Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [130/140] 879997

Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [130/140] 879997
60 Қазақша
Пісіру нұсқаулығы
Пісіру нұсқаулығы
Гриль
Грильді қыздыру элементі ішкі бөлік төбесінің төменгі жағында орналасқан. Ол есік
жабық және айналмалы табақ айналып тұрған кезде жұмыс істейді. Айналмалы табақ
айналған кезде, тағам біркелкі қызарады. Грильді 3 - 5 минут алдын ала қыздырған
кезде, тағамды неғұрлым жылдам қызартады.
Грильде қуыруға арналған ыдыс:
Отқа төзімді және құрамында металл болуы керек. Пластик ыдыстың ешбір түрін
пайдаланбаңыз, себебі ол балқиды.
Грильде қуыруға ыңғайлы тағамдар:
Туралған ет, шұжық, стейктер, гамбургерлер, бекон және ветчинаның жұқа тілімдері,
балықтың жұқа бөліктері, сэндвичтер мен дәмқосарлары бар қызартылған нан
тілімінің барлық түрі.
Маңызды ескерту:
Тек гриль режимін пайдаланған кезде, басқа нұсқау ұсынылмаса, тағамды жоғарғы
торға орналастыру керек.
Қысқа толқын + гриль
Бұл пісіру режимі грильден шығатын сәулелену жылуын қысқа толқынды пісіру
жылдамдығымен біріктіреді. Ол тек есік жабық және айналмалы табақ айналып
тұрған кезде жұмыс істейді.
Айналмалы науаның айналғанына қарай, тағам біркелкі қызарады.
Қысқа толқын + гриль режимінде пісіруге арналған ыдыс
Қысқа толқындар өтетін ыдысты пайдаланыңыз. Ыдыс отқа төзімді болуы керек.
Біріктіру режимі бар металл ыдысты пайдаланбаңыз. Пластик ыдыстың ешбір түрін
пайдаланбаңыз, себебі ол балқиды.
Қысқа толқын + гриль режимінде пісіруге жарамды тағамдар:
Біріктіру режимінде пісіруге жарамды тағамдарға жылыту мен қызартуды қажет
ететін барлық пісірілген тағам түрі (мыс., пісірілген макарон), сондай-ақ тағамның
үстіңгі жағын қызарту үшін аз ғана уақыт кететін тағамдар жатады. Сондай-ақ бұл
режимді сырты қызарып әрі қытырлақ болып пісетін (мыс., пісіру кезінде аудару
қажет тауық бөліктері) қалың тағам бөліктері үшін пайдалануға болады. Қосымша
мәліметтер алу үшін гриль кестесін қараңыз.
Маңызды ескерту:
Біріктіру режимін (қысқа толқын + гриль) пайдаланған кезде, басқа нұсқау
ұсынылмаса, тағамды жоғарғы торға орналастыру керек. Келесі кестедегі
нұсқауларды қараңыз.
Екі жағын да қызарту қажет болса, тағамды аудару керек.
Балғын тағамдарға арналған гриль нұсқаулығы
Грильді гриль функциясы көмегімен 2 - 3 минут алдын ала жылытыңыз.
Осы кестедегі қуат деңгейлері мен уақыттарды грильде қуыру нұсқаулары ретінде
пайдаланыңыз.
Алған кезде, пешке арналған қолғапты пайдаланыңыз.
Тағам Порция мөлшері Қуат
1-қадам
(мин.)
2-қадам
(мин.)
Тост тілімдері
4 дана
(әрқайсысы 25 г)
Тек гриль 4 - 4 ½ 3 - 4
Нұсқаулар
Тост тілімдерін жоғарғы торға қатарынан қойыңыз.
Грильде пісірілген
қызанақтар
400 г (2 дана) 300 Вт + гриль 6 - 8 -
Нұсқаулар
Қызанақтарды екіге бөліңіз. Үстіне сәл ірімшік салыңыз.
Жалпақ шыны Pyrex тәрелкесінде шеңбер бойымен
орналастырыңыз. Оны жоғарғы торға орналастырыңыз.
2 - 3 минутқа қоя тұрыңыз.
Қызанақ және
ірімшік салынған
тост
4 дана (300 г) 300 Вт + гриль 5 ½ - 7 ½ -
Нұсқаулар
Алдымен нан тілімдерін қызартып қуырыңыз. Тостты
қоспасымен жоғарғы торға қойыңыз. 2 - 3 минутқа қоя тұрыңыз.
Гавай тосты
(ветчина, ананас,
ірімшік тілімдері)
4 дана (500 г) 300 Вт + гриль 6 - 8 -
Нұсқаулар
Алдымен нан тілімдерін қызартып қуырыңыз. Тостты
қоспасымен жоғарғы торға қойыңыз. 2 - 3 минутқа қоя тұрыңыз.