Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [103/140] 879997

Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [103/140] 879997
Қазақша 33
Қысқа толқынды пешті пайдалану
Код/тағам
Порция
мөлшері
Ұсыныстар
5-35
Көкөністер
қосылған
пісірілген
күркетауық
400 - 450 г
Ингредиенттер
200 г күркетауық сүбесі, ½ сәбіз, ½ шағын кәді,
½ пияз, 250 мл сорпа, дәміне қарай тұз, қарай бұрыш
Нұсқаулар
Барлық көкөністі жуыңыз, кәдіні дөңгелек етіп және сәбіз,
пиязды орташа өлшемді тілімдерге тураңыз. Көкөністерді
шұңғыл тостағанға салыңыз, үстіне туралған күркетауық
етін салып, сорпа құйыңыз. Дәміне қарай тұз және бұрыш
қосыңыз. Оларды қысқа толқынды пешке салыңыз. Іске
қосу түймесін басыңыз.
5-36
Пісірілген
картоп
2 дана
Ингредиенттер
1 - 2 дана үлкен картоп (160 - 200 г)
Нұсқаулар
Аршылған картопты су қоспай шұңғыл емес тәрелкеге
салыңыз да, оны тамаққа арналған пленкамен жабыңыз.
Оларды қысқа толқынды пешке салыңыз. Іске қосу
түймесін басыңыз. Дастарханға ұсынбас бұрын сары май,
қаймақ, ірімшік немесе дәміне қарай басқа дәмдеуіштерді
қосыңыз.
5-37
Рататуй
300 - 350 г
Ингредиенттер
2 шағын сәбіз, ½ кәді, 1 болгар бұрышы, 1 орташа пияз,
1 түйір сарымсақ, 2 ас қасық қызанақ пюресі, 150 мл
көкөніс сорпасы, 2 шымшым құрғақ орегано, дәміне қарай
тұз
Нұсқаулар
Көкөністерді жуып, тазалап, бір жағынан шамамен
1 см шағын текшелерге тураңыз. Сорпаны қызанақ
пюресімен араластырыңыз, тұз және үгітілген сарымсақ
түйірін қосыңыз. Барлық ингредиентті араластырыңыз.
Көкөністерді керамикалық немесе шыны тостағанға
салыңыз. Қызанақ тұздығын құйыңыз және қақпақпен
жабыңыз. Оларды қысқа толқынды пешке салыңыз. Іске
қосу түймесін басыңыз. Пісіргеннен кейін дайын рататуйға
кептірілген орегано себіңіз.
Код/тағам
Порция
мөлшері
Ұсыныстар
5-38
Бұрынғы
орыс стилінде
дайндалатын
балық
500 - 600 г
Ингредиенттер
200 г көксерке немесе нәлім, ½ қызылша, 1 пияз,
½ сәбіз, 100 г қаймақ, 1 ас қасық қызанақ пастасы,
1 ас қасық ұн, 180 мл су, дәміне қарай тұз, қара бұрыш
Нұсқаулар
Пиязды, сәбізді және қызылшаны жуып, тазалап,
орташа өлшемді таяқшаларға кесіңіз, содан кейін
араластырыңыз. Дайындалған көкөністерді тостағанға
салыңыз, су құйыңыз, тұз және қара бұрыш себіңіз.
Оларды қысқа толқынды пешке салыңыз. Іске қосу
түймесін басыңыз. Дыбыстық сигнал бергенде, оларды
шығарыңыз. Балықтың сүйегін тазартып, оны шағын
порция бөліктеріне бөліңіз. Тұздықты көкөністер қоспасы
бар тостағанға қосыңыз, үстіне балықты жайыңыз. Оларды
қысқа толқынды пешке салыңыз. Іске қосу түймесін қайта
басыңыз.
Тұздық дайындаңыз: бөлек тостағанда қаймақ, қызанақ
пастасы, ұнды араластырыңыз, кішкене тұз және бұрыш
қосыңыз.