Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [128/140] 879997

Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [128/140] 879997
58 Қазақша
Пісіру нұсқаулығы
Пісіру нұсқаулығы
Балаларға арналған тағам мен сүтті жылыту
Осы кестедегі қуат деңгейлері мен уақыттарды жылыту нұсқаулары ретінде
пайдаланыңыз.
Тағам Порция мөлшері
Қуат
(Вт) Уақыт
Балалар тағамы
(көкөністер + ет)
190 г 600 30 сек.
Нұсқаулар
Керамикалық шұңғыл тәрелкеге салыңыз. Қақпағын жауып пісіріңіз.
Пісіру уақытынан кейін араластырыңыз.
Дастарханға қоймас бұрын, жақсылап араластырыңыз және
температурасын мұқият тексеріңіз.
2 - 3 минут тұрғаннан кейін әзірлеңіз.
Балалар ботқасы
(дән + сүт + жеміс)
190 г 600 20 сек.
Нұсқаулар
Керамикалық шұңғыл тәрелкеге салыңыз. Қақпағын жауып пісіріңіз.
Пісіру уақытынан кейін араластырыңыз.
Дастарханға қоймас бұрын, жақсылап араластырыңыз және
температурасын мұқият тексеріңіз.
2 - 3 минут тұрғаннан кейін әзірлеңіз.
Балалардың
қоректік қоспасы:
100 мл
300
30 - 40 сек.
200 мл
1 мин. - 1 мин.
10 сек.
Нұсқаулар
Жақсылап араластырыңыз немесе шайқаңыз және стерильденген
шыны бөтелкеге құйыңыз. Айналмалы табақтың ортасына қойыңыз.
Қақпағын жаппай пісіріңіз. Ұсынбас бұрын, жақсылап шайқаңыз
және температурасын мұқият тексеріңіз. 2 - 3 минут тұрғаннан кейін
әзірлеңіз.
Еріту
Қысқа толқынды пештер мұздатылған тағамды ерітудің ең керемет жолы. Қысқа
толқынды пештер мұздатылған тағамды қысқа уақыт ішінде оңай жібітеді. Үйге аяқ
астынан қонақ келіп қалса, тигізер пайдасы орасан.
Мұздатылған құс етін пісіру алдында мұқият еріту керек. Жібіген кездегі сұйықтықты
төгу үшін кез келген металл бекіткіші мен орауышын алып тастаңыз.
Мұздатылған тағамды қақпағы жоқ ыдысқа салыңыз. Жартылай аударып, сұйықтығын
төгіңіз де, ішек-қарнын мүмкіндігінше тезірек алып тастаңыз. Жылымағанына көз
жеткізу үшін арасында тағамды тексеріп тұрыңыз.
Мұздатылған тағамның шағын әрі жұқа бөліктері жіби бастаса, еріту кезінде айналасына
алюминий фольганың шағын қабатын орау арқылы жауып қоюға болады.
Құс етінің сыртқы беті ери бастаса, ерітуді тоқтатып, жалғастырмас бұрын 20 минуттай
қоя тұрыңыз.
Ерітуді аяқтау үшін балықты, етті және құсты қоя тұрыңыз. Толық жібу үшін тұру уақыты
жібітілетін заттың көлеміне байланысты әртүрлі болады. Төмендегі кестені қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Тағамның жұқа бөлігі қалың бөлігіне қарағанда тезірек жібиді және шағынырақ
көлемдегі тағамның жібуіне үлкен көлемділеріне қарағанда аз уақыт кетеді. Тағамды
қатыру және еріту кезінде осы кеңесті есте сақтаңыз.
Шамамен -18 және -20 °C аралығындағы температурада қатырылған тағамды еріту
үшін келесі кестені нұсқау ретінде пайдаланыңыз.
Тағам Порция мөлшері Қуат (Вт) Уақыт (мин.)
Ет
Тартылған ет 250 г
500 г
180 6 - 7
8 - 13
Пісірілген ветчина 250 г 180 7 - 8
Нұсқаулар
Етті айналмалы табаққа қойыңыз. Жіңішке шеттерін алюминий
фольгамен жауып тастаңыз. Еріту уақытының жартысы өткенде
аударыңыз!
15 - 30 минут қоя тұрғаннан кейін, үстелге тартыңыз.