по эксплуатации онлайн [10/22] 877654
KZ
10
ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
Орналастыру орны
Монтаждау ережелері мен шарттары:
Тоңазытқышты күн сәулесі тікелей түспейтін, тоңазытқыштың есіктерін оңай және ыңғайлы ашуға болатын тегіс және қатты жерге
орнату керек. Егер тоңазытқыш тегіс емес жерге қойылса, тіреуіш ретінде біркелкі, берік және отқа төзімді материалдарды пайдалану
керек. Тоңазытқыш сәл тұрақсыз болса, реттелетін тоңазытқыш аяқтарын сағат тілімен немесе сағат тіліне қарсы бұру арқылы ұзартуға
немесе қысқартуға болады.
Дұрыс жұмыс істеуі үшін тоңазытқыш аздап артқа еңкейтілген - дизайн ерекшелігі.
Сақтау ережелері және тасымалдау:
Қапталған тоңазытқыш тік қалпында 80%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылықта, табиғи желдетілетін жабық бөлмеде
сақталуы тиіс.
Тоңазытқыш ұзақ уақыт желіден ажыратулы тұрған кезде, ішіндегі азық-түлікті алып тастап, камераны тазалаңыз. Камераларда
жағымсыз иістің пайда болмауы үшін, тазалап болған соң, есіктерін аздап ашып қойыңыз.
Тоңазытқышты көлік құралының ішінде ықтимал соққы алуын, жылжуы мен құлап түсуін болдырмау үшін, сенімді етіп бекітіп, кез
келген жабық көлік түрінде тік күйінде тасымалдау керек.
Өткізу: Өткізу шарттары елдің жергілікті заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Пайдалану алдындағы дайындық
Қаптаманы, көбікпласт негізді және аксессуарларды бекітетін жабысқақ таспаны алып тастаңыз. Ілеспе құжаттама мен аксессу-
арларды тексеріңіз. Жинақтамада алшақтық болған жағдайда, сатып алған сәттен бастап 14 күн ішінде дүкенге хабарласыңыз. Тоңа-
зытқышты тиісті орынға жылжытыңыз – «Орналастыру орны» тарауын қараңыз. Пайдаланар алдында корпусты тазалап алыңыз. Ішіне
азық-түлікті салудан бұрын, ылғал жұмсақ шүберекпен тоңазытқыштың сыртқы және ішкі бетін тазалаңыз. Тоңазытқыш біршама уақыт
жұмыс істеп, тоңазытқыштың бөлігі жеткілікті шамада суыған соң, тоңазытқышқа азық-түлікті салуға болады.
Сипаты
Бұл схема сіз сатып алған тоңазытқыштың жинақтамасынан біршама ерекшеленуі мүмкін.
ФУНКЦИЯЛАРЫ
1) Ішкі жарықдиодты жарықтандыру
2) Реттелетін сөрелер
3) Есік балкондары
4) Жеміс көкөніс қорабы
5) Жұмыртқа ұстағыш
6) Мұздатқыш қораптар
7) Реттелетін аяқтар
Тоңазытқыштың жұмыс режимдерін басқару панелі
CCRN6200SD* / CCRN6200WD*
Дисплейдің басқару тақтасындағы негізгі түймелердің мәнін сипаттау:
(A) «Демалыс»/ «Holiday» режимін қосу/өшіру түймесі
(B) Мұздатқыштың температурасын реттеу түймесі/ «Super Freez
(C) «Автоматты орнату/ Auto Set» функциясын қосу/өшіру түймесі
(D) Салқындатқыштың температурасын реттеу түймесі/ «Super Cool»
(E) Дисплейді құлыптау/құлыптан босату түймесі
(F) Температураны қолмен реттеу түймесі
Дисплейдің басқару тақтасындағы индикаторлар мен белгішелердің
мәнін сипаттау:
(a) «Демалыс»/«Holiday» режимін іске қосу индикаторы
(b) Мұздатқыштың сандық температура индикаторлары
(c) «Автоматты орнату» / «Auto Set» функциясын іске қосу индикаторы
(d) Мұздатқыштың сандық температура индикаторлары
(e) Дисплейді құлыптау/құлыптан босату индикаторы
(f) Температураны қолмен реттеу функциясының индикаторы