Honor MagicBook Pro 16 Ultra 5 24+1T Purple 5301AJJE Руководство по эксплуатации онлайн [4/12] 877900
![Honor MagicBook Pro 16 Ultra 5 24+1T Purple 5301AJJE Руководство по эксплуатации онлайн [4/12] 877900](/views2/2117186/page4/bg4.png)
Қазақ тілі
Құрылғыны пайдалану алдында https://www.hihonor.com/global/suppo/ сайтындағы соңғы пайдаланушы
нұсқаулығын қарап шығыңыз және жүктеп алыңыз.
Қуатты қосу және зарядтау
Компьютерді алғаш рет пайдаланған кезде, оны жай ғана қуат көзіне тығып, оны қосыңыз.
Компьютерді қайта қосқан кезде, пернетақта жанғанша қуат түймесін басып тұрыңыз.
Компьютерде кірістірілген қайта зарядталатын батарея бар және сіз оны бірге келген адаптер мен
зарядтау кабелін пайдаланып зарядтай аласыз. Зарядтау барысында индикатор ақ түсте жыпылықтайды.
Мәжбүрлеп өшіру: Қуат түймесін басып, 10 аса секунд бойы ұстап тұрыңыз. Бұл сақталмаған деректердің
жоғалуына әкелетінін ескеріңіз.
Қауіпсіздік туралы ақпарат
• Есту қабілетінің ықтимал зақымдалуын болдырмау үшін жоғары дыбыс деңгейінде ұзақ уақыт
бойы тыңдамаңыз.
• Құрылғыңызды пайдалануыңыз медициналық құрылғы жұмысына кедергі келтіретінін анықтау үшін
дәрігерге және құрылғы өндірушісіне хабарласыңыз.
• Құрылғыны шаңды, дымқыл немесе лас орында не магниттік өріске жақын пайдалануға болмайды.
• Қолайлы температуралар: пайдалану үшін 0-35°C, сақтау үшін -10-+45°C.
• Зарядтау кезінде адаптер жақын розеткаға қосылуы керек әрі оңай қол жететін болуы керек.
Мақұлданған қуат адаптерлері мен зарядтағыштарды пайдаланыңыз.
• Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмаса, зарядтағышты электр розеткалары мен құрылғыдан
ажыратыңыз.
• Батареяны өрттен, қатты ыстық көзінен және тік күн жарығынан алыс сақтаңыз. Оны жылыту
құрылғыларының үстіне немесе ішіне қоймаңыз. Оны бөлшектеуге, өзгертуге, лақтыруға немесе қысуға
болмайды. Оған бөгде нысандарды салуға, оны сұйықтықтарға батыруға не оған сыртқы күш немесе
қысым салуға болмайды, себебі бұл оның ағуына, қызып кетуіне, тұтануына немесе тіпті жарылуына
себеп болуы мүмкін.
• Батареяны өз бетіңізбен ауыстыруға әрекет етпеңіз, батареяға зақым келтіріп, қызып кетуге, өртке
және жарақатқа себеп болуы мүмкін. Құрылғыға кірістірілген батареяға Honor немесе өкілетті қызмет
көрсетуші қызмет көрсетуі керек.
Жою және қайта өңдеу туралы ақпарат
Өнімдегі, батареядағы, оқулықтағы немесе бумадағы таңба өнімдер мен батареяларды қызмет
мерзімі соңында жергілікті органдар көрсеткен бөлек қоқыс жинау пункттеріне апару керектігін білдіреді.
Бұл таңба EEE қоқысының құнды материалдарды сақтайтын және адам денсаулығы мен қоршаған ортаны
қорғайтын жолмен өңделуін және қайта өңделуін қамтамасыз етеді. Қосымша ақпарат алу үшін жергілікті
билік органдарына, сатушыға немесе тұрмыстық қоқысты жою қызметіне хабарласыңыз немесе
https://www.hihonor.com/
веб-сайтына кіріңіз.
РЖ экспозициясы туралы ақпарат
10 грамм тінге 2,0 Вт/кг МСК лимитін қабылдаған елдерге арналған. Құрылғы денеңізден 0.0 см қашық
қолданылғанда RF техникалық сипаттарына сәйкес келеді.
DRA-54/DRA-74: Ең жоғары хабарланған МСК мәні: дене МСК: 0.71 Вт/кг.
ЕО регламенттеріне сәйкестік
Осылайша, Honor Device Co., Ltd. компаниясы бұл DRA-54/DRA-74 құрылғының мына директиваға сәйкес
екенін мәлімдейді: RED 2014/53/EU, RoHS 2011/65/EU, ErP 2009/125/EC. ЕО сәйкестік декларациясының
толық мәтіні, ErP туралы толық ақпарат және керек-жарақтар мен бағдарламалық құрал туралы ең соңғы
ақпарат мына интернет мекенжайында қолжетімді:
https://www.hihonor.com/global/legal/ceication/
.
5 ГГц диапазонындағы шектеулер:
5150-5350 МГц жиіліктер ауқымы тек ғимарат ішінде қолдануға шектелген: AT, BE, BG, CH, CY, CZ, DE, DK,
EE, EL, ES, FI, FR, HR, HU, IE, IS, IT, LI, LT, LU, LV, MT, NL, NO, PL, PT, RO, SE, SI, SK, TR, UK(NI).
Жиілік диапазондары және қуат
Bluetooth 2.4GHz: 20dBm, Wi-Fi 2.4GHz: 20dBm, Wi-Fi 5G: 5150-5350MHz: 20dBm, 5650-5725MHz: 20dBm,
5725-5850MHz: 14dBm.
2
Похожие устройства
- Honor MagicBook Pro 16 Ultra 5 24+1T White 5301AJJG Руководство по эксплуатации
- Samsung QE55LS03BAUXCE Руководство по эксплуатации
- Jura Cool Control, 1 л Black Руководство по эксплуатации
- Radiotehnika Alfa 1.02 Black Руководство по эксплуатации
- Levenhuk Ermenrich Seek VE40 Руководство по эксплуатации
- Levenhuk Ermenrich Seek VE60 Руководство по эксплуатации
- Divinare 8030/17 LM-18 Руководство по эксплуатации
- Divinare 8030/17 LM-50 Руководство по эксплуатации
- Divinare 8108/01 LM-6 Руководство по эксплуатации
- Arte Lamp A7046SP-1BK Руководство по эксплуатации
- Arte Lamp A2222SP-3BK Руководство по эксплуатации
- Arte Lamp SHINE A2222SP-1BK Руководство по эксплуатации
- Arte Lamp A2221SP-1BR Руководство по эксплуатации
- Arte Lamp A1868SP-2PB Руководство по эксплуатации
- Arte Lamp A1134SP-7PB Руководство по эксплуатации
- Arte Lamp Evelyn A4073LM-7PB Руководство по эксплуатации
- Arte Lamp A4078LM-6GO Руководство по эксплуатации
- Arte Lamp Lilly A4070LM-9GO Руководство по эксплуатации
- Arte Lamp Lilly A4070LM-12GO Руководство по эксплуатации
- Arte Lamp A4077SP-10GO Руководство по эксплуатации