Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [122/140] 879997

Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [122/140] 879997
52 Қазақша
Пісіру нұсқаулығы
Ыдыстарды пайдалану нұсқаулығы
Ыдыстар
Қысқа
толқынды
пештерге
арналған
Түсініктемелер
Пластик
Контейнерлер
Әсіресе ыстыққа төзімді термопластик
болған жағдайда. Кейбір басқа пластиктар
жоғары температурада бұзылуы немесе
түсі өзгеруі мүмкін. Меламинді пластикті
пайдаланбаңыз.
Тамаққа арналған
пленкалар
Ылғалды сақтау үшін пайдалануға болады.
Тамаққа қол тигізбеу керек. Ыстық бу
шыққандықтан пленканы алып тастағанда
абай болыңыз.
Мұздатқыш
пакеттер
Қайнатуға немесе пеште пайдалануға
болатын жағдайда ғана пайдалануға
болады. Ауа өткізбейтін болмауы керек.
Қажет болса, шанышқымен шаншыңыз.
Балауыз немесе май
өткізбейтін қағаз
Ылғалды сақтау және шашырауды
болдырмау үшін пайдалануға болады.
: Ұсынылады
: Сақ болыңыз : Қауіпті
Пісіру нұсқаулығы
Қысқа толқындар
Қысқа толқынды энергия тамаққа еніп, оның құрамындағы су, май және қант арқылы
тартылады және сіңеді.
Қысқа толқындар тамақтағы молекулалардың тез қозғалуына әкеледі. Бұл
молекулалардың тез қозғалуы үйкеліс тудырады және нәтижесінде пайда болатын
қызу тамақты пісіреді.
Пісіру
Қысқа толқынды пешке арналған ыдыстар:
жоғары тиімділік үшін қысқа толқынды энергия ыдыстар арқылы өткізілуі керек.
Қысқа толқындар тот баспайтын болат, алюминий және мыс сияқты металдармен
шағылысады, бірақ керамикадан, шыныдан, фарфор және пластиктен, қағаз бен
ағаштан өте алады.
Сондықтан металдардан жасалған контейнерлерде тамақ пісірілмеуі керек.
Қысқа толқынды пешке жарамды тағамдар:
тағамның көптеген түрлері қысқа толқынды пешке жарамды, соның ішінде балғын
немесе мұздатылған көкөністер, жемістер, макарон өнімдері, күріш, жарма,
бұршақ, балық және ет. Қысқа толқынды пеште тұздықтарды, пісірілетін кремдерді,
сорпаларды, буда пісірілетін пудингтерді, консервілерді және чатнилерді де пісіруге
болады. Жалпы айтқанда, әдетте қысқа толқынды пеш пеште пісірілетін кез келген
тағам үшін қолайлы. Мысалы, майды немесе шоколадты ерітуге болады (кеңестер,
әдістер және сыбырлар бар тарауды қараңыз).
Пісіру барысында жабу
Тағамды пісіру барысында жабу аса маңызды, себебі су бу түрінде көтеріліп, пісіру
процесіне ықпал етеді. Тағамды әртүрлі тәсілдермен жабуға болады: мысалы,
керамикалық табақ, пластикалық қақпақ немесе қысқа толқынды пешке арналған
пленка.
Қоя тұру уақыты
Пісіргеннен кейін тағамның ішіндегі температураны теңдестіру үшін қоя тұру
маңызды болып табылады.