Samsung GE88SUB/BW Руководство по эксплуатации онлайн [107/160] 879998

Samsung GE88SUB/BW Руководство по эксплуатации онлайн [107/160] 879998
Қазақ27
Тағам пісіруге қатысты ақыл-кеңес
Күріш және макарон пісіруге қатысты ақыл-кеңес
Күріш: Қақпағы бар үлкен шыны пирекс ыдысын қолданыңыз – пісірген кезде күріш екі есеге дейін
өседі. Бетін жауып пісіріңіз. Пісіріп болғаннан кейін, қоя тұрар алдында араластырыңыз немесе шөп не
сарымай қосыңыз.
Ескертпе: пісіру уақыты өткеннен кейін күріш судың барлығын сіңірмеуі мүмкін.
Макарон: Үлкен шыны пирекс шыныаяғын қолданыңыз. Қайнаған судан құйыңыз, бір шөкім тұз салып,
жақсылап араластырыңыз. Бетін жаппай пісіріңіз.
Пісіріп жатқанда, пісіріп болғаннан кейін ара-тұра араластырыңыз. Бетін жауып қоя тұрыңыз, содан
кейін суын әбден сорғытыңыз.
Тағам Мөлшері Қуат Уақыт
(мин)
Қоя тұру
уақыты (мин)
Нұсқаулар
Ақ күріш (Буға
ұсталған)
250 г 800 Вт 16-17 5 500 мл суық су қосыңыз.
Қоңыр күріш
(Буға ұсталған)
250 г 800 Вт 21-22 5 500 мл суық су қосыңыз.
Аралас күріш
(Күріш + Жабайы
өскен күріш)
250 г 800 Вт 17-18 5 500 мл суық су қосыңыз.
Аралас жүгері
(Күріш + Дәнді
дақыл)
250 г 800 Вт 18-19 5 400 мл суық су қосыңыз.
Макарон 250 г 800 Вт 11-12 5 1000 мл ыстық су қосыңыз.
Жас көкөністер пісіруге қатысты ақыл-кеңес
Қақпағы бар, жарамды шыны пирекс ыдысын қолданыңыз. Егер судың мөлшері басқаша
көрсетілмесе, әрбір 250 г-ға 30-45 мл суық су құйыңыз (2-3 ас қасық) – кестеге қараңыз. Аз уақыт
пісірілетін тағамның бетін жабыңыз – кестеге қараңыз. Қалаған нәтижеге жету үшін пісіруді
жалғастырыңыз. Пісіріп жатқанда бір рет, пісіріп болғаннан кейін бір рет араластырыңыз. Пісіріп
болғаннан кейін тұз, шөп немесе сары май қосыңыз.
Бетін жауып 3 минут қоя тұрыңыз.
Ақыл-кеңес: Жас көкөністерді біркелкі етіп тураңыз. Неғұрлым кішірек етіп турасаңыз, соғұрлым
тезірек піседі.
Жас көкөністердің барлығын толық микротолқын қуатымен (800 Вт) пісіру керек.
Тағам Мөлшері Уақыт
(мин)
Қоя тұру
уақыты (мин)
Нұсқаулар
Брокколи 250 г 4-4½ 3 Гүлдерін бірдей-бірдей етіп бөліңіз.
Сабақтарын ортаға қаратып салыңыз.
500 г 7-7½ 3
Брюссель
орамжапырағы
250 г 5½-6½ 3 60-75 мл (5-6 ас қасық) су қосыңыз.
Сәбіз 250 г 4½-5 3 Сәбіздерді бірдей мөлшерде кесіңіз.
Түрлі-түсті
орамжапырақ
250 г 5-5½ 3 Гүлдерін бірдей-бірдей етіп бөліңіз. Үлкен
гүлдерін екіге бөліңіз. Сабақтарын ортаға
қаратып салыңыз.
500 г 8½-9
Кәдіш 250 г 3½-4 3 Кәдішті жапырақтап тураңыз. 30 мл (2 ас
қасық) су құйыңыз немесе бір түйір май
салыңыз. Жұмсақ болғанша пісіріңіз.
Баклажан 250 г 3½-4 3 Баклажанды кішкене етіп жапырақтап
турап, 1 ас қасық лимон шырынын себіңіз.
Порей пиязы 250 г 4½-5 3 Порей пиязын қалың етіп жапырақтап
тураңыз.
Саңырауқұлақ 125 г 1½-2 3 Бүтін кішкене саңырауқұлақтарды немесе
туралған саңырауқұлақтарды алыңыз.
Су қоспаңыз. Лимон шырынын себіңіз.
Тұз, бұрыш салыңыз. Үстелге суын
сорғытқаннан кейін тартыңыз.
250 г 3-3½ 3
GE88SUB_BW_DE68-04559A-01_RU+UK+KK+UZ.indb 27 2/18/2019 5:32:57 PM
Скачать