Samsung GE88SUB/BW Руководство по эксплуатации онлайн [102/160] 879998

Samsung GE88SUB/BW Руководство по эксплуатации онлайн [102/160] 879998
Пешті іске пайдалану
22Қазақ
Пешті іске пайдалану
Автоматты түрде жылдам жібіту функциясын қолдану
Автоматты түрде жылдам жібіту функциясы етті, құс етін, балық немесе жеміс/жидекті жібітуге
көмектеседі. Жібіту уақыты мен қуат мәні автоматты түрде орнайды.
Тек бағдарлама мен салмақты таңдасаңыз жеткілікті.
ЕСКЕРТПЕ
Тек микротолқынға төзімді ыдыстарды ғана қолданыңыз.
Алдымен, мұздатылған тағамды бұрылмалы табақтың ортасына қойыңыз да, есікті жабыңыз.
1
1. Ускоренная разморозка (Жылдам жібіту)
түймешігін бір немесе бірнеше рет басып
пісірілетін тағамның түрін таңдаңыз.
(Қосымша ақпарат алу үшін, келесі беттегі кестеге
қараңыз).
2
3
2. Тағамның салмағын Төмен және Жоғары
түймешіктерін басып таңдаңыз. Максимум 1500 г
салмақты орнатуға болады.
3. СТАРТ/+30СЕК (БАСТАУ/+30с) түймешігін
басыңыз.
Жібіту басталады.
Пеш тағам жібітудің орта тұсына келгенде
сигнал береді де, тағамды аударатын уақыт
келгенін хабарлайды.
Тағам жібітуді аяқтау үшін СТАРТ/+30СЕК
(БАСТАУ/+30с) түймешігін қайта басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Сонымен қатар, тағамды қолдан жібітуге де болады. Ол үшін микротолқынмен пісіру/қыздыру
функциясын, 180 Вт қуат мәніне қойып таңдаңыз. Қосымша ақпаратты 12-шы беттегі “Пешті іске
пайдалану” тарауынан алыңыз.
Автоматты түрде жылдам жібіту функциясы
Келесі кестеде әртүрлі автоматты түрде жылдам жібіту бағдарламалары, тағамның мөлшері, қоя тұру
уақыты мен тиісті ұсыныстар берілген.
Тағамды жібітудің алдында орам материалдарының барлығын алыңыз. Ет, құс еті, балық, жеміс/
жидекті керамика табаққа салыңыз.
Код Тағам Мөлшері Қоя тұру
уақыты
Ұсыныстар
1 Ет 200-1500 г 20-90 мин Шеттерін алюминий фольгамен жабыңыз. Пеш
сигнал берген кезде етті аударыңыз. Бұл сиыр,
қой, шошқа етін, стейк, туралған ет, фаршталған
етті пісіруге жарайтын бағдарлама.
2 Құс еті 200-1500 г 20-90 мин Сирақтары мен қанаттарының ұшын алюминий
фольгамен жабыңыз. Пеш сигнал берген кезде
құс етін аударыңыз. Бұл бүтін тауықты да,
сонымен қатар бөлшектелген тауық етін де
пісіруге жарайтын бағдарлама.
3 Балық 200-1500 г 20-80 мин Бүтін балықтың құйырығын алюминий
фольгамен жабыңыз. Пеш сигнал берген
кезде балықты аударыңыз. Бұл бүтін балықты
да, балық филесін де пісіруге жарайтын
бағдарлама.
4 Жеміс/
Жидек
100-600 г 5-20 мин Жемістерді шыны табаққа біркелкі таратып
салыңыз. Тұмшапештен сигнал естілген кезде
жемістерді араластырыңыз. Бұл жемістердің
барлық түрлеріне сай келетін бағдарлама.
ЕСКЕРТПЕ
Тағамды қолдан жібіткіңіз келсе, 180 Вт қолдан жібіту функциясын таңдаңыз. Қолдан жібіту және жібіту
уақыты туралы қосымша ақпаратты 30-ші беттен қараңыз.
GE88SUB_BW_DE68-04559A-01_RU+UK+KK+UZ.indb 22 2/18/2019 5:32:55 PM
Скачать