Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [98/140] 879997

Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [98/140] 879997
28 Қазақша
Қысқа толқынды пешті пайдалану
Қысқа толқынды пешті пайдалану
Код/тағам
Порция
мөлшері
Ұсыныстар
5-15
Крупеник
400 - 500 г
Ингредиенттер
100 г қарақұмық жармасы, 100 г сүзбе, 60 г қаймақ, 70 г қант,
1 жұмыртқа, 2 бисквитті печенье, 100 мл су
Нұсқаулар
Қарақұмықты тостағанға салыңыз, оған су құйып, қысқа
толқынды пеште 600 ватт қуатта 5 минут пісіріңіз. Бисквитті
печеньені қолыңызбен ұсақтаңыз. Үгіндінің жартысын
пісіруге арналған қалыптың түбіне салыңыз. Шұңғыл
тостағанда қайнатылған қарақұмық, жұмыртқа, қант, сүзбені
араластырыңыз. Қамырды қалыпқа жайыңыз, қалған
үгінділерді үстіне себіңіз.
Оларды қысқа толқынды пешке салып, іске қосу түймесін
басыңыз.
Дастарханға қаймақпен ұсыныңыз.
Түскі ас
Код/тағам
Порция
мөлшері
Ұсыныстар
5-16
Борщ
700 - 750 г
Ингредиенттер
275 мл ет сорпасы, 150 г ақбас қырыққабат, ½ орташа пияз,
½ орташа өлшемдегі қызылша, ½ орташа сәбіз,
2 - 3 түйір сарымсақ, 2 шай қасық қызанақ пастасы,
2 - 3 ас қасық текшелеп туралған көк пияз, 1 лавр жапырағы,
дәміне қарай тұз және қара бұрыш, дастарханға ұсыну үшін
қаймақ
Нұсқаулар
Қырыққабатты, сәбізді және пиязды тазалап, жуыңыз.
Оларды ұзынша етіп жұқалап тураңыз. Барлық көкіністі үлкен
шыны тостағанға салыңыз және қайнаған сорпа құйыңыз.
Сорпаға тұз, бұрыш, лавр жапырағын қосып, араластырыңыз.
Қақпақпен немесе тамаққа арналған пленкамен жабыңыз.
Оларды қысқа толқынды пешке салып, іске қосу түймесін
басыңыз. Дайын сорпаға текшелеп туралған көк шөпті және
сарымсақты қосыңыз және қақпағын бірнеше минутқа
жауып қойыңыз.
Код/тағам
Порция
мөлшері
Ұсыныстар
5-17
Щи
1400 - 1500 г
Ингредиенттер
150 г ақбас қырыққабат, ½ сәбіз, 1 пияз, 3 шағын картоп,
1 ½ ас қасық қызанақ пастасы, 500 мл сиыр немесе тауық еті
сорпасы,
1 лавр жапырағы, дәміне қарай тұз және қара бұрыш
Нұсқаулар
Барлық көкөністі жуып, қабығын аршып, тураңыз:
қырыққабатты, пияз және сәбіздерді ұзынша, картопты
жұқалап тураңыз. Дайындалған көкөністерді шұңғыл
тостағанға салыңыз, сорпа құйыңыз. Оларды қысқа толқынды
пешке салып, іске қосу түймесін басыңыз. Дыбыстық
сигнал бергенде оларды шығарыңыз және сорпаға қызанақ
пастасын, лавр жапырағын қосыңыз. Дәміне қарай тұз және
бұрыш қосыңыз. Оларды қысқа толқынды пешке салып, іске
қосу түймесін қайта басыңыз.
Дастарханға ұсынбас бұрын 2 - 3 минут қоя тұрыңыз.
5-18
Ет қосылған
тұзды көже
500 - 600 г
Ингредиенттер
150 г сүр ет, 1 шағын шұжық, 1 шағын тұздалған қияр,
1 орташа пияз, 50 г зәйтүн, 1 - 1 ½ шай қасық тұздығы бар
каперс
2 ас қасық қызанақ пюресі, 250 - 300 мл кез келген дайын
сорпа
Нұсқаулар
Сүр етті жұқа, шұжықты жұқа дөңгелек етіп және пиязды
жартылай дөңгелектеп тураңыз. Сорпаны керамикалық
немесе шыны тостағанға құйыңыз, қызанақ пюресі және
туралған пиязды қосыңыз. Оларды қысқа толқынды пешке
салып, іске қосу түймесін басыңыз. Дыбыстық сигнал
бергенде оларды шығарып, шұжық пен сүр етті қосыңыз.
Жұқа таяқшаларға туралған тұздалған қияр, зәйтүндер,
каперсті қосып, барлығын араластырыңыз. Оларды қысқа
толқынды пешке салып, іске қосу түймесін қайта басыңыз.
Дастарханға ұсынбас бұрын 2 - 3 минут қоя тұрыңыз.