Samsung GE88SUB/BW Руководство по эксплуатации онлайн [100/160] 879998
![Samsung GE88SUB/BW Руководство по эксплуатации онлайн [100/160] 879998](/views2/2119284/page100/bg64.png)
Пешті іске пайдалану
20 Қазақ
Пешті іске пайдалану
4. АРНАЙЫ ТАҒАМ
Код Тағам Үстелге тарту
мөлшері
Құраластар
4-1 Ет толтырылған
болгар бұрышы
480-500 г
(2 дана)
(1) Болгар бұрышы – 2 дана (әр данасы 80г), тартылған ет
(сиырдың немесе шошқаның) - 150-190г (екі бөлікке бөліңіз),
пісірілген кәдімгі күріш – 10-20г, тұз – 5г, қара ұнтақ бұрыш – 0,5,
сиыр етінің сорпасы немесе құрғақ концентрат - 200 мл
(2) Тұздыққа арналған қоспа: Бидай - 5 г, қызанақ езбесі - 10 г,
су - 50 мл
< Ұсыныстар >
Күрішті тартылған етке қосыңыз. Дәмдеуіштер салып, қолыңызбен жақсылап араластырыңыз. Бұрыштың
өзегі мен дәндерін алыңыз. Бұрышқа ет толтырыңыз. Шараға салып, сорпаны құйыңыз(1). Пісіре бастаңыз.
Тұздыққа(2) араластырылатын құраластардың барлығын дайындаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген кезде,
тұздықты ет толтырылған бұрыштар салынған сорпаға құйыңыз. Аударыстырып, пісіруді жалғастырыңыз.
4-2 Расстегай 75 г (1 дана) (1) Мұздатылған, ашыған қамыр (2 төртбұрыш қалып) -
қалыптың ¼ бөлігі
(2) Толтырмасы: Кішкене-кішкене текшелеп туралған алабұға –
25 г, шампиньон, текшеленген -6 г, пісірілген кәдімгі күріш -4 г,
жұмыртқаның сарысы - үстіне жағу үшін ¼ бөлігі
< Ұсыныстар >
Қамырды жібітіңіз. Қамырды қажетті бөліктерге бөліңіз(1). Толтырма ретінде қолданылатын қоспалардың
барлығын араластырыңыз(2). Толтырманы қамырдың ортасына салыңыз. Кеме тәрізді пішінге келтіріп
түйіңіз. Жұмыртқаның сарысын жағыңыз. Табаққа салыңыз. Табақты гриль торына қойыңыз. Пісіре бастаңыз.
Тұмшапештен сигнал естілген кезде, бәлішті табақтан алып, балауызды қағазға қойыңыз. Балауызды қағаздағы
бәлішті гриль торына қойыңыз. Пісіру үрдісін жалғастырыңыз.
4-3 Нан қоқымдары
қосылған ірімшік
125 г (5 дана) Ірімшік - 125 г (4-5 дана, әр бірі 25 г), жұмыртқа - 0,5 дана,
нанның қоқымдары - 3-5 г
< Ұсыныстар >
Ірімшікті 5см x 5см текшеге бөліңіз. Жұмыртқаның сарысына салып, нан қоқымдарын себіңіз. Пешті Гриль
функциясымен 5мин алдын ала ысытыңыз. Ірімшікті балауыз қағазға қойыңыз. Содан кейін гриль торына
қойыңыз. Пісіре бастаңыз.
Код Тағам Үстелге тарту
мөлшері
Құраластар
4-4 Тауық кәуабы 280 г Тауық сирағының филесі - 380 г, қызанақ езбесі - 20 г, тұз - 5 г,
туралған сарымсақ - 3 г, май - 7 г, кәдімгі йогурт - 70 г, істіктер
< Ұсыныстар >
Филені 3см x 3см текшеге бөліңіз. Маринад қоспаларының барлығын араластырыңыз. Тауық филесін
маринадқа салыңыз. Істіктерге шаншыңыз. Табаққа салып, гриль торына қойыңыз. Пісіре бастаңыз.
4-5 Боярлар еті 260 г Туралған шошқаның мойыны - 280 г (4-ке бөлінген), тұз - 2 г,
қара ұнтақ бұрыш - 0,5 г, шампиньон тілімдері - 45 г, майонез
- 55 г
< Ұсыныстар >
Етке дәмдеуіштер қосыңыз. Етті табаққа салыңыз. Табақты гриль торының үстіне қойыңыз. Пісіре бастаңыз.
Тұмшапештен сигнал естілген кезде, еттің үстіне шампиньондарды салып, үстіне майонез құйыңыз. Пісіру
үрдісін жалғастырыңыз.
4-6 Ақсерке қосылған
самса
180 г Мұздатылған, ашыған қамыр - 130 г
Толтырмасы: Кішкене текшелеп туралған ақсерке филесі - 100
г, тұз - 1 г, табаға қуырылған, текшелеп туралған пияз - 20
г, кішкене текшелеп туралған, қайнатылған жұмыртқа - 30 г,
жұмыртқаның сарысы - 1 дана, жағу үшін
< Ұсыныстар >
Қамырды жібітіңіз. 2мм қалың етіп жайыңыз. Толтырма қоспаларының барлығын араластырыңыз. Толтырманы
қамырдың ортасына қойыңыз. Қамырдың шеттерін біріктіріп жапсырыңыз. Пішімге келтіріңіз. Біраз жерінен
тіліңіз. Жұмыртқаның сарысын үстіне жағыңыз. Пешті Гриль функциясымен 5мин алдын ала ысытыңыз. Осы
қамырды балауыз қағазға қойыңыз. Содан кейін гриль торына қойыңыз. Пісіре бастаңыз. Тұмшапештен сигнал
естілген кезде балауыз қағазды алыңыз. Камырды аударыңыз. Пісіру үрдісін жалғастырыңыз.
GE88SUB_BW_DE68-04559A-01_RU+UK+KK+UZ.indb 20 2/18/2019 5:32:55 PM
Похожие устройства
- Anker PCore 321 MagGo 5K A1616 BK черный Руководство по эксплуатации
- Samsung MS23K3513AK/BW Руководство по эксплуатации
- Gorenje BM201AG1X Руководство по эксплуатации
- Pioneer PBS1004 Руководство по эксплуатации
- Elikor ECO 50 BK Руководство по эксплуатации
- Gorenje BM201AG1X Руководство по эксплуатации
- Elikor ECO 60 BK Руководство по эксплуатации
- Elikor ECO 50 WH Руководство по эксплуатации
- Aqara Door and Window Sensor T1 (DW-S03D) Руководство по эксплуатации
- Philips FC8243/09 Руководство по эксплуатации
- Philips GC6815/20 Руководство по эксплуатации
- Garlyn SR-500 Руководство по эксплуатации
- Garlyn HB-C Руководство по эксплуатации
- Garlyn GST-08 Pro Руководство по эксплуатации
- Kitfort КТ-3442 Руководство по эксплуатации
- Garlyn SM-3000 Руководство по эксплуатации
- uGreen PB312 20000mA Руководство по эксплуатации
- Garlyn PM-2000 Руководство по эксплуатации
- Garlyn L2000 Руководство по эксплуатации
- Garlyn Aqua Base 3 Руководство по эксплуатации