Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [126/140] 879997
![Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [126/140] 879997](/views2/2119283/page126/bg7e.png)
56 Қазақша
Пісіру нұсқаулығы
Пісіру нұсқаулығы
араластырыңыз немесе аударыстырыңыз. Мүмкін болса, дастарханға қояр алдында
қайта араластырыңыз.
Сұйықтықтарды және балаларға арналған тағамдарды жылытқан кезде, ерекше абай
болыңыз. Сұйықтықтардың қайнап, тасып, сондай-ақ ықтимал күйіп кетпеуі үшін
жылыту алдында, кезінде және жылытқаннан кейін араластырыңыз. Оларды тоқтаған
қысқа толқынды пеш ішінде ұстаңыз. Сұйықтықтарға пластик қасық немесе шыны
таяқша салып қойған жөн. Тағамның қатты ысып кетуіне (және соның себебінен
бұзылуына) жол бермеңіз. Қажет болса, пісіру уақытын азайтып, қосымша жылыту
уақытын қосқан дұрыс.
Жылыту және қоя тұру уақыты
Тағамды алғаш рет жылытқан кезде, кейінгі пайдалану үшін жұмыс уақытын белгілеп
алған жөн.
Жылытылған тағамның әрдайым толығымен ысығанына көз жеткізіңіз.
Жылытқаннан кейін, температурасы біркелкі болғанша тағамды аз уақыт қоя тұрыңыз.
Кестеде басқа уақыт ұсынылмаса, жылытқаннан кейінгі ұсынылатын қоя тұру уақыты
2 - 4 минут.
Сұйықтықтарды және балаларға арналған тағамды жылытқан кезде, ерекше абай
болыңыз. Сондай-ақ қауіпсіздік шаралары бар тарауды қараңыз.
Сұйықтықтарды жылыту
Температурасы біркелкі болу үшін қысқа толқынды пешті өшіргеннен кейін
әрдайым кем дегенде 20 секунд тұра тұруына мүмкіндік беріңіз. Жылыту кезінде
араластырыңыз, егер қажет болса, жылытқаннан кейін ӘРДАЙЫМ араластырыңыз.
Қайнап, тасып, сондай-ақ ықтимал күйіп кетуін болдырмау үшін сусынға қасық
немесе шыны таяқша салып, жылыту алдында, кезінде және одан кейін араластыру
қажет.
Балаларға арналған тағамды жылыту
Балаларға арналған тағам:
Шұңғыл керамикалық тәрелкеге салыңыз. Пластик қақпақпен жабыңыз.
Жылытқаннан кейін жақсылап араластырыңыз! Дастарханға ұсынбас бұрын
2 - 3 минут қоя тұрыңыз. Қайта араластырып, температурасын тексеріңіз. Ұсынылатын
дастарханға қою температурасы: 30 - 40 °C аралығында.
Балаларға арналған сүт:
Сүтті стерильді шыны бөтелкеге құйыңыз. Беті ашық күйінде жылытыңыз. Баланы
тамақтандыруға арналған бөтелкені еш уақытта емізігі кигізілген күйде жылытпаңыз,
әйтпесе қатты қызып кеткен жағдайда, бөтелке сынып кетуі мүмкін. Қоя тұру
уақытынан бұрын жақсылап шайқаңыз және беру алдында тағы шайқаңыз! Балаға
сүтін немесе тамағын бермес бұрын әрдайым оның температурасын мұқият
тексеріңіз. Ұсынылатын беру температурасы: шамамен 37 °C.
Ескерту:
Күйіп қалуын болдырмау үшін беру алдында, әсіресе балаларға арналған тағамды
мұқият тексеру қажет. Келесі кестедегі қуат деңгейлері мен уақыттарды жылыту
нұсқаулары ретінде пайдаланыңыз.
Похожие устройства
- Samsung GE88SUB/BW Руководство по эксплуатации
- Anker PCore 321 MagGo 5K A1616 BK черный Руководство по эксплуатации
- Samsung MS23K3513AK/BW Руководство по эксплуатации
- Gorenje BM201AG1X Руководство по эксплуатации
- Pioneer PBS1004 Руководство по эксплуатации
- Elikor ECO 50 BK Руководство по эксплуатации
- Gorenje BM201AG1X Руководство по эксплуатации
- Elikor ECO 60 BK Руководство по эксплуатации
- Elikor ECO 50 WH Руководство по эксплуатации
- Aqara Door and Window Sensor T1 (DW-S03D) Руководство по эксплуатации
- Philips FC8243/09 Руководство по эксплуатации
- Philips GC6815/20 Руководство по эксплуатации
- Garlyn SR-500 Руководство по эксплуатации
- Garlyn HB-C Руководство по эксплуатации
- Garlyn GST-08 Pro Руководство по эксплуатации
- Kitfort КТ-3442 Руководство по эксплуатации
- Garlyn SM-3000 Руководство по эксплуатации
- uGreen PB312 20000mA Руководство по эксплуатации
- Garlyn PM-2000 Руководство по эксплуатации
- Garlyn L2000 Руководство по эксплуатации
Скачать
Случайные обсуждения