Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [80/140] 879997
![Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [80/140] 879997](/views2/2119283/page80/bg50.png)
10 Қазақша
Техникалық қызмет көрсету
Ауыстыру (жөндеу)
ЕСКЕРТУ
Бұл микротолқынды пештің ішінде пайдаланушы ағытып алуға болатын ешбір
бөлшек жоқ. Микротолқынды пешті өзіңіз жөндеуге немесе бөлшектерін ауыстыруға
әрекеттенбеңіз.
• Топсаларға, тығыздағышқа, және/немесе есікке қатысты мәселе туындаса, білікті
техникке немесе жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласып,
техникалық көмек алыңыз.
• Егер жарықтама шамын ауыстырғыңыз келсе, жергілікті Samsung қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз. Өзіңіз ауыстырмаңыз.
• Егер микротолқынды пештің сыртқы корпусына қатысты мәселе туындаса, әуелі
қуат сымын қуат көзінен ағытып, содан кейін жергілікті Samsung қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Ұзақ уақыт пайдаланбаған кезде күтім көрсету
Егер микротолқынды пешті ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, қуат сымын ағытып,
микротолқынды пешті құрғақ, шаңы жоқ жерге қойыңыз. Микротолқынды пештің
ішіне жиналып қалатын ылғал және шаң микротолқынды пештің жұмысына әсер етуі
мүмкін.
Тазалау
Микротолқынды пештің ішіне немесе үстіне қоқыс жиналып қалмау үшін
микротолқынды пешті мезгіл-мезгіл тазалаңыз. Сонымен қатар, есікке, есіктің
тығыздағышына және бұрылмалы табаққа және айналмалы шығырыққа
(қолданылатын үлгілерге ғана қатысты) аса назар аударыңыз.
Егер есік оңай ашылып немесе жабылмаса, әуелі есіктің тығыздағыштарына қоқыс
тұрып қалмағанын тексеріңіз. Микротолқынды пештің ішкі және сыртқы беттерін
тазалау үшін жұмсақ шүберек пен сабынды суды пайдаланыңыз. Шайыңыз да, мұқият
құрғатыңыз.
Микротолқынды пештің ішіндегі иістенген, қатып қалған қоқыстарды тазалау үшін
1. Микротолқынды пеш бос тұрған кезде, бұрылмалы табақтың ортасына кесеге
ерітілген лимон шырынын қойыңыз.
2. Микротолқынды пешті ең жоғары қуат деңгейіне қойып 10 минут қыздырыңыз.
3. Цикл аяқталғаннан кейін микротолқынды пеш салқындағанша күтіңіз. Содан
кейін, есікті ашып, тағам пісіретін бөлікті тазалаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
• Есік пен есіктің тығыздағыштарын таза ұстаңыз және есіктің оңай ашылып
жабылатынына көз жеткізіңіз. Әйтпесе микротолқынды пештің қолданыс мерзімі
қысқаруы мүмкін.
• Микротолқынды пештің саңылауларына су шашыратпау үшін абай болыңыз.
• Тазалау үшін жеміргіш немесе химиялық заттарды пайдаланбаңыз.
• Микротолқынды пешті әр қолданып болған сайын микротолқынды пеш
салқындағанша күтіп, жұмсақ жуғыш затты пайдаланып тағам пісіретін бөлікті
тазалаңыз.
Техникалық қызмет көрсету
Похожие устройства
- Samsung GE88SUB/BW Руководство по эксплуатации
- Anker PCore 321 MagGo 5K A1616 BK черный Руководство по эксплуатации
- Samsung MS23K3513AK/BW Руководство по эксплуатации
- Gorenje BM201AG1X Руководство по эксплуатации
- Pioneer PBS1004 Руководство по эксплуатации
- Elikor ECO 50 BK Руководство по эксплуатации
- Gorenje BM201AG1X Руководство по эксплуатации
- Elikor ECO 60 BK Руководство по эксплуатации
- Elikor ECO 50 WH Руководство по эксплуатации
- Aqara Door and Window Sensor T1 (DW-S03D) Руководство по эксплуатации
- Philips FC8243/09 Руководство по эксплуатации
- Philips GC6815/20 Руководство по эксплуатации
- Garlyn SR-500 Руководство по эксплуатации
- Garlyn HB-C Руководство по эксплуатации
- Garlyn GST-08 Pro Руководство по эксплуатации
- Kitfort КТ-3442 Руководство по эксплуатации
- Garlyn SM-3000 Руководство по эксплуатации
- uGreen PB312 20000mA Руководство по эксплуатации
- Garlyn PM-2000 Руководство по эксплуатации
- Garlyn L2000 Руководство по эксплуатации
Скачать
Случайные обсуждения