Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [119/140] 879997

Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [119/140] 879997
Қазақша 49
Қысқа толқынды пешті пайдалану
Samsung тіркелгісі
Қолданбаны пайдалану үшін Samsung тіркелгіңізді тіркеу қажет. Samsung тіркелгіңіз
болмаса, тегін Samsung тіркелгісін жасау үшін қолданбаның экрандық нұсқауларын
орындаңыз.
Іске қосу
Қосу қажет құрылғыны (тоңазытқыш, қысқа толқынды пеш, т.б.) қосыңыз,
телефоныңыздағы SmartThings қолданбасын ашып, төмендегі нұсқауларды
орындаңыз.
Жаңа құрылғы табылғанын көрсететін қалқымалы терезе пайда болса, ҚАЗІР ҚОСУ
түймесін түртіңіз.
Қалқымалы терезе пайда болмаса, + түймесін түртіп, қолжетімді құрылғылар тізімінен
қосу қажет құрылғыны таңдаңыз.
Құрылғыңыз қолжетімді құрылғылар тізімінде болмаса, құрылғы түрін таңдап, содан
кейін арнайы құрылғы үлгісін таңдау арқылы құрылғыны қолмен қосыңыз.
Құрылғыны орнату нұсқауларын орындаңыз.
1. Samsung тіркелгіңізге кіріңіз (егер әлі кірмеген болсаңыз).
2. Құрылғыны қосыңыз.
3. Қосылымды тексеріңіз.
4. Wi-Fi желісін тауып, оған қосылыңыз.
5. Құрылғыны тіркеңіз.
6. Орнату аяқталды. Құрылғыңыз енді Менің құрылғыларым экранында карта ретінде
пайда болады.
Қысқа толқынды пешті қашықтан басқару
Қысқа толқынды пешті қашықтан басқару үшін SmartThings қолданбасындағы Қысқа
толқынды пеш белгішесін таңдаңыз. Қысқа толқынды пешті басқару экраны пайда
болады.
Қысқа толқынды пешті қашықтан басқару үшін Samsung Bixby, Amazon Alexa немесе
Google Assistants сияқты дауысты тану көмекшілерін де пайдалануға болады.
SmartThings қолданбасымен бақылау.
Қысқа толқынды пештің күйін тексеріңіз.
SmartThings
Орнату
Google Play Store, Galaxy Store немесе Apple App Store дүкендеріне кіріп,
«SmartThings» деп іздеңіз. Samsung Electronics ұсынған SmartThings қолданбасын
смарт құрылғыңызға жүктеп алып, орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
SmartThings қолданбасының қолдау көрсетілетін бағдарламалық жасақтама
нұсқасы өндіруші ұсынатын ОЖ (Операциялық жүйе) қолдау көрсету саясатына
сәйкес өзгертілуі мүмкін.
Сонымен қатар SmartThings қолданбасына немесе қолданба қолдау көрсететін
функцияларға келетін болсақ, қолданыстағы ОЖ нұсқасындағы жаңа қолданбаны
жаңарту саясаты пайдалану ыңғайлылығы немесе қауіпсіздік себептеріне
байланысты тоқтатылуы мүмкін.
SmartThings қолданбасы пайдалану ыңғайлылығын немесе өнімділікті жақсарту
үшін ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Ұялы телефонның ОЖ нұсқасы жыл сайын
жаңартылатындықтан, SmartThings қолданбасы да соңғы ОЖ нұсқасына сәйкес
үнемі жаңартылып отырады.
Жоғарыда аталған тармақтарға қатысты сұрақтарыңыз болса, бізге st.service@
samsung.com мекенжайы бойынша хабарласыңыз
Ұсынылатын шифрлау жүйелеріне WPA/TKIP және WPA2/AES кіреді. Кез келген
жаңа немесе стандартты емес Wi-Fi аутентификация протоколдарына қолдау
көрсетілмейді.
Сымсыз желілерге қоршаған сымсыз байланыс ортасы әсер етуі мүмкін.
Интернет провайдеріңіз сәйкестендіру үшін компьютердің немесе модемнің MAC
мекенжайын тіркеген болса, құрылғыңыз интернетке қосылмауы мүмкін. Егер бұл
орын алса, техникалық көмек алу үшін интернет провайдеріңізге хабарласыңыз.
Желілік жүйенің брандмауэр параметрлері құрылғының интернетке кіруіне
кедергі келтіруі мүмкін. Техникалық көмек алу үшін интернет провайдеріңізге
хабарласыңыз. Бұл симптом жалғаса берсе, жергілікті Samsung қызмет көрсету
орталығына немесе сатушыға хабарласыңыз.
Сымсыз кіру нүктесі (AP) параметрлерін конфигурациялау үшін AP
(маршрутизатор) пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Құрылғы IEEE 802.11 b/g/n және Soft-AP протоколдары бар 2,4 ГГц Wi-Fi желісіне
қолдау көрсетеді. (IEEE 802.11 n ұсынылады.)
Рұқсат етілмеген сымсыз Wi-Fi маршрутизаторлары тиісті құрылғыға қосылмауы
мүмкін.