Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [111/140] 879997

Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [111/140] 879997
Қазақша 41
Қысқа толқынды пешті пайдалану
Қысқа толқындармен жылыту және гриль режимін біріктіру
Сонымен қоса бір уақытта тағамды жылдам және қызартып пісіру үшін қысқа
толқынмен жылыту және гриль режимін біріктіруге болады.
ЕСКЕРТПЕ
ӘРДАЙЫМ қысқа толқынды пештерге арналған және пешке төзімді ыдысты
пайдаланыңыз. Шыны немесе керамикалық тәрелкелер өте қолайлы, өйткені олар
қысқа толқындардың тағамға біркелкі енуіне мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ
Қысқа толқынды пештегі ыдыстарды ӘРДАЙЫМ пешке арналған қолғаппен ұстаңыз,
себебі олар өте ыстық болады.
Жоғарғы торда пісіруді және гриль режимінде пісіруді жақсартуға болады.
Есікті ашыңыз. Тағамды пісірілетін тағам түріне ең қолайлы болып табылатын торға
қойыңыз. Торды айналмалы табақтың үстіне қойыңыз. Есікті жабыңыз.
1
1. Комби түймесін 3 секунд басыңыз.
Нәтиже: Келесі көрсеткіштер көрсетіледі:
Cb - 1
(Қысқа толқын +
гриль)
2
3
4
5
2. Дисплейде Cb-1 көрсеткіші көрсетілгеннен
кейін Көп функциялы таңдау тетігі түймесін
басыңыз.
Нәтиже: Келесі көрсеткіштер көрсетіледі:
(Қысқа толқын және
гриль комби режимі)
3. Көп функциялы таңдау тетігі түймесін
бұрау арқылы пісіру уақытын орнатыңыз.
Максималды пісіру уақыты — 60 минут.
Сол кезде пісіру уақытын орнату үшін
Көп функциялы таңдау тетігі түймесін
басыңыз.
Гриль режимінде температураны орнату
мүмкін емес.
4. Сәйкес шығыс қуаты (600, 450, 300, 180,
100 Вт) көрсетілгенше, Көп функциялы
таңдау тетігі түймесін бұрау арқылы сәйкес
қуат деңгейін таңдаңыз.
5. Старт/+30с (Іске қосу/+30с) түймесін
басыңыз.
Нәтиже: Біріктіріп пісіру басталады.
Ол аяқталғанда.
1) Дисплейде «0» көрсетіледі.
2) Қысқа толқынды пеш 4 рет дыбыстық
сигнал береді.
3) Аяқталғаны туралы еске салу сигналы 3 рет
(минутына бір рет) дыбыстық сигнал береді.